СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Атсырау жағдайы

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Атсырау жағдайы»

Куні: 29.01-30.01.-05.02.-06.02.2019ж

Сыныбы: 3а,3ә

Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович

Сабақтың тақырыбы: «Атсырау » жағдайы

Сабақтың мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақта қолданылған әдістәсілдер:Ойын тәсілдері арқылы атсырау ережесін меңгеру
Керекті құралжабдықтар:

тоғызқұмалақ тақтасы Сабақтың құрылымы.

Ікезең

А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.

Ойларын сабаққа аудару

Ә)Үй жұмысын тексеру

Сұрақ– жауап әдісі:

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қоштаушы деген кім?

Бастаушы деген кім?

Қазан деген не?

Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.

ІІ кезең

5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады. (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21. )тақ сан) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.) жұп сан жабық деп жазған жөн.
«Тұздық алу» Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

«Атсырау» деген не?
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады

Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау,мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қоштаушы
• Тұздық
• Атсырау ( Анықтама беру)

Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).

Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81 б) 82 с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

А)бастаушы б)Қоштаушы с)Жүрүші

3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9 б)18 с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау б)тақта с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға б)екінші отауға с)алтыншы отауға

ІІ-деңгей тапсырмасы:

Сәйкестендіру тесті

  1. отау „ Көкмойын“

  2. отау „Бел“

3.отау „Қандықақпан“

4.отау „Маңдай“

  1. отау „Атөтпес“

  2. отау „Тектұрмас“

7 .отау „Арт“

8 .отау „Белбасар“

9 .отау „Атсыратар“

Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме?

Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген?

Әр бөлікте неше отау,неше қазандық бар?

Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?

Тоғызқұмалақ терминдерін ата?

Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз?

Жұп, тақсандар

Үйгетапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауаттарының мағынасын, атауын жаттап алу және «атсырау» тәсілін меңгеру




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!