Тақырыбы: Астана-отанымыздың жүрегі
Мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Астана суреттері,слайдтар, буклеттер.
Барысы:
І. Кіріспе
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы – «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.
«Астана тарихы»
Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?
- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді.
- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.
Мұғалім:
Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!
Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көпдеген қалалар өзеннің бойында орналасқан.
«Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н.Назарбаев
1 – жүргізуші
Астана тәуелсіз еліміздің рәмізіне айналуы. Елорданы әсем Алматыдан Астанаға көшіргенде баршаның көңілінде күдік ұялаған. Ал қазір қарыштап дамып, күннен күнге гүлденіп келе жатқан ару Астанамызды көріп қуанамыз.
2 – жүргізуші
10 жылдық мерейтой қарсаңында Елордамыз Астананың жаңа рәміздері қабылданды. Елорданың таңбасы сыртқы және ішкі сақина түрінде шеңберленіп келеді,бір – бірімен астасып жатқан қос сақина шаңырақ пен құсқанаты оюы бейнеленді де ол «Бәйтерекке» айналды. Таңбаның сыртқы сақинасы қызыл ішкі шеңбер еліміздің тәуелсіздігін бейнелейтін көк түсті. Елорданың туының ортасында жаңа таңба бейнеленген. Таңбада тараған күн сәулесі әлемге жарық шашып тұрғандай.
Астанаға арналған өлең шумақтары
1-оқушы:
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.
2 – оқушы:
Астанам шапағаттың шуағындай,
Астанам махабаттың тұрағындай,
Астанам – періштелер мекенісің
Астанам махабаттың тұрағындай.
Мұғалім: Иә, қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді.
Викториналық сұрақтар.
"Сен білесің бе?"
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?
2. стана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)
8. "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
Қорытындылау.