СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашы? саба? жоспары "Абайды? ?ара с?здері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Абайды? ?ара с?здері та?ырыбында ?ткізілген ашы? саба?ты? жоспары"

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? жоспары "Абайды? ?ара с?здері"»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абайдың қара сөздері»
Мақсаты:
Білімділік: Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздерді, нақыл сөздерді танып – білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дамытушылық: Оқушылар қара сөздерді жатқа айту арқылы сөзді қоры молаяды, дүниетанымы артады, өз ойларынан нақыл сөздер, өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті артады.
Тәрбиелік : Қара сөздерде кездесетін үлгі аларлық сөздердің мағынасын түсіне отырып, оқушылар жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге тәрбиеленеді.

Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, -

 Бәрі хормен айтады.

Психологиялық кідіріс.

Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерінен үзінді жинау арқылы сынып 3 жұпқа бөлінеді.

«Қыс»

1.Ақ киімді , денелі , ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

1.Үсті –басы -ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

«Күз»

2.Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

2.Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

«Жазғытұрым»

3.Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

3.Жан –жануар ,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

-Балалар, біз осы 3 мезгілде білім аламыз, соның қорытындысын бүгінгі сабақта толық көрсете алады деп мен сендерге сенім артамын.

І. Қызығушылықты ояту:
1. Ойын «Құрастырмақ ойыны» / оқушылар білім жайлы өлең жолдары жазылған әр түрлі бөліктерден құрауға қажетті жолдарды ретімен тауып жапсырады, өлең шумағын құрастырады/

2. Электронды оқулықтан тыңдату.

Инсерт кестесін тарату.
Не білемін?

Абай Құнанбаев кім?

Туған жері, туыстары жайлы

Өлеңдері

Қандай тақырыпта жазылған?

Әндері










Слайдпен таныстыру

«Жылдар сөйлейді»

Жылдар

Айтулы оқиғалар

1

1845

Абай атамыздың туылған жылы

2

1904

Абай атамыздың қайтыс болған жылы

3

1886-1889

Пушкиннен «Евгений Онегин» аударған

4

1888-1890

«Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» табиғат лирикасына арналған өлеңдерін жазды

5

1891

Інісі Оспан қайтыс болды

6

1895

Баласы Абдірахман дүниеден озды

7

1897-1898

Абай қазақтың әніне назар салып, музыка өнеріне мән берді

. Абай әндерінің бәрі – қазіргі нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты өлең - әні бар.

Абайдың қандай әндерін білеміз ?

«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қор болды жаным», «Алыстан сермеп», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Сен мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш»

Абай тек қана әнші, ақын ғана емес, күйші

Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?

( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)

Жақсыдан үйрен
● Адам бойындағы жақсы қасиеттер.
Адам: → Қайырымды, парасатты, терең ойлы, еңбекқор, адал, білімді, ізденгіш, инабатты, талапты
● Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер.
Адам: → Мақтаншақ, ұятсыз, қанағатсыз, білімсіз, рақымсыз, күншіл, надан, залым
Абайдың сөзі бойынша 5 асыл іс пен 5 дұшпанды жазғызу.

ІІ. Мағынаны тану.

  • Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап керсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қагазга жаза берейін, ақ қагаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ыншы қара сөзі қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз казақтардың тубі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

«Сегіз аяқ» , «ғылым таппай мақтанба», «бірінші қара сөзі», «он жетінші қара сөзі», «он сегізінші қара сөзі», «қалың елім,қазағым», «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы»

-Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей,

-ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз,

-білімдіден шыққан сөз,ақылдыға болар кез,

-білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл,

-болмасаңда ұқсап бақ,бір ғалымды көрсеңіз,

-дүние де өзі,мал да өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз,

-кімнің ұяты жоқ болса , оның иманы жоқ,

-махаббат,әділет,сезім


«10-шы қара сөзі», «19-шы қара сөзі», «25-ші қара сөзі», «30-шы қара сөзі»

-әкесінің баласы-адамның дұшпаны,адамның баласы-бауырың;

-құдайдан қорық,пендеден ұял,балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма;

-адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп,ұстап, татып адам болады.


«Жігіттер ойын арзан,күлкі қымбат», «қалың елім, қазағым, қайран жұртым».»

«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса,оның өзінің замандастарының бәрі виноват», «атаның баласы болма,адамның баласы бол, пайдаң еліңе,халқыңа тисін»


«24-ші сөз», «38-ші сөз», «39 –ші сөз», «6-шы сөзі», «7-ші сөзі», «44-ші сөзі».

-Егер ісім өнсін десең ретін тап,

-биік мансап-биік жартас,ерінбей еңбектеп жылан да шығады,екпіндеп ұшып қыран да шығады;

-адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді;

-әрбір ғалым, хакім емес, әрбір хакім-ғалым;

-бас басыңа би болсаң,манар тауға симассың, басалқыңыз бар болса,жанған отқа күймессің;

-бақпен асқан патшадан,мимен асқан қара артық;

-кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол;

-жүз күн атан болғанша,бір күн бура бол.

Видео тыңдату.
«.Абайдың қара сөздері»

Енді оқушылар өздері тауып келген Абай аталарының қара сөздерін оқиды.
Енді мақал-мәтелдерге берген Абайдың сынын білейік.

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

• Жарлы болсаң да, арлы болма

Қалауын тапса, қар жанады

Атың шықпаса, жер өрте

Алтын көрсе, періште
жолдан таяды

Ата-анадан мал тәтті, алтын
үйден жан тәтті.

Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені күрысын

Сүрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сүрау керек, не аққан терден сүрау керек.

Жер өртеп шығарған аттың несі мүрат?

Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сүмдығын қоштағалы айтқан

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антүрғанның тәтті дерлік не жаны бар?

Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?

Абайдың сөзіне байланысты мақал-мәтелмен танысайық.

р/с

Абайдың сөзі

Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақал-мәтелдерін тап

1.

Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың

Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.

2.

Жаман дос - көлеңке:

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бүлт шалса,

Іздеп таба алмайсың

Жақсыға шаң жуымас

Жаманға жан жуымас

Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,

Жаман күліп өтеді.

Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсің мұратқа

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа

Қорытындылау.
1. Абайдың он жетінші қара сөзін көрініс етіп көрсету.

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

/Абай

Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіне керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

  Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.

Үйге тапсырма

«Абай атаға хат» тақырыбында эссе жазып келу.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!