Күні 18.03.2016ж.
Тақырыбы « Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты Балаларды «Наурыз» мерекесінің шығу тарихымен
таныстыру,халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын
дәріптеу, балаларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, суреттер, ұлттық қолөнер бұйымдары,бесік,
киіз үй жабдықтары, көрпе-көпшік, ұлттық тағамдар,наурыз
көже, бауырсақ,тары-талқан т.б
Педагог Наурыз мерекесі шығыс халықтарының асыға күтетін
мейрамдарының бірі. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Наурыз- жыл басы.
Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам-наурыз көже. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке,ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.Оны әр үй жеті түрлі дәмнен; сүр ет,сүт,тары,құрт,бидай, тұз,су және бауырсақ,тәттілерін қойып дастарқан жаяды.Наурыз – тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді. Әр үй наурыз көже пісіріп,бірін-бірі қонаққа шақырып, ренжіскен адамдар
бір-бірін кешіріп, қол алысып, төстерін тигізіп татуласады.Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері; бесікке салу, тұсау кесу, арқан тарыс, күрес, білектесу, қыз қуу, бәйге асық ойнау, қыз ұзату,алтыбақан т.б.салт-дәстүрлерін орындап, ойындар ойнатылады.
Жасай берсін жаңа күн,
Туа берсін жаңа нұр
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Наурыз той!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Отбасыларыңызға құт – береке,бірлік,дендеріңізге саулық тілей отырып, «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Саян
Балалар – ау, балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Алмас
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Алия
Үсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықтым ойнап.
Берікжан
Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
Педагог
Наурыз тойы- тамаша,
Наурыз тойы-жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Ойын «Білектесу».
Педагог: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен
айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн ». Бұл – тоқшылықтың
белгісі – деп,келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Нұрболсын
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұр толтырып жатыр міне маңайды.
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Нұрай
Наурыз айы – гүл айы,
Наурыз айы - нұр айы.
Наурыз айда халқымның,
Құлпыра түсер шырайы.
Шыңғыс
Уа, ағайын, туысқан,
Наурыз туды шығыстан.
Сол тойға келдік асығып,
Ат терлетіп алыстан.
Бексұлтан
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа бөленді,
Соны тойлар ел енді.
Қарлығаш
Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Қазыбек
Наурызым құт әкелсін елімізге,
Береке ырыс келсін төрімізге.
«Жылқыны» қуанышпен щығарып сап,
Бақыт боп «маймыл » кірсін төрімізге.
Аяжан
Құтты болсын Наурыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа бөленді,
Асылжан
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
Инабат
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық.
Ән «Ақ мамам ».
Би «Жаяу »
Педагог - Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
О, ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде - Наурыз көже құрт- қатық, тары қосқан.
Нұрахмет
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлыс оңға қонсын!
Әумин!
Қонақтарға Наурыз көже таратылады . Наурыз мерекесі әр қайсысыңызға көтеріңкі көңіл-күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз шаттыққпен қуанышқа толсын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды,
Нұрландырған даланы
Наурыз – көктем басталды.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыс оң болсын, қайда барсаң жолың болсын!
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,бәле-жала жерге енсін!