СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сабақ барысында ойын түрлерін қолдану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? Абай Кұнанбаев

«Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану»

       Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар менойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді.Түзету кабинетінде балаларды ойын арқылы бақылап, түзету және ойын арқылы баламен қарым –қатынасқа түсе аламыз.Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі; Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген құштарлықты қалыптастыруға болады. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды», дейді. Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады: 1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою; 2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою. Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар: 1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру; 2. Балаларды сөйлеуге үйрету; 3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру. Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет. Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады. Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс - қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата - бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді. Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз. Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Loading...

 

Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы.

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп: — Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, — дейді. Сонда кемеңгер: — Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» — деп сұрайды. — Үш ай.

— Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, — депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланыңкөңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі – ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?!

Педагог ретінде қысқа мерзімді даярлық топтары балаларына тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр. Себебі, бұл балалар – үйде болған, балабақшаға бармаған, мектепалды даярлықтан өтпеген биязы балалар. Ата-анасының етегінен асып көрмеген олар балабақшаға келгенде бөтен ортаға, бөтен адамдар арасына түседі. Отбасы, ошақ қасынан басқа да дүние бар екенін, балаға басқа өмірге аяқ аттап келе жатқанын аса бір педагогикалық шеберлікпен, шынайылықпен жеткізген жөн. Ойнай отыра тәрбиелеу, білім беру.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», — дейді. Бұл сөздер алынып отырған әдісіме, айтылған сөзіме жан бітіріп отырғандай.

Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан, ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

Осы ойындардың ішінен сабаққа, іс-әрекетке, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданамын. Кейде сабақтың талабына сай ойындар толық емес, элементтері пайдаланылады.

1. «Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:

Ақсерек, көксерек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақсерек, көксерек,

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:

Ақсерек, көксерек,

Сізден бізге … (баланың аты) керек.

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде пайаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді . Бала тапсырманы қызыға орындайды.

2. «Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»). Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

3. «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.

4. «Ұшты-ұшты!» ойыны. Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

— Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)

— Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)

— Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады)

— Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды). Біріншіден, балаларға қызық, екіншіден, есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамытады, өнерлі болуға баулиды.

5. «Тақия тастау». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей тастап кетеді. Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді.

6. «Сымсыз телефон» ойыны. Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді тез айтады. Келесі бала естігенін көршісіне айтады. Сөйтіп тізбек бойы айтылады. Соңында қай сөз айтылғаны сұралады. Егер сөз бұзылса, оны бұзған бала айыбын төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне әртүрлі сөздер айтады. Кейін жүргізуші әр балаға сұрақтар қояды. Мысалы, «Сен тамақты немен ішесің?» — дейді. Ол баланың сөзі «қарындаш» болатын. Сонда «Қарындашпен тамақ ішемін» деп жауап береді. Әрбір қисынсыз шыққан жауапқа балалар мәз-мейрам болып күледі.

Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді

Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осй ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі

Просмотр содержимого документа
«"Сабақ барысында ойын түрлерін қолдану"»

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?
Абай Кұнанбаев

«Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану»

Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар менойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді.Түзету кабинетінде балаларды ойын арқылы бақылап, түзету және ойын арқылы баламен қарым –қатынасқа түсе аламыз.Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі;
Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген
құштарлықты қалыптастыруға болады.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды»,
дейді.
Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады.
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс - қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата - бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов:
«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.
Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Loading...


Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы.

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп: — Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, — дейді. Сонда кемеңгер: — Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» — деп сұрайды.
— Үш ай.

Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, — депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланыңкөңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі – ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?!

Педагог ретінде қысқа мерзімді даярлық топтары балаларына тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр. Себебі, бұл балалар – үйде болған, балабақшаға бармаған, мектепалды даярлықтан өтпеген биязы балалар. Ата-анасының етегінен асып көрмеген олар балабақшаға келгенде бөтен ортаға, бөтен адамдар арасына түседі. Отбасы, ошақ қасынан басқа да дүние бар екенін, балаға басқа өмірге аяқ аттап келе жатқанын аса бір педагогикалық шеберлікпен, шынайылықпен жеткізген жөн. Ойнай отыра тәрбиелеу, білім беру.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», — дейді. Бұл сөздер алынып отырған әдісіме, айтылған сөзіме жан бітіріп отырғандай.

Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан, ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

Осы ойындардың ішінен сабаққа, іс-әрекетке, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданамын. Кейде сабақтың талабына сай ойындар толық емес, элементтері пайдаланылады.

1. «Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:

Ақсерек, көксерек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақсерек, көксерек,

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:

Ақсерек, көксерек,

Сізден бізге … (баланың аты) керек.

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде пайаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді . Бала тапсырманы қызыға орындайды.

2. «Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»). Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

3. «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.

4. «Ұшты-ұшты!» ойыны. Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды). Біріншіден, балаларға қызық, екіншіден, есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамытады, өнерлі болуға баулиды.

5. «Тақия тастау». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей тастап кетеді. Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді.

6. «Сымсыз телефон» ойыны. Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді тез айтады. Келесі бала естігенін көршісіне айтады. Сөйтіп тізбек бойы айтылады. Соңында қай сөз айтылғаны сұралады. Егер сөз бұзылса, оны бұзған бала айыбын төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне әртүрлі сөздер айтады. Кейін жүргізуші әр балаға сұрақтар қояды. Мысалы, «Сен тамақты немен ішесің?» — дейді. Ол баланың сөзі «қарындаш» болатын. Сонда «Қарындашпен тамақ ішемін» деп жауап береді. Әрбір қисынсыз шыққан жауапқа балалар мәз-мейрам болып күледі.

Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді

Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осй ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі


Скачать

© 2018 2986 3

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!