Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы: " Кузгі жапырақтар!"»
Тобы: ортаңғы
Вариативтік сағат «Ғажайып бояулар»
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты:
а)Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Жапырақтардың түстерінің ауысуы жөнінде түсіндіре отырып, суреттерін көрсету.
ә)Күзгі жапырақтардың суретін салып, қылқаламмен бояу әдісін үйретіп, балалардың қызығушылықтарын арттыру.
б)Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен күздің суреттерін көру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар, бейнетаспа, түрлі-түсті жапырақтар, түрлі-түске боялған тұздар.
Сөздік жұмыс: сары ала жапырақтар, үйілген жапырақтар.
Көптілділік компонент: жапырақ-листья-leaf, тиін-белка-squirrel, күз-осень-autumn.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешініңісәрекеті | Балалардыңісәрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері: Балалар жапырақтарды қолдарына ұстап, бір-біріне жылы лебіздерін айтады. Тәрбиеші балаларға орманнан Күз ханшасы келгенін хабарлайды. Күз ханшасы тәрбиешінің құлағына сыбырлап бір құпияны айтады. Тәрбиеші балаларға Күз ханшасының бейнетаспаны көру туралы ұсынысын жариялайды. Бейнетаспаны көріп болғаннан кейін тәрбиеші балаларға пысықтау сұрақтарын қояды: Балалар, бейнетаспада Күз ханшасының ненің көрінісін көрсетті? Ормандағы ағаштар қандай, жерде не жатыр, жапырақтардың түсі қандай? Осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болатындығын түсіндіреді. Балалармен «алтын күз», «сары ала жапырақтар», «үйілген жапырақтар» сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді. Енді жапырақтардың бейнесін әдемі сурет етіп саламыз. | Балалар жылы лебіздерін айтады. Балалар күз ханшайымымен сәлемдеседі. Сәлеметсің бе, күз ханшасы! Балалар осы құпияны білуге ынтығады. Оны білу үшін күз ханшасының әкелген бейнетаспасын тамашалайды. Күз ханшасы өзі мекендейтін орманды көрсеткенін, онда әртүрлі ағаштар көп екенін, жерде жапырақтар үйіліп жатқанын, түстері сары ала, қызғылт екендігін айтады. Көріп болған соң күзгі табиғат суретін салуға келіседі. «Алтын күз», «сары ала жапырақ», «үйілген жапырақ» сөздерін сыбырлау әдісімен қайталайды. |
| Іздену- ұйымдастырушы | Сергітусәті. Алуан –алуанжапырақтар Желтолқытсаұшады. Түрлі-түскебоялып, Жербетінеқонады. Бұл суретті салу жолдарын тәрбиеші балаларға түсіндіріп, алдымен өзі көрсетеді. Жапырақтар әр мезгілде әртүрлі түске боялады. Жазда жасыл болса, күзде сары түске боялады. Қыста жапырақтар болмаса, көктемде ағаштар бүршік жарып, жасыл болып жапырақтар шығады. Күзгі жапырақтар сары, кейін қоңыр түске еніп, жерге түседі. Тәрбиеші дайын жапырақты балаларға ұсынады. Жапырақтардың дайын бейнесін бояймыз. Қолымызға дайын түске боялған тұзды алып, жапырақтың үстіне себеміз. Жұмысты мұқият, ұқыпты тәрбиеші балалармен бірге орындайды. Д/о «Ағаштарды жапырақтар мен безендірейік» Көптілділік компонент: жапырақ-листья-leaf, күз-осень-autumn. | Сергіту сәтін жасайды. Әуенмен жапырақтар сияқты ақырындап ұшып, жерге қонады, құйын болып ұшады т.б. Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша жапырақтың суретін бояйды.
Балалар ойынға белсене қатысады. Қайталайды: жапырақ-листья-leaf, күз-осень-autumn. |
| Рефлексивті коррекциялаушы | Күзханшасы балалар салған суреттерді қарап көріп, жапырақтың бейнесін әдемі салғандарын айтады. Өзінің ДОСы қоянға апарып беріп, қуанатындығын айтып, балалармен қоштасады. | Балалар күзханшасына жапырақты салғандарын, кім қандай жапырақты салғанын айтып көрсетіп, досымен тату болуын тілеп қоштасады. Күзханшасына тағы да қонаққа келіп тұруын сұрайды. |
Күтілетіннәтиже:
Нені біледі: Күзгі табиғат ерекшеліктерін білді. Күзгі жапырақтардың бейнесін бояу әдісін білді.
Қандай түсініктерді игерді:Өз бетімен жапырақтың суретін бояй алады. Күзгі жапырақтарды ажырата алды.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Күзгі жапырақтардың бейнесін бояу әдісін меңгерді. Күз мезгілінің ерекшеліктерін меңгерді.