СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

а. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. 

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі »»



Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі »





Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі»

Мақсаты:

а. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, «Мәңгілік елдің – Мәңгілік тілі» атты мерекелік кешімізді бастайық!

2- жүрізуші: Әнұраным көкейде жатталады, 
Сонымен бейбіт күнім басталады. 
Шәмші атамның шығарған асқақ әні, 
Әркімнің жүрегінде сақталады 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Гимні  орындалады.

1-оқушы: Туған тілім Жаңыл С-5

Туған тілім жүрегімнің айнасы,

Туған тілім ата-баба мұрасы.

Туған тілім халқымыздың мақтаны,

Мәңгі бақи жадымда ол қалады.



Туған тілім деп жазды өлең дана Абай,

Туған тілге жазды әліппе Ыбырай

Туған тіл деп ел қорғанды Қабанбай,

Туған тіл деп көтерген халқым-ай!



Туған тілім құрметпен ар, намыс,

Туған тілді сүйгендерге мың алғыс.

Туған тілім шарықтасын әрқашан,

Мақтанышым жұбанышым ол маған!

Фильм №1







1-жүргізуші:  Тіл – әрбір ұлттың жаны, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі де болу керек. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарау – ынтымақтастықтың белгісі. Сондықтан, бүгінгі мейрам - тілдер күні! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!

2- жүрізуші: Осыдан тура 26 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" Заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің  мемлекеттік  тілі

  -қазақтілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Тілді қадірлеп, қастерлеу әрбір адамның міндеті екенін түсіне білгеніміз жөн.



2-оқушы: Алтай ТС-1

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін!

Тіл заңының күшіне енген күн бүгін!

Қазақ тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған!

Қазақ тілі қасиеті бабамның,

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның.

Тіл-мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз,

Мәңгі –бақи шырқалатын әніміз!



Олай болса колледжіміздің оқушыларының орындауында «Қара жорға»

2- жүрізуші: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүдделі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін, болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.

Фильм №2

1-жүргізуші: Тіл мәселесі қазір бәрімізді толғандырады. Елбасымыз айтқандай тілдің

қадір- қасиетін сақтап, оны дамыту, сіздер мен біздердің қолымызда екенін ұмытпайық. Қазір тіл мәселесі тек бізді ғана толғандырмайды екен, айтайын дегенім қазіргі заманның қазақ жастары да тіл мәселесіне қатты алаңдаулы екеніне келесі оқылатын өлең жолдары арқылы сезінесіздер.

3-оқушы: Тіліңді біл. Мадина С-5

Мен қазақпын, өлген жоқпын тірімін,

Ахмет, Сәкен ұрпағының бірімін.

Орысшалап жеткізесің ойыңды,

Ана тілге жетпеді ме білімің?



Үш тіл емес үш жүзді біл қаласаң,

Шетелге шық, шетке шықпа жарсаң.

Ең тәуірі ана тілің емес пе...

Бояу-бояу көзіңді ашып қарасаң.







Ағылшын мен орыс тілдей құйынға,

Шахановтар шырылдап жүр жиында.

Орысшалар сөйлегенге мәзсің ғой

Тоғыз әріп қосып сөйлеу қиын ба?



Абай, Жамбыл ұмытып тұлғасын,

Кейінгі ұрпақ төмен қарп тұрмасын.

Жас буыннан не деп тарих сұраймыз

«салам брат», «привет» деп тұрғасын.



Бүгінгінің жайы осылай болғанда,

Қазақ тілдің таңы жарық атсын ба...

Қайран бабам қарай алмай амалсыз

Қабіріңде жата алмай жатырсың ба?!



4-оқушы: Арай С-25

Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!

Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.

Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!

5-оқушы: Мария ТС-1

Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!


Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз тылсыммен бір едім.

Ана тілім-әрекетім азығым,

Бар ғаламды танушылық қазығым,

Ой-сананың өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгі бір жалғасы.


Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.



1-жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.


2-жүргізуші: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.

6-оқушы: Венера С-5

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 



7-оқушы: Жаңыл С-5

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тілдеген – адастырмас темір қазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра керең дерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Дүйсенбеков Қайраттың орындауында  «Қазақ тілі»  әнін  қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:  Филлипова деген ханым қазақ тілі туралы былай деген екен: "Қазақ тілі жақұт моншақ тәрізді жіпке тізіп жарқырата таққандай."

Өзге ұлттың өкілі менің тілімді жақұтқа балап тұр ғой. Бұл деген тамаша теңеу емес пе?

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп ана тілін жүрегімен сүйген Абай да тіл сұлулығын сақтаған.









8-оқушы: Люба С-5

Қуатым – ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсы бір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тіліңді.
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.


9-оқушы: Салтанат С-5

Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасыңда тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім - жан мерейім,
Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін.
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгің ардақ тұтқан ана тілім,
Екенің жан сырымның анық мұның!



10-оқушы: Асема Ф-22

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтынымсың!.


«Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын  жан саны 50 миллионнан  асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын  жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл  тілдер 65 мемлекетте  мемлекеттік тіл ретінде  қолданылады. Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.









2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Сол қуанышымызды жақсы бір өлең шумақтарымен жалғауға рұқсат етіңіздер.



11-оқушы: Венера С-5

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.



12-оқушы: Таня Ф-22

Сол тілменен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.



Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.



Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.



13-оқушы: Мадина С-5



Ана тілім-бабам тілі-өз тілім,
Ана тілім-анам тілі-өз тілім.
Ана тілім-далам тілі-өз тілім,
Ана тілім-адам тілі-өз тілім.


Ана тілде сыры терең жаным бар,

Ана тілде әнімменен сәнім бар.
Ана тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.



Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.












Сен арқылы қанып ішсем тұнықтан,
Сен арқылы дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.


Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.





14-оқушы: Венера С-5

Тілім менің мен өзің деп мақтанам
Басқа тілдің тарих сыры жат маған.
Туғаныма мендағы қазақ болып
Ана тілім арың менде барың менде мақтанамын!.

Тілім мені бұлбұлдайғып сайратқан
Талай жауды өткірлікпен қайратқан.
Сен арқылы келгендеимін дүниеге
Шырылдап сәби болып мен қайтадан.

1-жүргізуші: Тілі, ділі, халқы толассыз дамыған халық, бақытты халық. Сол халықтың ажырамас бір бөлшегі ретінде біз өз тілімізді, елімізді үздіксіз қастерлеуіміз қажет.

Көрермендермен жұмыс кезеңі

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

1.      Тіл - адам ойының ... (айнасы)

2.      Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)

3.      Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4.      Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)

5.      Бал тамған тілден ... тамар (у)

6.      Көп сөз - ... (бос сөз)

7.      Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

8.    Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)


1-жүргізуші: Ал, ендеше көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізбен бөлісуді жалғастырғанымыз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер.






1-жүргізуші: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

2-жүргізуші: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

1-жүргізуші: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

2-жүргізуші: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

1-жүргізуші: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

Фильм №3


2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.

1-жүргізуші:  Осымен тілдер мерекесіне арналған салтанатты кешіміз аяқталды.Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Қош, сау болыңыздар!