«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым Датұлы «Бала би мен Сырым»; Бұқар жырау «Тілек», «Әй, Абылай, Абылай», «Асқар таудың өлгені»
Оқу мақсаты 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
Шығарманы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Берілген формула бойынша «Қаз дауысты Қазбектің қонтайшыға жауабының» тарихи құндылығына баға беріңіз. "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз...».
https://e-history.kz/kz/publications/view/3433
Менің ойымша ________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Себебі мен оны былай түсіндіремін _______________________________________________ ____________________________________________________________________________ Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын _________________________ _____________________________________________________________________________ Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім __________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
Шығарманың көркемдік құндылығы туралы ойыңызды 5-6 сөйлеммен сабақтап, нақты 2 мысал келтіріңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________