СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ата-ана баяндама

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

ата-ана баяндама

Просмотр содержимого документа
«Ата-ана баяндама»

Сіз қандай ата-анасыз

Қазіргі таңда туыңдап отырған маңызды мәселелердің бірі – ата-аналар тарапынан балаға көрсетіліп отырғап қатыгездік. «Сол қатыгездікті ата-ана баласына саналы түрде жасап отыр ма? Шынымен, ата-ана баласын соншалықты қатыгездікпен жазалауға дәті қалай жетті? Ата-ананың балаға деген ыстық сезімі, махаббаты кайда?» деген заңды сауалдар туындайды.Ата-ананың балаға деген махаббаты туралы сөз еткенде, ең алдымен, ересектердің өздерінің қарым-қатынасына ерекше мән беру қажет. Ата-анасы бірін-бірі шынайы жақсы көріп, жылы қарым-қатынаста болса, бұл сезім балаға да беріледі. Баланы өмірге әкелгеннен кейін ата-ана оны шынайы жақсы көру әрі парыз, әрі борыш. Біз ересектер, негізінен баламыз жақсы іс атқарағанда, біз қойған талапты орындағанда ғана балаларымызға ерекше ықылас танытып, қуанып жатамыз. Психологтардың зертеулеріне сүйенсек, баланы бұлайша мадақтау, қолпаштау олардың яки балалардың қатты мазасыздық сезімін тудырады. Өйткені бала ата-анасының алдында үнемі үлгілі болып жүруге талпынады, бірақ бұл міндет іске асқанмен, кейде өз межесіне жетпей жатады. Балаларыңызды ешкандай да абыройлы ісіне карамай, тек перзенті болғаны үшін ғана жақсы көрудің өзі оларды қанаттандырады, бала жүрегіне зор куаныш ұялатады. Кейде балаларымыз бізден "Мені жаксы көресіңдер ме?" деп сұрап жататыны да жасырын емес. Бала жүрек түкпірінде өзіне деген ата-анасының махаббатын сезінгенімен, сол сөзді жиі естуге ынтык та болуы мүмкін. Сіздің іс-әрекетіңіз, көзқарасыңыз арқылы бала жан жылуын алатындығын ұмытпаңыз. Бала кейде мұны тіпті сөзден де артык бағалап жатады. Адамның жанары да көп нәрсені байқатады. Бала сіздің махаббатыңызды көзіңізден тани білуі керек. Жақсы көртеніңізді көзбен де ұқтырып үйретіңіз. Кейде суык қарасақ, баламыз мазасызданып, бізден қорқады. Сондықтан шамаңыз келгенше, көзіңізден жайдары шуак төгіліп тұрсын. Балаға кейде көз тоқтатып қарамасаңыз, назар аудармасаңыз оған қол жұмсаудан да ауыр әсер етеді. Балаңызды аймалау, бауырыңызга тарту, емірену - махаббатыңызды сездірудің бір жолы. Біздер, ата-аналар, балаларымызға көп жоламауға тырысамыз немесе кездейсоқ жағдайларда еш себепсіз баламызды бауырммызға тартып жатамыз. Ата-ана мұның да ерекшеліктерін білгені лазым. Қазіргі кезде жүргізілген бірқатар зерттеулер көрсеткендей ұл балалар туғаннан 7-8 жасқа дейін ата-аналарының өздерін еркелеткенін, аялағандарын өте жақсы көреді. Аялау, бауырға тартуды баламен ойнау кезінде де көрсетуге болады. Балаңызға деген махаббатыңызды көрсетудің үшінші бір жолы – балаға назар аудару. Ондай сәттерде балаңыз сіздің махаббатыңызға еш шәк келтірмеу керек. Балаңызға уақыт бөлу үлкен маңыға ие. Себебі, баламызбен бірге болу, ол үшін ерекше қуаныш сыйлаудың тәсілі екендігін естен шығармаңыз. Ата-аңаның балаға деген махаббаты баланың толыққанды тәрбиесіне, эмоциональды дамуына, оның өзіне деген сенімін нығайта түсуге ыкпал етсе, баланың ата-ана сүйіспеншілігін сезінбеүі өзін-өзі сыйлау қабілетін жойып, өзіне деген сенімсіздік туғызып, эзмоциональдық қажеттліктерді толықтыруға кедергілер келтіреді. Баламен қарым-қатынасты алшақтатудың бір жолы - эмоцияға еркіндік беру. Ата-ана сабырлылық танытпаса, балада біртіндеп оған деген ыза-кек қалыптасады. Кейде тым артық кететініміз де жасырын емес. Артық кеткенімізді түсінсек, оны мойындап, баламыздан кешірім сұраудың еш айыбы жоқ. Кикілжің туа қалған жағдайдан кейін ата-ана өз қатесін түсініп, бала алдында мойындауы оны ата-анасына деген кұрметін артыра түседі. Ата-ананың басты міндеті - балаңызды қандай болмасын жақсы көретініңізді сезіндіру, әрі қандай жағдай болмасын балаңызды жалғыз тастамайтыныңызға көзін жеткізу. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат - көзбен көруге келмейтін, қолмен ұстауға болмайтын, тек жүрек лүпілімен ғана сезінуге болатын табигат сыйлаған жанғажайып құдірет, таңғажайып қасиет. Балаға деген махаббат аяулы болмаса, бала жүрегіне қаяулы болмақ. Баланың өзге тән қажетін өтеуге, пәк көңілін аулауға болады, бірақ жан қалауын өсіре. сезім алауын өршітс алмаймыз. Бір сөзбен айтқанда, балаға деген ата-ана махабатының орнын ешкім толтыра алмайды, өтеуіне еш нәрсе жүрмейді.Баланы жазалау керек пе? Жазалай калған жағдайда оны қандай қалай қолдануға болады деген сұрақтар көптеген ата-ананың көкейінде тұратыны беліглі. Біздіңше, баланы қатаң жазалау - ақыл-ойдың жетімсіздігі, үлгі кемшіндігі, ата-ананың өз қатесімен бетпе-бет келуден үрейленудің белгісі. Әрі сол жағдайға тереңдеп, парасат биігінен қарамау болып табылады. Жазалау - баланы тәрбиелеуден бас тарту деген сөз. Бір ғана жазалау арқылы біз орын алған кемшілікті түбегейлі жойдық деп айта алмаймыз. Тек бүркемелеп, уақытша тоқтатамыз. Жазалауға құштарлық-махаббаттың ісі емес, биліктің, зорлықтың ісі. Баланы жазалаудан ешкім де ешнәрсе ұтпақ емес. Әдетте, жазалау арқылы біз өзгелерді сол істен тыярмыз, бірақ сол істе қателескен жанды құрбандыққа шалуға, қатаң шара қолдануға міндеттіміз. Бірақ есіңізде болсын, не нәрсенің түбінде махаббат жатпаса, оның берекелі де нәтижелі болмасы ақиқат. Бала өз қателігін түсініп, кінәсін мойындағанда, оны жазалаудың еш реті де жоқ. Өз қателігін түсініп, алдыңызға келгенде ата-ананың кешірімді болғаны абзал. Бала кешірімнің қандай болатындғын да түсіне білуі - оның өсе келе кемел ақыл-ой иесі болуына игі ықпал етпек.



Тақырыбы: Адамгершілікке тәрбиелеу басты мақсат. Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.

Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)

Мұғалім: — Құрметті ата-аналар!Бүгінгі «Оқу мен тәрбие - егіз» атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп атадым. І тоқсандағы 2 «а» класс оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы айтамын. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада» деп атадым.

І. 1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай».

- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

ІІ. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада».

- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.

1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?

(әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)

ІІІ. «Ассоциация» жазу

Сіздер әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?

(үш топқа бірдей)

Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

І топ. Ликерова Т. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.

ІІ топ. Сарсимбаева А. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.

ІV. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)

ІІ топ

  1. Баланы қолдап отырса .....................
    (өз ісіне сенімді болады)
    2) Бала төзімділікте өссе .................................
    (адал болып жетіледі)
    1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
    (ол адамға сеніммен қарайды)

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.