СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ата заң менің болашағым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Ата заң – менің болашағым

Мақсаты:  Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

 Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.

Өз еліне деген сұйіспеншілікке, құрмет пен мақтан етуге тәрбиелеу  

Просмотр содержимого документа
«Ата заң менің болашағым»

№5 мектеп-лицей












«Ата заң – менің болашағым»

(білім күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ)










Дайындаған: Нұрымбетова Н.О

1А сынып








2020-2021 оқу жылы






Күні:2 .09.2020

Тақырыбы: Ата заң – менің болашағым

Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.

Өз еліне деген сұйіспеншілікке, құрмет пен мақтан етуге тәрбиелеу
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

Кіріспе әңгімеарысы:
І.    Ұйымдастыру.

Мұғалім: – Балалар, бүгін қандай күн?

1-қыркүйек –білім күні.Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы.Бұл күн тек қана оқушылардың,студендтер мен ұстаздардың мерекесі ғана емес,сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын,арман-мақсаттарының орындалып,олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы.Сіздерге денсаулық,бақыт, оқушылар білім бәйгесінде тек биіктен көрінсін!

Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды.

Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.

14 – бап

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36 – бап

1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

1.Сүгір Мансур

Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

2.Болат Инабат
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан-жақты

3.Қабдолла Сұлтан
Ата заңым – бабалардың лебізі,
Ата заңым  - барлық заңның негізі.

4.Нұрланқызы Адия

Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

5.Аяпов Аят

Ата Заңым,

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

6.Қайырбекұлы Ұлан

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.

7.Орақова Сезім

Алтын Заңда –

Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда -

Күш – қуатым, жалыным.

8.Тілеуберген Маржан

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

9.Амандық Нұртас

Ата заңым – ар-намысым, айбарым,

Болашағым, тектілігім, қайнарым,

10.Сембай Айару

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер, байрағым!

Ата заң дегеніміз не? Ата Заң бұл мемлекеттегі заңдардың ішінде мәртебесі биік, ерекше маңызды заңдар жинағы. Бұның басқа атауы конститутция. Ата заңға қайшы келетің заңның күші жойылады. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 жылдың 30 тамыз күні, бүткілхалықтық дауыс беру (референдум) негізінде қабылданған.

Алғашқы заң қашан қабылданды? Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Ата заңда қанша бөлім, қанша тармақша бар? Конститутция 9болім,98 баптан тұрады Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар.мен    өзгертулер енгізілген.Кез-келген азамат еліміздің негізгі заңы-Конститутцияны міндетті түрде оқып-танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс.

Коронавирустың қаупі қандай?

Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:

65 жастан асқан адамдарға;

бес жасқа дейінгі балаларға;

жүкті әйелдерге;

иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.

Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Covid-2019 симптомдары

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;

құрғақ қатты жөтел;

бастың ауруы;

кеуде тұсының ауруы;

ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;

жүрек қағысының жиілеуі;

пневмония;

безгек;

мұрынның бітуі;

фарингит;

диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.

Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.

Профилактикалық 5 шара

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;

көп адам жиналған орындардан аулақ болу;

науқас адамдармен байланысқа түспеу;

салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Мұғалім:

-Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.

Сен өзіңізді патриотпын деп айта аласың ба?

Оқушы:

-Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.

-Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

-Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс.  Мен  өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.

Қортынды:

– Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің патриоты екендеріңді,  көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
– деген екен.

-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенімім мол.