СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аталар мұрасы - халық қазынасы"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ 5 сынып "Аталар мұрасы - халық қазынасы".

Просмотр содержимого документа
«"Аталар мұрасы - халық қазынасы"»

Сабақтың тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы

Сабақтың мақсаты: Сандарға қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ (қайталау сабақ).

Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточкалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу.

б) топқа бөлу.

в) сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақ 5 кезеңнен тұрады:

І кезең: Тез жауап.

ІІ кезең: Геометриялық лото.

ІІІ кезең: Ақ серек, көк серек» ойыны.

ІV кезең: Арқан тарту.

V кезең: Нысана көздеу.


Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

МАТЕМАТИКА,

сондықтан оны оқу керек. (М.Ломоносов).


Салт-дәстүр – халық педагогикасының бастауы.

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы,

келер заманның атасы!

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.


І кезең: «Тез жауап»

Сұрақ – А

1. 12-ні 10 есе арттыр

2. 62 - 6 неге тең?

3. Ең үлкен үш таңбалы сан

4. Глобус қандай фигураны елестетеді?

5. Екі нүктенің арасындағы түзу.

Сұрақ - В

1. Ең үлкен екі таңбалы сан

2. 1-қандай сандардың көбейтіндісі?

3. 360 саныны 10 есе кеміт

4. Глобус қандай геометриялық денені бейнелейді?

5 . 52 - неге тең?

Сұрақ - С

1. Тік төртбұрыштың ауданынын формуласы.

2. Уақыттың өлшем бірлігі.

3. 102 - неге тең?

4. 1 тәулікте неше сағат бар?

5 . Жолдың формуласын жаз.


Мақал-мәтелдерді білеміз бе?

...еу түгел болса,

Төбедегі келеді.

Ерінген ... істейді.

Білгенің ... ...,

Білмегенің ... тоғыз.



Еңбегің егіз болса,

Байлығың ... болады.

Ердің сөзі ...еу,

Ердің көгі – ...еу.

... атасын білмеген,

Жетімдіктің белгісі.

... ... мүшең сау болса,

Қара басың ханмен тең.


ІІ кезең: «Геометриялық лото»

І – топ

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі 105 см3. Оның ұзындығы 7 см, ені 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі неше сантиметр?

ІІ – топ

Тік төртбұрыштың ұзындығы 2 дм, ені 9 см. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.

ІІІ – топ

Тік төртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см. Тік төртбұрыштың периметрі неше сантиметр?


ІІІ кезең: «Ақ серек, көк серек» ойыны

Жеке жұмыс

Теңдеуді шешіңдер:

1. 160: (у+3)= 20 4. 5у+3(7у+18)= 106

2. 216: (16-х)= 18 5. 8х+4(13х+32)= 308

3. (8х+91):7= 21 6. 5(11х-31)-9х= 121

Сергіту сәті: Қара жорғаға би.


V кезең: «Арқан тарту»

Жұмбақтар

  1. Заттарды санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтындаршы бұл қандай сан?

Жан-жағына қарамай (Натурал сандар)

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Қосудан тұрады

Егер оны тағы басқа

Қалай атауға болады (Көбейту)

  1. Санға қосып алсаң

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады (Нөл)

  1. Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар. (13 қалта)


V кезең

І топ

3 см = х дм

3 мин. = хс

ІІ топ

4 м 6 см = х см

1 сағ. = х мин

ІІІ топ

2 т = у кг

5 т = у кг