СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Атадан қалған асыл мұра

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих пәнінен өткізген оқушылар арасындағы жарыс

Просмотр содержимого документа
«Атадан қалған асыл мұра»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Атадан қалған асыл мұра» тапқырлар сайысына қош келдіңіздер.

Сайысқа 7,8 сынып оқушылары қатысады.

  1. сынып тобы «Томирис»

  1. Тахмина - топ басшы.

2.Ақерке

3.Береке

4.Балауса

5.Ұлжан

6.Ғаният

7.Жансерік

8.Еркебұлан

8 сынып тобы «Алаш»

1.Салтанат – топ басшы

2.Құндыз

3.Аружан

4.Дина

5.Нәсіп

6.Әзілхан

7.Мұхамеджан

8.Нұрасыл

Әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:

1.Жорабай Нүрилла

2.11 сынып оқушылары: Сембек Құралай,Сауранбай Құралай







Сайыс бөлімдері:

1.Сәлем- сөздің анасы

2.Шешендік-ақылмен билеу өнері

3.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

4.Өлең- сөздің патшасы.

5.Ойлы болсаң, озып көр.

6.Өнерлі өрге жүзеді.

1. «Сәлем-сөздің анасы.»Топтар өздерін таныстырады. Жоғары ұпай-5 ұпай.

2. «Шешендік-ақылмен билеу өнері .» бөлімінде топтардың шешендік қабілеті бағаланады. Топтар кезектесіп жұлдызшаларды таңдайды. Әрбір жұлдызшада тақырып жасырынған. Топтан 1 оқушы шығып, осы тақырыпты баяндауы керек.

Қызыл жұлдызша- Үйсін мемлекеті Сары жұлдызша- Желтоқсан оқиғасы. Көк жұлдызша- Қазақстан. Қоңыр жұлдызша- Қазақ халқы.

3 бөлім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.»

«Мәдени мұра» тақырыбына арналған. Бұл бөлімнің 1 тапсырмасы: «Тұлға- даралықтың белгісі» тақырыбында әр сыныпқа 3 ұяшық жасырынған. Кез келген ұяшықта өз сыныбының бағдарламасы бойынша 2 тұлға берілген, осы тарихи тұлғалар туралы мәліметтер беру керек. Егер 1 тұлғаға жауап берілмесе, жарты ұпай беріледі.

Ұяшықтарда 10,20,30 ұпай көрсетілген.

7 сынып.Ұяшықтар:

10 - Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн

20 – Махмуд Қашғари,Ахмед Иүгенеки

30- Ахмед Иассауи,Күлтегін

8 сынып.Ұяшықтар: 10- Әбілхайыр, Бөгембай.

20- Абылай. Сырым Датұлы

30- Емельян Пугачев, Исатай Тайманұлы

2 тапсырма. « Жәдігерлер сыр шертеді.»

2 топқа Кесенелер, Жұмбақ сурет ұяшықтары берілген. Әрбір ұяшықта 10,20,30,40 ұпай бар. Ұяшықтағы ұпайды таңдағанда суреттер шығады, сол сурет туралы мәлімет беру керек.

Кесенелер:

10-Айша Бибі кесенесі

20- Арыстан баб кесенесі

30-Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

40-Қозы Көрпеш- Баян сұлу кесенесі

Жұмбақ сурет:

10-Ұлы Қытай қорғаны

20-Сармат алтын киімді адамы

30-Ұлы Отан соғысы

40- Қазақ көші



4 бөлім. «Өлең- сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы. Әр топ 1 өлеңді жатқа оқиды. Жоғарғы ұпай-5 ұпай.

5 бөлім «Ойлы болсаң, озып көр.»

Әрбір топқа 10 сұрақ оқылады.Топ ақылдасып, жауап береді.Сұрақтар өз сыныбының Қазақстан тарихы бағдарламасы, тақырыптары бойынша қойылады. Дұрыс жауап- 1 ұпай.



7 сынып сұрақтары:

1.Түрік мемлекетінің негізін салған кім? Бумын



2.Түріктерде қонаққа қойылған ас? Қойдың басы.

3. Арабтар “сүзеген”,”мүйізді қаған” деп ат қойған түргеш қағаны? Сұлу қаған. 4.Терракота дегеніміз не?

Оюланған кірпіш.

5.X-XIIғ. Шығыс моншалары қай қалаларда табылған?

Отырар,Тараз.

6.Батыс Түрік қағанатындағы он тайпаның аты?

5 нушеби,5 дулу.

7.Оғыз сөзі нені білдіреді?

“уыз”,”садақтың оғы”,”өгіз” тотемдік сөз 8.Атлах шайқасы қашан болды?

751 жылы

9.Ұлы Жібек жолының әлсіреуіне, сауда қарқынының бәсеңдеуіне қандай 2 жағдай себеп болды?

1)XVIIғ. теңіз жолдары ашылуы.

2) Монғол шапқыншылығы.

10.Наймандардың орталығы қай қала?

Балықты.



8 сыныптың сұрақтары: 1.1723-1727жылдардағы “ Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама”оқиғасы кезінде шыққан ән?

“Елім-ай”

2.1731 жылы 19 ақпанда Кіші жүз ханы Әбілхайыр Ресей патшасы Анна Ионовнаға жіберген елшілері?

Сейітқұл Қойдағұлұлы,Құтылымбет Қоштайұлы.



3.Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды,соңғы ханы?

1824 жыл.Шерғазы. 4.Бөкей Ордасының орналасқан жері?

Еділден Жайық өзеніне дейін.

5.1812 жылы Отан соғысында полк басқарған,шоқынған қазақ?

Яков Беляков

6.Кенесары Қасымұлы қозғалысының қозғаушы күші?

Қазақ шаруалары

7.Кенесары 1847 жылы Майтөбе деген жерде кімдердің қолынан қаза табады?

қырғыздардың. 8.Қазақ-жоңғар соғысының басты шайқастарын атаңдар?

1718 жыл Аягөз,1726 жыл Қалмақ қырылған,1729(1730 )жыл Аңырақай шайқасы.

9.1758 жылы Жоңғарияны толық талқандап,оның жерін Жаңа шекара ретінде қосып алған ел.

Қытай.

10. Бөкей Ордасында 1832 жылы жәрмеңке, 1841 жылы алғашқы зайырлы мектеп ашқан хан? Жәңгір





6 бөлім. «Өнерлі өрге жүзеді» деп аталады. Әрбір топ өз өнерлерін көрсетеді.

Әділ-қазылар алқасы қорытынды бағасын шығарады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!