Тақырыбы: «Ата Заңым — Тәуелсіздік тірегі»
Жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып.
Ата Заңым!
Арман әнім!
Сенен басқа барма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным.
Ата Заңым!
Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.
Ата Заңым!
Кемеңгерім! – деп ақындар жырлағандай бүгін Ата Заңымыз Конституция күніне 20 жыл толып отыр.«Ата Заңым-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік ұлтың менен ұраның
Шартарапта шаттығындай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын
Жүргізуші :
Алғашқы сөзді ауылымыздың әкімі Жакупов Қайыртай Әблайісұлына береміз.
Келесі сөзді мектебіміздің директоры Манова Салтанат Тохтарқызына береміз.
Жүргізуші :
"Ата заңның ең ардақты арқауы — ел мұраты мен халық бірлігі.
Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің касиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін".
Міне, арқа сүйер Ата Заңымызға да 20 жыл болды. Егеменді республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз — Конституцияны қабылдады. Бұл қазақ тарихына "30 тамыз — Конституция күні" деп белгіленді . Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болғандықтан адамның өмірі, құқығы мен бостандығы бірінші орында.
Жүргізуші :
Ата заң!
Елдігімнің реңі,
Теңдігімнің тірегі.
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Шындығымның шырайы,
Бақытымның күн, айы.
Қамқор болып еңбекке
Қолын созған ұдайы.
Шаттығымды қорғайды,
Пәктігімді қолдайды.
Ар атынан айтқан соң,
Екі сөзі болмайды.- дей келе ортаға Қайрат орта мектебінің ___ сынып оқушысы ______________________ « _______________»әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші :
Өзгертпейді кесімін,
Өзгертпейді шешімін.
Көмек күткен кісіге
Айқара ашқан есігін.
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы бар
Заң салтанат құрады.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________
Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші :
Еңсем биік, мәртебем де болды асқақ,
Ата заңым, келесің сен жол бастап.
Бостандығым, мақсат-мүддем, мұратым,
Сен арқылы асулардан алға аспақ.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________
Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші :
Ата заңым - арайлаған ақ таңым,
Бақытымның бақ жұлдызы — баптарың.
Ата заңым — Тәуелсіздік кепілі,
Ел мен жердің тұтастығын сақтадың.- деп ортада (ән)_____________________________________________________________________
Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші :
Ойы биік, арманы алыс
Жаны жомарт ай қабағым
Көкірегі толған намыс
Қазағымнан айналайын-деп ортаға конституция күніне 20 жылдығына орай өткізілген спорттық ойындар жеңімпаздарын марапаттауға __________________________________________________ортаға шақырамыз.
Жүргізуші :
Жаңаша дарынған білімім,
Жараса дамыған ғылымым
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн-бақытым-ұлы күн.- деп ортада
би)_____________________________________________________________________
Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші :
Құтты бақ төрінде той бүгін
Құттықтап,құшағын жайды күн
Ақтарып туған жер байлығын,
Мақтан қып,тойлаймыз айбынын.- деп ортада (ән)_____________________________________________________________________
Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші :
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышаңдарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдени ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
Біздің Конституцияның басты ерекшелігі оның тұрақтылығы мен беріктігінде және ол мемлекетімізді одан әрі нығайтуға тірек болмақ. Осы сабағымызды мынадай қанатты сөздер арқылы аяқтаймыз:
Жүргізуші :
Ата Заңды анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!
Ата Заң үшін тәңінді де, қанынды да, жанынды да аяма!
Елтаңбамыз ажарлы болсын!
Көк туымыз әрқашан желбірей берсін!
Әнұранымыз әуенді,асқақ болсын!
Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!
Мереке құтты болсын!Той тойға ұлассын Ағайын!