| 1.Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Абылдаева Л.Т сөз сөйлейді 2. Мектеп психологы Қожабекова Г.Б сөз сөйлейді. 3. (Нұржайна) Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер! Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында. Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші! Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі. Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін. Топқа бөлу Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болады деп ойласыздар? 3 топқа бөлу 1-топ Тамыр 2-топ Жапырақ 3-топ Дің 1-топ Отбасы деген кім? Ата-ананың отбасындаға рөлі қандай? 2-топ Қазіргі отбасындағы бала қандай болу керек? 3-топ Қазіргі отбасында ата-аналар қандай болу керек? Сол бойынша постерге сызып, жазып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады). 4. (Тұрмағанбетова Жанат ) Платформаны қолданып ата-аналардан сауалнама алады. Нәтижесін сол жерде көрсетеді. 5. (Толғанай) «Біз бақытты баламыз» жаттығуы. Мектеп қызықтарына шолу Ендігі кезекте интер белсенді тақтадан балаларыңыздың мектеп өміріне қатысуын тамашалаңыздар (Бейне ролик) -Ата-аналар тағы қандай ұсыныс айтар едіңіздер? - Балаларыңыздың мектеп қабырғасында жүріп тағы басқа да қандай іс-шаралар ұйымдастырғанын қалар едіңіз? 6. (Гүлжайна) «Біз біргеміз» треннингі Келесі тапсырмамызға көшейік Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз. Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз, музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз. Енді ортаға сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз. Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап және бір суретті бастап кетесіздер, музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып, аналар ортаға шығып суретті аяқтайды. Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма? Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады? Мұғалім сөзі: Салынған сурет сіздің ойыңыздан шықпады сол сияқты балада сіз ойлағандай керемет нәтиже көрсетпеуі мүмкін, себебі оның да өз ойы, пікірі, көзқарасы бар. Сіз баланың қалауын таба біліңіз. Өз балаңызды түсінуге тырысыңыз дегім келеді. 7. (Даметкен) «Қызықты фраза» әдісі 15-20 шақты ата-ананы тақтаға шығарамыз Бірінші тұрған мұғалім ата-ананың құлағына: «Бүгін ерекше форматта ата-аналар жиналысы өтіп жатыр» деп бір сөйлем сыбырлайды. Естіген ата-ана келесі ата-анаға сыбырлайды. Осылай бір –біріне сыбырлап кете береді. Ең соңғы ата-ана дауыстап айтады . Сонда басында айтылған сөйлем мағынасы мүлдем басқаша болып шығады. Мұғалім сөзі: Осы ойыннан қандай ой түюге болады. Бала мұғалімнің айтқан сөзін басқаша түсініп сізге жеткізуі мүмкін сондықтан нақты не жағдай болғанын білмей, эмоцияға бой алдырмаңыз дегіміз келеді. 8. (Мақпал) «Диаграмма құрастыру» жаттығуы Мұғалім сөзі: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру. Ата-анаға: 1. Ұйқыға 2. Мектепке 3. Отбасымен қарым-қатынасқа 4. Үйірмеге 5. Достарына 6. Үй шаруасына 7. Жалғыз болуға Диаграмманы қорытындылау Мұғалім сөзі: Бұл жаттығудан шығатын түйінді ой: ата-ана әр әр балаға осылай күн тіртібін ұйымдастырып өз баласының бос уақытын тиімді пайдалануын қадағаласа, қуантарлықтай нәтиже көруге болады. 9.(Айгүл) «Тілек шамы» тренингі Мақсаты: Тренингте бүгінгі іс-шараға деген пікірін, көзқарасын білдіру. Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып және осы ерекше ата-аналар жиналысына деген пікіріміз бен көзқарасымызды білдірейік. Бір-бірімізге мына шамды өшіріп алмай бір бірімізге бере отырып өз ойымызды айта отырсақ. |