СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Асты? ауыз ?уысында ?орытылуы. Тісті? ??рылысы мен ?ызметі, гигиенасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

А) білім-ділік:

О?ушылар?а асты? ауыз ?уысында ?орытылу процесі, тісті? ??рылысы мен ?ызметі,гигиенасы туралы тере? білім беру.

?) дамыту-шылы?:

О?ушыларды? білімдерін,ойлау ?абілеттерін арттыру, шапша?дылы?ын дамыту.

Б) т?рбие-лік:

?орша?ан ортаны, таби?атты ?ор?ап, салауатты ?мір салтын ?стану?а, тазалы??а, д?рыс тама?тану?а т?рбиелей отырып,   денсаулы?тарына жауапкершілікпен ?арау?а баулу.

Просмотр содержимого документа
«Асты? ауыз ?уысында ?орытылуы. Тісті? ??рылысы мен ?ызметі, гигиенасы»

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары : Х.Т.Орынбасарова

Күні: 24 .02. 2014

Г.Дөңесованың Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, гигиенасы тақырыбында 8 «Б» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі,гигиенасы

Сабақ-

тың мақсат-міндет-

тері:

А) білім-ділік:

Оқушыларға астың ауыз қуысында қорытылу процесі, тістің құрылысы мен қызметі,гигиенасы туралы терең білім беру.

Ә) дамыту-шылық:

Оқушылардың білімдерін,ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдылығын дамыту.

Б) тәрбие-лік:

Қоршаған ортаны, табиғатты қорғап, салауатты өмір салтын ұстануға, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелей отырып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақта қолданыла-тын технология:

СТО элементтері, интерактивті оқыту технологиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, үш қадамды сұхбат, 8-сынып жұмыс дәптерімен жұмыс

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта,үлестірмелер,оқулықтар,суреттер,бейнекөріністер.

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Химия,медицина

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын тексеру.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін атқару;

-сабаққа дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тамақтанудың маңызы тақырыбы бойынша сыныпқа жалпы сұрақтар қою. Зерттелген материалдарын тексеру.


І.«Пайдалы тағамдар» кестесі. Сұрақ-жауап әдісі

1.Ас қорыту дегеніміз не? Тамақтанудың адам ағзасына маңызы қандай?

2.Қоректік заттар құрамы қалай жіктеледі?



3.Нәруыз қандай тағамдар құрамында болады? Тәуліктік мөлшері және қызметі қандай?

4. Көмірсу қандай тағамдар құрамында болады? Тәуліктік мөлшері және қызметі қандай?

5.Витаминдер ағзаға қаншалықты қажет?Кім ашты? Түрлерін ата.


6.Минералды тұздардың адам ағзасындағы рөлі қандай?



7. Май қандай тағамдар құрамында болады? Тәуліктік мөлшері және қызметі қандай?

8.Судың қызметін түсіндір. Жасушадағы, ағзадағы
мөлшері қандай?



9.Адамның тәуліктік тамақ рационы қандай?



ІІ.Есеп.Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм  тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады?


Сұрақтарға сынып оқушылары жауап беру


Жауаптары:

1.Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап,қан мен лимфаға өтуі.

2.Ағзалық-нәруыз,көмірсу,

май,дәрумендер.Бейағзалық-су,мин.тұздар.

3.100-120г,энергетикалық,

құрылыс,қорғаныш т.б.

4.Өсімдіктекті.400-500г,энергетикалық,қоректік

5.Өте аз мөлшерде қажет.Н.И.Лунин ашты.А,В,С,Д,Е,К,Н,РР.

6.Сүйек пен тіс құрамына кіреді,зат алмасуға қатысады.

7.80-100г.Энергетикалық,

қорғаныш,су көзі.

8.Еріткіш,химиялық реакцияларға қатысады.Жасушада 60-65℅,ағзада 75-80℅

9.Таңертеңгі ас 25℅ .Екінші таңертеңгі ас 10℅ .Түскі ас40℅. Сәскелік ас 10℅. Кешкі 15℅.

Жауабы:

Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

(6 гр · отбасы саны) ·30 =

(6 гр · отбасы саны) ·365 =

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.

«Апыл-ғұпыл ішкен ас - асқазанға түскен тас» нақыл сөздің мағынасын талдау.

Ас қорыту мүшелерін атау.


Білетін мүшелерді атау, түсінік беру

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

Жоспары:

1.Ауыз қуысы

2.Сілекей бездері

3.Тіл

4.Тіс құрылысы, гигиенасы.

А) Жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Асқорыту жүйесі


Асқорыту мүшелері Асқорыту бездері


Ауыз қуысы

Ауыз кіреберісі Нағыз ауыз қуысы

Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыз кіреберісі сырт жағынан - еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызыл иекпен шектеледі.Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.

Сілекей бездері


Шықшыт Тіл асты Жақ асты (алқым)


Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып, ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы птиалин ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз куысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш аркылы қарынға өтеді. Жұту кезінде көмекей кақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде тұншығады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.

Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Тілдің ұшы - тәттіні, екі бүйірі - қышқыл мен тұзды, ал түбі - ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады.

Асқорыту жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылым гастрентология деп аталады.

(Асқорыту жүйесіне байланысты бейнекөрініс көрсетіледі).

Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойыны. Тіс мойыны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сөбиде 2-2,5 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұракты тістер шығады.

Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Тіс ауруларын зерттейтін ғылым стоматология деп аталады.

(Тістің құрылысы,топтарына байланысты бейнекөрініс көрсетіледі).


Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

1.8-сынып жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау

Биологиялық диктант. Сөйлемдерді толықтыру.

1.Тағамды механикалық өңдеу – бұл ....................................

2.Астың ауыздағы химиялық өңделуі ............ көмегімен жүреді.

3.Ауыздағы сілемейлі қабықпен жабылған қозғалмалы механикалық мүше ............

4.Үстіңгі тістермен астыңғы тістердің қабысуы ......................

5.Адам тістері ..............мен .......... сөйлеу қызметтерін атқарады.

6.Ауыз қуысына ...................... саңылаулары ашылады.

7.Адамның тістейтін тістерінің саны ...................


2.Мүшелерді тап.

Адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің суреті беріледі.Әрбір мүшенің атын табу.

3.Тіс формуласы

3 2 1 2 2 1 2 3

-- -- -- -- -- -- -- --

3 2 1 2 2 1 2 3


Б)Жеке оқушымен жұмыс (үлестірмелер тарату)


1.Есеп.Массасы 400 г глюкозаның көмірқышқылы мен суға дейін тотығуы кезінде қанша кДж энергия бөлінеді?


2.Сызықтық диктант

1.Адам денесіндегі ең қатты ұлпа – кіреуке.

2.Кіші азу тістер 3 түбірлі.

3.Тілдің түбі тәттіні сезеді.

4.Тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді.

5.Сәбидің 6-9 айлығында сүт тістері шыға бастайды.


3.Биологиялық диктант


Адамда ____ сілекей бездері бар.Олар:________________________________

_________________________________________________________________

Сілекейдің құрамы_________________________________________________

____________________________________________

Ауыз қуысы қалай жіктеледі_________________________________

Асқорыту орталығы _____________________орналасқан.









Оқушылар мұқият тыңдап, керекті терминдерді дәптеріне жазады.


























































1.Тағамның ұсақталып шайналуы.

2.Сілекей бездерінің

3.Тіл

4.Ауыз кіреберісі

5.Майдалау мен тіл

6.Сілекей бездерінің

7.12











С6Н12О6 6СО2 + 6Н2О + 2881 кДж

400 г х кДж

180 г 2881 кДж

Жауабы: 6402,22 кДж


1.+

2.-

3.-

4.+

5.+




1.3 жұп,шықшыт,алқым,тіл асты

2.Муцин нәруызы,лизоцим,

амилаза,мальтаза

3.Кіреберіс және нағыз ауыз қуысы

4.Сопақша мида ораналасқан.


V.Жаңа білімді бекіту

Сәйкестендіру тесті

1.Ең үлкен сілекей безі қалай аталады?

А.Еріндер және ұртпен

2.Тістің негізгі бөлігі

Б.8

3.Тілдің бүйірі нені сезеді?

В.Шықшыт

4.Ауыз кіреберісі сырт жағынан немен жабылған?

С.Лизоцим

5.Кіші азу тістің саны неше?

Д.Қышқыл мен тұз

6.Микробтарды жоятын сілекейдегі фермент

Е.Цемент

7. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына не арқылы бекиді.

Ж.Дентин




Сұрақтарға сәйкес келетін

жауаптарды қою.

1

Б

2

Д

3

Г

4

А

5

Ә

6

В

7

Ғ


VІ.Қорытындылау

«Үш қадамды сұхбат» әдісімен қорытындылау.

Еліміздің, қазақ ұлтының болашағы - жас ұрпақ - сіздерсіздер балалар!

Қазақ халқының қаны таза, дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануды естеріңде сақтаңдар!


І қатар-сұрақтар қою

ІІ қатар-сұрақтарға жауап беру

ІІІ қатар-қорытындылау

VІІ.Үйге тапсырма беру


Үйге тапсырма:

1.Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау

2.109,112-суреттерді салу

3.Тіс ауруларын зерттеу

4.И.П.Павлов еңбегін зерттеу


Ү/т дәптерге жазу.

VІІІ.Бағалау

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау


Күнделікке баға түсіру.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!