Пән | ҚАЗАҚ ТІЛІ |
Сынып | 5 «Б» |
Тақырыбы: | Ашық сабақ «Жаз» |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік. | «Жаз» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру. Жыл мезгілдердің атауларын әңгіме арқылы пысықтау, білімдерін тереңдету. Сөздік қорларын молайту. Ы-І дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қайталау, сауатты жазуға дағдыландыру. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілдерін дамыту. |
Түзету. | Есте сақтау қабілеттерің, сөйлеу/сөйлесе алу дағдысын түзету. |
Тәрбиелік. | Жаз табиғатына сүйіспеншіліктерің арттыру. |
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ. |
Пәнаралық байланыс: | Айналадағы әлем, музыка сабағы. |
Меңгерілетін сөздер: | Жаз, маусым, шілде, тамыз, күн ыстық, күнге күйеді, демалады, саңырауқұлақ тереді. |
Көрнекі құралдар: | Презентация, интерактивті тақта, сөздік сөздер, карточкалар, оқулық. |
Сабақтың барысы: |
І.Ұйымдастыру кезеңі. | Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Тақтаға қарап оқыту. Білім алу мақсатымыз, Біліммен шықсын жақсы атымыз! |
ІІ.Фонетикалық сергіту сәті. | О-ө дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қайталау. Бұл қай әріп? іНіДЕ БАР, БАУЫРДА ЖОҚ. ЖЕҢіЛДЕ БАР, АУЫРДА ЖОҚ. |
Өткенді қайталау жұмысы. | Бір жылда неше жыл мезгілі бар? -Олар қандай? -Бір жылда неше ай бар? -Бұл қай мезгіл? Қыс -Бұл мереке қалай аталады? Жаңа жыл -Қыста күн қандай болады? -Бұл қай мереке? Наурыз мейрамы -Ол қай мезгілде болады? Көктемде -Балалар мектепке қай айда барады? -Ол қандай мезгіл? -Жаз деген не? |
ІІІ.Жаңа тақырып бойынша жұмыс: | 1. Cөйлесу: - Бұл қай жыл мезгілі? - Жаз келісімен балалар не істейді? - Олар не дейді? (интерактивті тақтадағы суретке қарап жауап бергізу, бір-бірін толықтыру) - Алақай, жаз келді! Балалар қуанышын білдіреді. 2. Біздің бүгінгі сабағымыз осы «Жаз» тақырыбына арналады. Жаңа сөздік сөздермен таныстырып, оқу. күн ыстық – день жаркий ойнайды – играют күнге күйеді – загорают саңырауқұлақ тереді – собирают грибы шомылады – купаются |
1.Суреттермен жұмыс. | 3. Суреттерге сөйлемдерді қосып әңгіме құру. Жазда ... күн ыстық шомылады күнге күйеді ойнайды саңырауқұлақ тереді |
2.Тақырыпты жалғастыру жұмысы. | 4. Аудиотаспадағы сөйлемдерді тындап оқу: Жазда күн ыстық болады. Жазда балалар көп ойнайды. Жазда балалар суға шомылады. Жазда балалар күнге күйеді. Тоғайда саңырауқұлақ тереді. 5.Тапсырмадағы сұрақ қойып жауабын бергізу. -Жазда күн қандай? -Жазда балалар не істейді? |
3.Сергіту сәті. | Жаттығу жасау. Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт - сарт – сарт, Шапалақ соғамыз. Тоңса менің аяғым, Етік киіп аламын. Топ – топ – топ, Топылдатып билеймін Тонса біздің денеміз Тонды киіп аламыз Зу – Зу – Зу Шанамен зулаймыз! |
4.Жұптық жұмыс. | 6. Тапсырмадағы сөздерді сәйкестендіріп оқу. саңырауқұлақ шомылады күнге ойнайды суға тереді көп күйеді күн айлары жаз ыстық |
5.Ұстазбен тақпақты мәнерлеп оқу жұмысы. | 7.Тақпақты оқып, сұрақтарға жауап беру. Жазда Жаз келіп жадырап, Балалар ойнайды. Далада асыр сап, Ойынға тоймайды. Көк шығып айнала, Құлпырып гүлдермен, Жер жүзі жайнайды, Құстар кеп сайрайды. - Тақпақ қалай аталады? - Тақпақ не туралы? |
6.Сабақта өткенді бекіту жұмысы. | 8.Деңгейлік тапсырмалар: 2 деңгей - сурет бойынша әңгіме құр; Жазда не болады? 3 деңгей - сөздерді оқып, сөйлем құр: күн, ыстық, болады, Жазда. саңырауқұлақ, Жазда, тереді, балалар. күнге, балалар, күйеді, Жазда. 4 деңгей - сөздерді оқып, жаз: Жаз, ыс-тық, мау-сым, шіл-де, та-мыз, са-ңы-рау-құ-лақ, ой-най-ды. |
IV.Сабақ қорытындысы. | Рефлексия. Ғаламтор арқылы сайраған құстардың, шулаған судын, жаз дыбыстарын ажырату. |
V. Баға қою. | Оқушылар сабаққа қатысуын, білімдерін өздері бағалайды. |
VI.Үй тапсырмасы. | Сөздік сөздерді есте сақтау. |