| | | Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2A. Атомдар. Молекулалар. Заттар | Мектеп: «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі | | |
| | | Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қожабаева Қаламқас Нұрақызы | | |
| | | Сынып: 7 | Қатысқандар: Қатыспағандар: | | | |
| | | Сабақтың тақырыбы | Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар | | |
| | | Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары | 7.1.2.6 алғашқы 20 элеметтің атом құрылысы (p+,n0,e-) мен атом ядросының құрамын білу. 7.1.2.7 изотоп түсінігін білу. | | |
| | | Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Оқушылардың көпшілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Кейбір оқушылар: Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту. | | |
| | | Бағалау критерийі | Оқушылар: - атом мен молекуланы ажырата алады; - алғашқы 20 элементтің атом құрылысы және атом ядросының құрамын біледі. - протон саны, нуклон санының мәндерін біледі. | | |
| | | Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Атом құрылымын және атом неге n протон, нейтрон, санына ие екендігін ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады. -изотоп ұғымын білетін болады. Терминология: Атом, протон, нейтрон,изотоп. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Атомнан кез-келген бөлшек……, немесе бола алады. Протон және нейтрон массалары ... тең , ал электрон массасы ..... | | |
| | | Құндылықтарға баулу | Сын тұрғысынан ойлау; Осы сабақта балалардың бойына өмір бойы оқу құндылығын дарыту Жұппен жұмыс жасауда ынтымақтастық қарым –қатынас орнату | | |
| | | Пәнаралық байланыс | Әрбір зат молекулалардан, ал молекулалар атомдардан тұратынын сіздер физика және химия пәндерінен оқып үйрендіңдер. | | |
| | | Алдыңғы білім (5 мин) | Протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын, зарядын ажырата біледі. Атом заттың ең кіші бөлшегі екенін білді. Молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін түсінеді. Заттар құрамына қарай жай және күрделі деп жіктелетінін ажырата білді. «Өрмекшінің торы» әдісі Алдыңғы білімін толықтыру мақсатында химиялық элемент анықтамасын нақты айта алады және зат туралы ұғымға түсініктеме бере алады. 1.Химиялық элемент дегеніміз не? Химиялық элемент және жай зат ұғымдарының айырмашылығы қандай? 2. Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді және олардың бір- бірінен айырмашылығы неде? 3. Химиялық элементтерді қалай таңбалайтынын білесің бе? Мұғалім топтық жұмыста оқушыларды бақылай отырып, қосымша сұрақтар дайындап қажеттіліктерін толықтырады | | |
| | | Сабақ барысы | | | |
| | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| | Сабақтың басы |
| | 2 мин 2 мин | Сыныппен амандасу, психологиялық ахуал туғызу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылар 1,2,3, деп санау арқылы топтарға бөлінеді. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. (Атом құрылысы туралы білімді нақтылау.) Оқушыларға тапсырма беремін. Топтық жұмыс. Оқушылардың назарын қарату үшін «Миға шабуыл» әдісі. (Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатына негізделеді) (сладқа жаңа тақырып бойынша сурет қойылады) Оқушыдар сурет арқылы не айта аламыз? | Оспанова М. Қ. Белоусова Т. Г. Аухадиева Қ. С. слайд |
| | Сабақтың ортасы |
| | 5 мин | Мағынаны ашу. Бейнебаян көрсетіледі | |
| | 3 мин 1 мин | Тапсырма № 1 Жеке жұмыс (Оқушылардың білім деңгейін саралаймыз) Жеке жұмыс парағымен оқушылар алдымен таныс болады. Содан соң бейнематериалда көрген материалды қолдана отырып, жұмыс парағын толтырады. Мұғалім бақылау жүргізу арқылы қажеттіліктерін анықтап, қолдау көрсетеді. А) Схеманы толықтырыңыз. Атом құрылысы В) Протон, электрон, нейтронның салыстырмалы массасы және зарядын кестеге толтырыңыз Элементар бөлшектер | Заряды | Массасы | p | +1 | 1 | n | 0 | 1 | e | -1 | 1/1836 | Дескриптор: Оқушылар осылайша өз беттерінше атом құрылысы мен құрамымен таныс болады. Оқушылардың изотоптар туралы өз бетінше анықтама құрастырулары үшін келесі тапсырма беріледі. Бағалау: Оқушылардың жауаптарын бағалау үшін оқушылар көршілес топтармен жұмыс парақтарын алмастырады. Дұрыс жауаптар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі, сәйкесінше оқушылар бірін-бірі бағалайды. Кері байланыс: Дескриптор бойынша кері байланыс алу | Жеке жұмыс парағы, Бейне материал Smk.edu.kz |
| 2 мин 1 мин 7 мин 1 мин | Тапсырма №2 Жұптық жұмыс Жұптық жұыста оқушылар бір- бірімен ақылдасып, сыни ойлану қабілеттерін дамыта отырып химиялық элементтерге сипаттама бере алады. Мұғалім бақылай отырып, жұптық жұмыста қозғалмай отырған оқушыны анықтайды. Қосымша тапсырмалар дайындап келеді. Жұптық жұмыста оқушылардың дарындық қабілеттерін анықтайды. Элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын, салыстырмалы атомдық массасын, аталуын анықтаңыз: а) B b) F c) Al d) S Элемент таңбасы | Аталуы | Реттік номері | Протон саны | Нейтрон саны | Электрон саны | Салыстырмалы атомлық массасы | | | | | | | | | | | | | | | Дескриптор: Білім алушы − элементтердің атауын, құрылымын және қасиетін анықтайды. Бағалау: Бесбармақ әдісі Тапсырма №3 Топтық жұмыс А4 қағазына орнатамын. Топтық жұмыста ынтымақтастық құру мақсатында А4 қағазына тапсырманы орындайды. Топта кім жауап беретінін топ басшысы айтады. Көсбасшылық рөлі анықталады. Мұғалім қадағалайды. Суретте сутектің изотоптары: протий, дейтерий және тритий берілген. 1-топ: Бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы ұқсастықты көрсетіңіз _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2-топ: Бір химиялық элементтің изотоптары арасында қандай айырмашылықты көрсетіңіз _____________________________________________________________________ 3-топ: «Изотоп» ұғымы анықтамасын тұжырымдаңыз. Изотоптар – ________________________________бірдей, бірақ, ________ _____________________________________________ түрі. Дескриптор: Білім алушы - бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы ортақ белгіні ажырата алады; - бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы айырмашылықты көрсете біледі; - изотоптардың анықтамасын құрастырады. Бағалау: Қол шапалақтау арқылы бағаланады. 3- шапалақ Толық жауап 2- шапалақ Жартылай толық 1-шапалақ Мүлдем толық емес | Бесбармақ А4 | |
Сабақтың соңы | |
Сабақты бекіту 3 мин 5 мин 2 мин | Жеке жұмыс. ББҮ стратегиясын пайдалану. Дәптермен жұмыс. 126С , 136С, 146 С көміртегі изотоптарының атом құрамын моделдеңіздер Рефлексия: (дәптерлеріне жазбаша жазады) 1. Изотоп дегеніміз не? 2. Төменде берілген қай элементтің изотоптары екенін анықтап, әр қайсысын символмен көрсетіп, жазыңыз Мұғалімнің кері байланысы: Оқушылардың рефлекциясынан кейін кері байланыс жасау Кері байланыс: Бағалау: Түрлі түсті стикермен бағалау Толықтай талдау жасаған оқушыға көк стикер Мәлімет толық емес сары стикер Үйге тапсырма: §.8 тақырыпты оқып келу Тапсырма: Оқушының білімін кеңейтуге, ізденімпаздығын арттыру мақсатында үйде бір химиялық элементтің атом құрамын моделдеу сұралады (алғашқы 20 элементтен). | Дәптер | |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | | |
Талаптары әртүрлі оқушылар бір-біріне қолдау жасау үшін топтастырылады. Оқушылар дереккөздермен жұмыс жасайды. Оқушылардың қарқыны әртүрлі болғандықтан көмек қажеттеріне қарай қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушыға ізденіске жетелейтін, күрделендірілген тапсырмалар беріліп, топта достарымен адамгершілікпен, ынтымақтастық орта құра білуге жұмылдырады. Оқу материалын меңгере алмай отырған оқушыға барып, қолдау көрсетіледі. | Алдыңғы білімін толықтыру мақсатында химиялық элемент анықтамасын нақты айта алады және зат туралы ұғымға түсініктеме бере алатындығын анықтау мақсатында смайликтер арқылы бағалау Атом құрылысын білетіндігін анықтау үшін Бірін-бірі бағалау. Жұптық жұмыс оқушылар бірін-бірі Бесбармақ әдісі арқылы бағаланды. | Қауіпсіздік техникасын сақтау | | |
Сабақ бойынша рефлексия | | | |
| | |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | | |