СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақтың тақырыбы;" Балабақша – біздің екінші үйіміз"!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала бақшам менің

Жаңа қадам жасадым

қош болып тур бесігім

мен қуаныш ашамын

балабақша есігін

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы;" Балабақша – біздің екінші үйіміз"!»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Күні: 04.09.18ж. Білім беру саласы:«Әлеуметтік». 
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты: 1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз). 2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. 3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қорытындылау. 
Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер, аспаз, медбике.
Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.

Шаттық шеңбер.


Балабақшам менің 
Жаңа қадам жасадым 
Қош болып тұр,бесігім 
Мен қуанып ашамын 
Балабақша есігін. 


Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды. 
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. 

Ұйымдастырушылық кезеңі

-Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық. 
-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма? 
-Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар. Сондықтан «Балабақша – біздің екінші үйіміз» деп айта аламыз. 


- Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін. 
Балабақша есігін 
Үшке тола ашқанбыз. 
Балапандай өсіріп, 
Мәпелейді бақшамыз. 
Бұл-екінші үйіміз, 
Бір тұғанбыз бәріміз, 
Біз-осы үйдің ғүліміз, 
Біз-осы үйдің сәніміз. 
Сұрақ – жауап 
-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған? 
-Сендерге балабақша несімен ұнайды?  


-Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз. 
Сергіту сәті. (әуенмен орындалады) 
Кел балақан, балақан 
Шапалақта алақан: 
Жай-жай-жай! 
Қозғап барлық денені 
Қолды қатты соқ енді: 
Сарт-сарт-сарт! 
Тықылдатып таяқты, 
Ақырын бас аяқты: 


Балалар сонымен қатар балабақшада медбике, аспар т.б қызметкерлер жұмыс істейді. Соның ішіндегі медбике және аспазбен танысайық.

Біздің балабақшадағы денсаулығымызды қадағалап отыратын кім? Ия, дұрыс. Біз ауырсақ медбике көмек көрсетеді.

Аспаз сендер үшін не істейді? Дұрыс балалар аспаз сендерді бес уақыт дәмді және ағзаға өте пайдалы тамақтармен тамақтандырады.

балалар өз ойларын айтады.

қайталайды, балалабақша біздің екінші үйіміз.


балалар өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтады, жаттайды.


Сұрақтарға жауап береді 


Кел балақан, балақан 
Шапалақта алақан: 
Жай-жай-жай! 
Қозғап барлық денені 
Қолды қатты соқ енді: 
Сарт-сарт-сарт! 
Тықылдатып таяқты, 
Ақырын бас аяқты: 


Қимыл жасайды. 



балалар өз ойларын ортаға салады.

дәрігер, медбике.


тамақ пісіреді.

Өзін – өзі бағалау кезеңі

Балабақша дегеніміз не?

Балалабақшада кімдер қызмет етеді?

Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?

Кімнің қандай сүйікті ойыншығы бар?
Оқу іс-әрекетін қортындылау. 
Бір шаңырақ астында 
Тату – тәтті тұрамыз. 
Бірге ішеміз асты да, 
Бірге сайран құрамыз. 


балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже: 
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын 
Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын. 
Меңгереді: өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды. 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!