Просмотр содержимого документа
«Ата-аналардың мектептегі математика сабағына деген көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама»
Ата –аналарға сауалнама
1.Сіз бастауыш білім берудегі 1-4 сынып оқушыларының математика пәнінің бағдарлама тапсырмаларымен таныссыз ба ?
А) иә
Б) жоқ
В) маған бұл қажет емес
Г) бұл мұғалімдерге ғана қажет
2. Баланың сізге танымдылық мазмұндағы сұрақтарды (түсіндіру, әңгімелеп беру) коя ма?
А) жиі
Б) өте жиі
В) кейде
Г) ешқашан
3. Бастауыш мектепте балаға математиканы оқытудағы негізгі мақсат не деп ойлайсыз?
А) баланы санауға, есеп шығаруға, сандарды жаттауға үйрету
Б) баланы кеңістікпен уақытты бағдарлауға, шамаларды білу және қолдануға үйрету
В) баланы негізгі мектепте оқуға дайындау
Г) баланы кез-келген оқыс ақпаратты қабылдауға дайын болуы үшін, психикалық ақыл- ойын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту
4. Балаңыз математика сабағына қалай қарайды?
А) өте үнайды
Б) немқұрайлы
В) ұнатпайды
Г) қатысқысы келмейді
5. Сіздің ойыңызша сабақ кестесінде математика неше рет болуы керек?
А) 0 Д) 4
Б) 1 Е) 5
В) 2 Ж) 6
Г) 3 З) 7
6. Сіздің балаңыз үшін мектептен тыс математикадан қосымша сабақтарға қатысу қажет пе?
А) иә
Б) жоқ
7. Отбасыңызда баламен кім көп жұмыс істейді?
А) ата -әжесі
Б) анасы -әкесі
В) ағасы -әпкесі
Г) ешкім, өзі
Д) репититор
8. Сіздің балаңыз математикадан үй жұмысын қалай орындайды?
А) өз бетімен
Б) үлкендерден көмек сұрайды
В) ата- ананың бақылауымен орындайды
Г) әр кезде, әр түрлі орындайды
Д) ешқашан орындамайды
9. Балаңызға математикадан көмек көрсеткенде, сіз электронды оқулықтар мен қосымша көмекші құралдарды қолданасыз ба?
А) иә
Б) жоқ
В) ешқашан
10. Математиканы оқытудағы қиындықтарды шешу мақсатында ата –анаға тақырыптық кеңестер, семинар өткізу қажет пе?
А) иә Б) жоқ
11. Сіздің балаңыз математика сабағына қажетті әдебиеттер үшін кітапханаларға жиі бара ма?
А) жиі
Б) сирек
В) кейде
Г) ешқашан
12. Балаңыз өз қызығушылығымен есептер, басқатырғылар, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды шығара ма?
А) жиі
Б) сирек
В) кейде
Г) ешқашан
13. Сіздің балаңыз математикалық конкурстар мен олимпиадаларға қатысты ма?
А) жиі
Б) сирек
В) кейде
Г) ешқашан
14. Сіздің балаңыз математикадан қандай тапсырмаларды орындағанда ұнатады?
А) мысалдарды шығарады
Б) сызбаларды орындайды
В) теңдеу шешеді
Г) есеп шығарады
Д) шамалар мен сандарды салыстырады
Е) математикалық шамаларды айналдырады
15. Сіз балаңызға қандай іс-шараларда көмек көрсете аласыз?
А) математикалық ертегі мен өлең құрастыруда
Б) жобамен жұмыс жасауда
В) математика сабағына презентация жасауға
Г) математика бойынша ереже, кесте құрастыруда
Д) математикаға байланысты газет шығаруда
Е) сурет бойынша есеп құрастыруда
Ж) көмек көрсете алмаймын