Ойын тренинг «Жылы лебізімізді білдірейік»
Мед. бике «Тазалық, денсаулық кепілі»
Психолог «Сауалнама»
Ұсақ түйек мәселелер
«Алтын күз» ертеңгілігіне дайындық жайлы әңгімелесу.
Ата-аналар комитетін сайлау, жаңадан келген балалардың ата-аналарына келісім шартқа қол қойғызу.
Ата-аналар мен ойын «Мен қандай ата-анамын?» Шарты: Ата-аналарға қорабтан билет алу ұсынылады, билетті алған ата-ана жауап береді.
Сіз балаңызға жиы ұрсасыз ба және не үшін?
Дүкенге барғанда балаңыздың сұрағанын алып бересіз бе?
Балаңызбен жиы әңгімелесесіз бе?
Балаңызға қандай оыншықтар алып беруге тырысасыз?
Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз?
Қандай ертегілер оқып бересіз?
Қандай мультфильмдер білесіз, көресіз?
Балаңызбен бірге ойнайсызба?
Балаңызға үй жағдайында қандай дидактикалық ойындар жасап бересіз?
Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе,сіздің әрекетіңіз?
Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?