СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ата-аналар жиналысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға балаларымен қарымқатынас орнатуға көмек

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жиналысы»

Сауалнама

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.

  
1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?

а) оған айғайлайсыз;

ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;

б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;

в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;

г) желкесінен ұрасыз;

д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;

е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________



2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?

а) жиі; 
ә) сирек;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________



3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:

а) тәрбиелеуге ұмтылу;

ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;

б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;

в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;

г) балам мені ренжіткенде;

д) ұрып-соғу үшін;

е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;

ж) түсіндіре алмаймын;

з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________



4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?

а) иә; 
ә) жоқ;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқа (қандай) _______________________________________________________________





5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?


_________________________________________________________________________


6. Жазып көрсетіңіз:

Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________

Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________

Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________



7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:

а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;

ә) үндемейтін;

б) желкемнен соғып қалатын;

в) ұрып-соғатын;

г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;

д) басқаша ____________________________________________________________________ 

8. Үйдегі мерекелерді,қуанышты сәттерді жазып көрсетіңіз:  

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ата-ананың аты-жөні: __________________________________________________________ 




















Баланы тәрбиелеудің негізгі қағидалары

Мақсаты:

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп мұғалімдерімен және ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері:

ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала

Тәрбелеу сапасының аз да болсада жоғарылауына ықпал ету. Жоспар:

  1. Баланы тәрбиелеудің негізгі қағидалары ( баяндама )

  2. Видеофильм “Ашу дұшпан,ақыл дос”.

  3. Ситуациялық сұрақтар

  4. Сауалнама

«Адамға ең бірінші керегі білім емес,тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне опат әкеледі»

деп Әл-Фараби айтқандай,педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категорияларының бірі-тәрбие.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік,ұлттық сана-сезім қажет.Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен,біліммен,үйренумен,талаптанумен бітеді.Осы ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын-ұстаз,ата-ана,тәрбиеші,қоршаған ортасы екені дау туғызбайды.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын,қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана.Бала үшін үй ішінен,ата-анадан артық тәрбиеші жоқ.

Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Сондықтан әке де,шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп,мінез-құлқындағы ерекшеліктері жете білгені жөн.Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.Өз баласымен ашық сөйлесе алмай,сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз,кешкісін үй шаруасына қол тимейді,баламен сөйлесуге уақыт жоқ»дегенді айтады.Бұл дұрыс емес.Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасынан жүріп-ақ әңгімелесіп,ой бөлісуге неге болмасқа.Жанұядағы жанжал,үлкендердің ааузына келген сөздерді айтуы,баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді.Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,табиғат сыйлаған дпрыны болса дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы.

Бала-әр жанұяның бақыты.Олай болса,өз бақытымызды бағалай білейік.


Ситуациялық сұрақтар

1) Балаңызға айтқандарыңызды қалай орындатасыз?

2) Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

3) Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

4) Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз.

Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?


Қорытынды сауалнама:Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.

  







Ақмоло облысы

Зеренді ауданы

Игілік орта мектебі













1-сынып ата-аналар жиналысы

Тақырыбы : «Баланы тәрбиелеудің негізгі қағидалары»






















Психолог:Біжекен Н.







2019-2020оқу жылы