СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Атабаева Айнур Абайевна

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

паонрр  рпрна  ррпннпр  ррпннр иииророр  ииррроо

Просмотр содержимого документа
«Атабаева Айнур Абайевна»

«Мәртебе.кз Республикалық мәдениет

және білім порталы» ЖШС

ТОО «Республиканский портал культуры и образования Мәртебе.кз»



040906 Алматы қ-сы, Бостандық ауд-ы, Малинка с-ы №9 040906 г.Алматы, Бостандыкский р-н, с-о Малинка д №9

Тел: 87751409988, 87471840933 Тел: 87751409988, 87471840933

e-mail: [email protected] e-mail: [email protected]

Облыстық, аудандық, қалалық білім

басқармаларына, жалпы білім беретін

мектеп басшыларына





Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикамыздағы барлық мектеп оқушылары арасында ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» патриоттық байқауы өтеді. Байқауға қатысу үшін өтініштер 28.10-28.11.2016 ж аралығында қабылданады. Байқаудың негізгі мақсаты еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау. Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Жасөспірімдерді патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау.

Байқау шарттары мен ережелерін барлық білім ордалары мен мектеп ұстаздарының назарына жеткізуді сұраймыз.

Қосымша 4 бет.





Директор,

ұйымдастыру алқасының төрағасы: А.С.Шүиіншәли







1-қосымша



Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында өтетін

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ

Е Р Е Ж Е С І



1. Байқаудың мақсаты

  • еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау;

  • шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету;

  • жасөспірімдерді патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау;

  • шығармашылық жұмыстарының көпшілік оқырманға танылуына ықпал жасау.

2. Байқаудың өту тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы, яғни Martebe.kz Республикалық мәдениет және білім порталының ұжымы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін әдебиет саласынің өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.

  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.

  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.

  • Байқауға кез-келген білім ордаларының оқушылары қатыса алады.



3. Байқау номинациялары

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

  • «Үздік патриоттық шығарма немесе эссе» ( қатысушы тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады);

  • «Үздік патриоттық өлең» ( қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін + еркін тақырыпқа құрылған бір өлеңін жолдайды);

  • «Үздік патриоттық тақырыптағы сурет» ( қатысушы өзінің төл туындысын сканерлеп ұсынады);

  • «Үздік патриоттық ән»; (қатысушы өзінің патриоттық тақырыптағы орындаған әнін аудио немесе видео нұсқада жібереді).

2-қосымша

4. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері

  • Кіші топ — 1-4 сынып;

  • Орта топ —5-7 сынып;

  • Жоғарғы топ — 9-11 сынып.

5. Байқау жұмысының бағалану критерийлері

1.«Үздік патриоттық шығарма немесе эссе» ( қатысушы тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады);

Шығарма немесе эссе келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-5 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).

      • тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

      • идея түпнұсқалығы;

      • ойдың дербестігі;

      • оқырманға эмоционалды әсері;

      • грамматикалық сауаттылық және стилистикалық сауаттылық.

2.«Үздік патриоттық өлең»; ( Қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін және еркін тақырыпқа құрылған бір өлеңін жолдайды)

      • тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

      • идея түпнұсқалығы;

      • ойдың дербестігі;

      • эмоционалдық әсер күші;

      • грамматикалық сауаттылық және стилистикалық сауаттылық.

3.«Үздік сурет» номинациясы ( қатысушы өзінің төл туындысын сканерлеп ұсынады)

      • суреттің тақырыпқа сай болуы;

      • суретші шеберлігі;

      • ойдың дербестігі;

      • эмоционалдық әсер күші;

      • бояу мәнері мен суретті сөйлете білу мәнері.

4.«Үздік патриоттық ән»; (қатысушы өзінің патриоттық тақырыптағы орындаған әнін аудио немесе видео нұсқада жібереді).

      • әннің тақырыпқа сай болуы;

      • әнді орындау мәнері, дауыс бояуы;

      • әннің сапалы өңделуі;

      • дауыс диапазонының кеңдігі.



3-қосымша


Ескерту: Бөтен адамның және Интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Байқауға ұсынылатын жұмыстарда қатыгездік және адамның қадір-қасиетін кез-келген түрде кемсітетін ақпарат болмауы қажет.



6. Байқауды қорытындылау және марапаттау

Байқаудың барлық қатысушыларына және жетекшілеріне қатысқаны үшін алғыс хат беріледі.

Бас жүлде (1) - диплом, байқау жеңімпазына арнайы тағайындалған «Ел үміті» төсбелгісі және бас жүлде иегеріне байқаудың тегін жинағы, естелік сыйлық.

І орын(1)- диплом және естелік сыйлық;

ІІ орын(2)- диплом және естелік сыйлық;

ІІІ орын(3)- диплом және естелік сыйлық.

Алғыс хат(4)

Жеңімпаз оқушының жетекшісіне арнайы құрмет грамотасы беріледі. Ал бас жүлде иегерін дайындаған мұғалімге «Үздік мұғалім» төсбелгісі беріледі.

Ерекше көзге түскен жеңімпаздарға берілетін арнайы жүлделер:

  • «Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталының тілшісі» куәлігі; (бұл куәліктің иегеріне өзінің шығармашылық жұмыстарын сайт бетінен жеке парақша ашылып, кез-келген тақырыптағы шығармашылық жұмысын жариялауға мүмкіндік беріледі)

  • Байқау жұмыстарының сапасына байланысты басқа да номинациялар тағайындалатын болады.





  • Қатысушы үміткерлердің жұмыстары baikau.martebe.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

  • Байқауға қатысу үшін қатысушы тарапынан 2000 тг көлемінде төлемақы төленеді. Төлемақы Халық банкі арқылы жүзеге асырылады.

  • Төлемақының мақсаты: Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» байқауы. Төлемақы жіберуші түбіртекті сканерлеп, байқауға қатысу өтінішімен бірге жолдайды.



4-қосымша

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; БИК: HSBKKZKX

«Мәртебе.кз Республикалық мәдениет жән білім порталы»ЖШС

БИН/ИИН: 151040022578

KZ396010131000249601-KZT

Кбе 17





Байқауға келіп түскен барлық қатысушылардың жұмысы арнайы «Тәуелсіз ел ұланымын» деген атпен жарық көретін Республикалық жинаққа енеді. Жинақты алу ақысы - 3000 тг. Сонымен қатар «Үздік патриоттық ән» номинациясының үміткерлерінің әндері арнайы дискте жарық көреді. Алу құны- 1500 тг. Қатысу жарнапұлы- 2000 тг. Жинақты алам деушілер қатысу құнымен бірге аударуы тиіс.



Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефондары: 8775-140-99-88; 87029812964.







Өтінішті толтыру үлгісі:

ІІІ Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» патриоттық байқауына

өтініш

Мекен-жайы(облыс, аудан, қала, ауыл):


Оқу орнының ресми атауы:


Оқушы(лар)дың аты-жөні:


Сыныбы:


Жасы:


Жетекшісінің аты-жөні, байланыс нөмірі:


Байқау номинациясы:


Байқау жұмысының атауы (шығарманың авторы міндетті түрде, суреттің атауы, әннің авторы):



Пошталық адрес, индекс, байланыс телефондары, электронды адресі:


Сапалы фотосуреті





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!