Май ауданы әкім аппаратының «Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік аттестаиядан өту қорытынды тұжырымы.
Павлодар облысы білім сапасын бақылау департаментінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 1-03/209 бұйрығын орындауда 2014 жылғы маусым айының 16-нан 20-на дейін Май ауданы әкім аппаратының «Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының жоспарлы мемлекеттік аттестациясы жүргізілді.
Аттестацияның мақсаты: мекеменің білім беру қызметінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау.
Аттестация барысында келесі сұрақтар қарастырылды: кадр құрамы, тәрбиеленушілердің контингенті, оқу - әдістемелік жұмысы, тәрбиелік үдеріс, оқу-материалдық активтер, ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор.
Бақылау әдістемесі: материалдық-техникалық қорды және әлеуметтік қамтамасыз етілуін визуалды қарау, құжаттарды қарастыру; оқу-тәрбие процессінің көрсеткішінің сараптамасы, тәрбиешілер, ата-аналармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу.
Жұмыс барысындағы меңгерілген және жалпыланған материалдар мен жұмыс қортындысы, әкімшілік әрекетінің сараптамасымен әр түрлі басқару аспектілері бойынша аттестация комиссиясы келесі тұжырымға келді.
1. Білім беру мекемесінің жалпы сипаттамасы.
Май ауданы әкімаппаратының «Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Павлодар облысы, Май ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 маусымдағы №155/6 қаулысы негізінде өз әрекетін 2010 жылғы 15 желтоқсанынан бастады.
Балабақшаның заңды мекенжайы: 140800, Павлодар облысы, Май ауданы, Абылайхан көшесі, 20 үй.
Бүгінгі таңда білім беру мекеме әрекетін негізінде жүзеге асырады:
- Май ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 157/6 қаулысымен бекітілген Май ауданы әкім аппаратының «Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Жарғысы.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігі 2010 жылғы 27 маусымдадағы тіркелу номері 103-1945-09-МК, БСН 100740014917.
- Кентүбек селолық округінің 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі мекемеге жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысы.
- Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін жер акті 1,0582 ш.а. тұрақты жер сәбилер-бақшасы ғимаратын орналастыруға және қызмет көрсету үшін мақсатты қолданысқа 14-210-027-114 кадастрлық нөмір берілген.
- Павлодар облысы бойынша әділет басқармасының 2014 жылғы 17 маусымдағы № 101000669956929 берілген қозғалыссыз мүлігі мен оның техникалық мінездеме құқығын тіркеу анықтамасы бойынша ғимарат пен жер аумағы балабақша елшілігінде.
- Май ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік басқармасының 2010 жылғы 24 желтоқсанындағы № 95 санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарымға сәйкес мекеме 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің мазмұны мен құрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» талабына сәйкес.
- Май ауданы бойынша өртке қарсы қызмет департаментінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешіміне сәйкес нысана өртке қарсы талап және ереже талаптарына сәйкес емес. Бүгінгі күнге дейін кемшіліктер жойылған, тексеру актісі бар.
Балабақша 4 жас шамалық топтарында (1-ші сәби, 2-ші сәби және екі ортаңғы топ) 70 баламен қамтылған, оқу-тәрбие қазақ тілінде жүзеге асырылады.
Мекеменің құжат айналымы мен қабырғалардағы ақпараттар мазмұны қазақ тілінде.
2010-2014 оқу жылдарға арналған Даму бағдарламасы құрастырылған. Бағдарламада «Мектепке дейінгі баланың жағдайын жасау», «Мемлекеттік Стандарттың сәйкестігін үйлестіру», «Кәсіптік педагогтар ойын арқылы балалардың сөйлеу мүшелерін жетілдіру» бөлімдеріне бөлінген.
2011 жылғы 14 желтоқсанда мекеме басшысымен бекітіліп Павлодар қаласы білім беру бөлімімен келісілген іс-номенкулатурасы бойынша мекеменің құжат айналымы жүргізіледі.
2010 жылдан бастап жоғарғы уәкілетті органдардан жалпы 15 тексеріс жүргізілген.
| Жылы | Тексеріс жүргізген мекемелер | Жалпы саны | Тексеріс түрі | Нәтижесі |
| Жоспарлы | Жоспардан тыс |
| 2010 жыл | Май ауданы бойынша МСЭҚ басқармасы | 1 | 1 | | кемшіліксіз |
| Май ауданының төтенше жағдайлар басқармасы | 1 | | 1 | кемшіліксіз |
| 2011жыл | Май ауданы бойынша МСЭҚ басқармасы | 2 | | 2 | 5АЕК |
| Май ауданының төтенше жағдайлар басқармасы | 1 | 1 | | кемшіліксіз |
| 2012 жыл | Май ауданы бойынша МСЭҚ басқармасы | 3 | 2 | 1 | 10 АЕК |
| Май ауданының төтенше жағдайлар басқармасы | 1 | 1 | | кемшіліксіз |
| 2013 жыл | Май ауданы бойынша МСЭҚ басқармасы | 3 | 1 | 2 | кемшіліксіз |
| 2014 жыл | Май ауданы бойынша МСЭҚ басқармасы | 1 | 1 | | кемшіліксіз |
| Май ауданының төтенше жағдайлар басқармасы | 1 | 1 | | кемшіліксіз |
Педагогикалық кеңестер хаттамалары бойынша өткізілген педагогикалық кеңестер тақырыптары жоспарланған тақырыптармен сәйкес. Педагогикалық кеңес хаттамалар журналы бар, пед кеңес материалдары толық жинақталған.
Алайда, балабақшаның медициналық кабинетінің әрекетін жүзеге асыруға рұқсат беретін мемлекеттік лицензиясы жоқ.
Даму бағдарламасында балабақшаның даму бағытындағы жұмыстар бөлімдері мен бағыттары, жыл сайынғы кезеңмен жүзеге асыру сұрақтары толық анықталмаған. Яғни, мекеменің даму стратегиясы мен басты жұмыс бағыты белгіленбеген және әр жылдар бойынша мақсат міндеттер көрсетілмеген. Негізгі бағыттар «Ата-аналармен жұмыс», «Материалды-техникалық базаны нығайту» жұмыстары мен күтілетін нәтиже жоспарланбаған.
Педагогикалық кеңес хаттамалар журналы нөмірленбеген және мөрленбеген.
Жоспардың жүзеге асырылуы бойынша сараптамалар жүргізілмеген және жылдар бойынша өзгертулер мен толықтырулар еңгізілмеген.
Педагогикалық кеңес хаттамасында педагогикалық кеңес тақырыбы және жүргізу түрі, шешімдерде жауапты адамдар тағайындалмаған және жұмыстың аяқталу мерзімі берілмеген.
2. Кадр құрамы
Мекеме кадрлармен толық қамтылған, ваканттық орын жоқ. Штаттық кестеге сәйкес ағылшын тілі, ән-күй жетекшісі мен психолог жұмыс істейді.
2013-2014 оқу жылы педагог кадрлар құрамын 8 тәрбиеші құрайды.
| | 2010-2011 | % | 2011-2012 | % | 2012-2013 | % |
| Жалпы педагогтар | 12 | 12 | 12 |
| Жоғары білімді | 4 | 33% | 4 | 33% | 6 | 50% |
| Мдм тәрбиешілері | 1 | 8,3% | 1 | 8,3% | 4 | 33% |
| Арнайы орта білімді | 8 | 67% | 8 | 67% | 6 | 50% |
| Мдм тәрбиешілері | 3 | 25% | 4 | 33% | 2 | 17% |
| Сырттай оқып жатқандар | - | - | 6 | 50% | 4 | 33% |
Биылғы 2013-2014 оқу жылындағы педагогтардың білімдік көрсеткіші:
Жоғары білімді- 6 педагог (54,4%)
Мектепке дейінгі біліммен - 2 тәрбиеші (18%)
Арнайы орта білімді - 5 тәрбиеші (45,5%)
Мдм тәрбиешілері- 0 тәрбиеші (%)
Мекеменің 2 тәрбиешісі биылғы оқу жылында сырттай жоғарғы оқуды мектепке дейінгі білім мамандығымен тәмамдауда.
Педагогикалық ұжымның сапалық құрамын сараптау бойынша мекеменің басшылығымен педагог кадрлардың сапасын арттыру мақсатында жұмыс жоспары негізгі талаптар негізінде құрастырылып, жүзеге асырылуда.
| Барлық педагогтар | 2010-2011 | 2011-2012 | 2012-2013 |
| 12 | 12 | 12 |
| Жоғары санат | - | - | - | - | - | - |
| 1 санат | 1 | 8% | 1 | 8% | 1 | 8% |
| 2 санат | - | - | - | - | - | - |
| санатсыз | 11 | 92% | 11 | 92% | 11 | 92% |
Балабақшадағы педагогтардың барлығы лауазым бойынша жұмыстарын осы мекемеде бастағандықтан 2011 жылдан бастап педагогтар тек қайта даярлау курстарынан өткен.
2013-2014 оқу жылындағы педагогтардың сапалық құрамы:
Жоғарғы санатты- 0 педагог (%)
Бірінші санатты- 1 педагог (9%)
Екінші санатты – 0 педагог (%)
Санатсыз педагогтар- 10 педагог (91%)
Балабақшада педагогтардың сапалық құрамын жетілдіру бойынша жұмыстар жоспарлы жүзеге асырылуда. 2014-2015 жылда педагогтарды аттестациялау жоспарына сәйкес 2 педагог 2-нші санатқа өтініш берген. Алдыңғы жылдарға педагогтардың аттестациялау жоспарының болжамы бекітілген. Педагог кадрларды аттестациядан өткізу негізгі ереже талаптарына сәйкес, аттестациялау ережелерімен таныстыру және жұмысты жүзеге асырылу жоспарлары бар, бекітілген сараптамалар комиссиясы мен аттестаттау комиссия отырыстарының тіркелген хаттамалар журналы бар, мөрленген, нөмірленген.
Мекемедегі педагогтардың қайта даярлау курстарынан өтуі 3 жылдық болжамдық жоспар бойынша жүргізілген жұмыстары.
| 2010-2011 | 2011-2012 | 2012-2013 |
| - | % | 3 | 25% | 8 | 67% |
2013-2014 жылы 1 педагог 9% қайта даярлау біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен. Бүгінгі таңда жалпы педагогтардың ішінен 1-педагог қайта даярлау курсын декреттік демалыстан жана шыққанына байланысты өтпеген.
Соңғы төрт жылдағы педагогикалық ұжымның жас шамалық көрсеткіштері:
| Жылдар | Барлық педагогтар | 20-30 жас | 30-50 жас | 50-58 жас | 58 ден жоғары |
| 2010-2011 оқу жылы | 12 | 8(66,7%) | 3(25%) | 1(8,3%) | - |
| 2011-2012 оқу жылы | 12 | 9(75%) | 2(16,7%) | 1(8,3%) | - |
| 2012-2013 оқу жылы | 12 | 10(83,4%) | 1(8,3%) | 1(8,3%) | - |
| 2013-2014 оқу жылы | 11 | 7(63,6%) | 3(27,4%) | 1(9%) | - |
Педагогикалық ұжымның орташа жас көрсеткіші 32 жас.
Кадрлар ағымының келіп-кетуі байқалып, педагог мамандардың арасында тұрақсыздық байқалады.
| Жұмысқа қабылданғандар /жұмыстан босатылғандар | 2010 | % | 2011 | % | 2012 | % |
| қабылданғандар | 12 | 100 % | 3 | 25% | 4 | 33,3% |
| босатқандар | | | 3 | 25% | 1 | 8,3% |
Ұжымның 2 педагог 18 %-ы декреттік демалыста отыр.
2013-2014 оқу жылындағы педагогикалық еңбек өтілінің көрсеткіштері
| жыл | 1-5 | % | 5-10 | % | 15-20 | % | 20дан жоғары | % |
| 2013-2014 | 6 | 54,5% | 5 | 45,5% | - | | - | |
Балабақшада 2013-2014 оқу жылында 2 жас маман жұмыс атқаруда. Мекемеде мектепке дейінгі жас мамандарға жас тәрбиешілерінің балалармен қызмет мәселесі бойынша педагогикалық құзіреттілігін арттыруға көмек көрсету мақсатында «Жас мамандар мектебі» құрылған, жылдық жұмыс жоспарлары құрастырылып басшымен бекітілген. Жоспарда жүргізілетін іс-шара және жүргізуге жауапты адамдармен жүргізу мерзімі анық көрсетілген.
Бақшадағы 8 тәрбиешімен 2 жеке мамандардың барлығында педагогикалық портфолио папкасы бар. Портфолиода педагогтардың негізгі педагогикалық процеске қатысуы мен жүргізу бойынша материалдары жинақталған.
Аттестация барысында мекеменің білім беру жұмысының сапасын, кемшіліктерін анықтау мақсатында балабақшада педагогтармен сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға жалпы педагогтар санының 72,7% қатысты. Сауалнама қортындысы бойынша балабақшаға педагогтардың 75% жұмысқа жақсы көңіл күймен келеді, қалған 25% үнемі жақсы күймен келетіні аңғарылды. Яғни мекемеде психологиялық жағымды жағдай тудырылғаны анықталды. Педаогогтардың жұмыстағы уақыттарының 100% балалармен айналасатыны белгілі болды. Сонымен қатар барлық педагогикалық қызметкерлерді мекемедегі жұмыс жүйесіне қанағатты екенін білдірді.
Сауалнамаға қатысқан педагогтардың 50%, яғни 4 педагог жаңа технологиялармен бөлісе алатыны аңғарылды.
Алайда, мекемедегі педагог қызметкерлердің жеке құрамын тіркеу журналы жоқ. Педагогтардың жалпы санының 27,2% тәрбиешінің маман емес педагогтар екені анықталды. Мектептің Ережесі тудырылмаған, бұйрық негізінде бекітілмеген және мектебінің хаттамалары мен құжаттары жинақталмаған.
Жас педагогтар мектебіндегі жас мамандарға тәлімгерлер бекітілмеген.
Педагогтардың портфолиосында өз білімдерін жетілдіру тақырыбы бойынша 3 жылдық болжамдық жұмыс жоспарлары мен жұмыс соңында осы тақырып шеңберінде қандай мәселемен бөлісу жұмыстары берілмеген. Тақырыпты меңгеру немесе терең жұмыс жүргізу жұмысымен мәселелері көрсетілмеген. Жас мамандардың оқу-тәрбие процессін сапалы жүргізуге бағытталған бақшаішілік әдістемелік апта сайыстаржұмыстары жоспарланбаған.
3. Тәрбиеленушілердің құрамы.
2013-2014 оқу жылғы 1 қыркүйегінде балалардың тізім құрамы мекеменің жобалық қуатымен сәйкес.
| № | Оқу жылы | Топ саны | Оқыту тілі | Жалпы тізім құрамы | Орташа қатысуы |
| 1 | 2010-2011 оқу жылы | 4 | қазақша | 70 | 58 |
| 2 | 2011-2012 оқу жылы | 4 | қазақша | 70 | 52 |
| 3 | 2012-2013 оқу жылы | 4 | қазақша | 70 | 58 |
| 4 | 2013-2014 оқу жылы | 4 | қазақша | 70 | 61 |
Балалар балабақшаға аудандық білім беру бөлімінің жолдамасы негізінде қабылданып балаларды тіркеу журналына жүргізіледі. 2013-2014 оқу жылына 32 бала аудандық білім беру бөлімінің жолдама негізінде қабылданған. Мекемеде іс-номенкулатурасына сәйкес балалар қозғалысы тіркелетін қозғалыс журналы, бұйрықтары, бұйрықтарын тіркеу журналы тудырылған. Балалардың жеке іс-қағаздары тізімге сәйкес жиналған. Ата-аналармен келісім шарт бекітілген және ата-аналар шарттарын тіркеу журналдарына тіркелген.
Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық қабырғасы тудырылған.
Мекемедегі бір балаға келетін көлем тізім бойынша жататын бөлме және ойын бөлмелері 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы №1684 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Балалалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу нысандарында санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне сәйкес.
| . Топтар | Тәрбиелену шілердің саны | Жататын бөлменің 1 балаға көлемі | Ойын бөлмесінің 1 балаға көлемі |
| 1 сәби «а» тобы | 15 | 2,4 | 3,2 |
| 2 сәби «б» тобы | 20 | 2,4 | 2,4 |
| Ортаңғы «а» топ | 15 | 3,2 | 3,6 |
| Ортаңғы «б» топ | 20 | 1,8 | 3,2 |
Тәрбиеленушілері халықаралық интеллектуалдық балалар сайысы, облыстық және қалалық балалар шығармашылық сайыстарының үнемі қатысушылары.
| Оқу жылары | Іс-шаралар | Жетістіктер |
| 2010-2011 | Аудандық «Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестивалі | лауреат |
| 2012-2013 | Аудандық «Бүлдіршін» балалар шығармашылық фестивалі | лауреат |
| Аудандық «Шебер қол» балалар шығармашылық конкурсы | лауреат |
| 2013-2014 | Аудандық «Толағай» спорттық сайыс | 1 орын |
Алайда, ата-аналармен бекітілген келісім шарт 2012 жылғы 31 тамызындағы №1119 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарт талабына сәйкес емес. Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық қабырғасы жоқ.
4. Оқу-әдістемелік жұмыс
Оқу тәрбие процесін ұйымдастырып жүргізуге қажетті нормативтік құжаттар толық жинақталған.
Комиссия мүшелеріне барлық жылдар бойынша балабақша басшысымен бекітілген жылдық жоспарлар мен сабақ кестелері ұсынылды.
Тәрбиешілер мен мамандар жылдық тақырыптық жоспарлар құрастырылып әдіскермен келісіліп балабақша басшысымен бекітілген.
Мекеменің оқу жұмыс жоспарларының сараптамасы бойынша базистік жоспар сағат сандарымен оқу жоспарының сағат сандары сәйкес.
Барлық жылдардың ұйымдастырылған оқу әрекетінің кестесі жас шамалық топтар бойынша бекітілген, апталық сағат сандары оқу жұмыс жоспарының сағат сандары базистік оқу жоспарына сәйкес.
2013-2014 оқу жылы барлық жас шамалық топтарында оқу жоспарының вариативтік бөлімінде келесі сабақтар жоспарланған:
- Екінші сәби тобында аптасына - 1 сағат «Театр әрекеті».
- Ортаңғы топтарында «Ертегі елінде», «Ойлан тап» сабақтары аптасына - 1 сағаттан.
Аталмыш сабақтарға жұмыс бағдарламалары құрастырылған С.Торайғыров атындағы педагогикалық Университетінің кафедраларының пікірі алынған.
Тәрбиешілердің технологиялық карталарында «Алғашқы қадам», «Зерек бала» бағдарламалар мазмұнынан көрініс береді. Мемлекеттік жалпы бірдей міндетті стандартты игеру білім беру мекемесінің бағдарламаға мазмұнының толық жүзеге асырылуы педагогтардың ұйымдастырылған оқу әрекеттерін тақырыптық күнтізбелік жоспарын барлық жас шамалық топтарға сәйкес игерілген.
Жылдық жоспарлар педагогикалық кеңес шешімімен, мекеменің басшысымен және мекеме мөрімен бекітілген. Жылдық жоспар құрылымы сақталған.
Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспары балабақша даму жоспарына сәйкес құрастырылған. Жоспар құрылымы сақталған «Педагогикалық ұйымдастырушылық жұмыс», «Бақылау мен басшылық», «Ата-аналармен жұмыс», «Балалармен жұмыс» жоспарланған. Жоспарда жылдық міндеттерді педагогикалық ұжыммен педагогикалық процессте балалармен жұмыстың әдіс-тәсілдерді жетілдіру, оқу-тәрбие процессінде денсаулық сақтау технологияларын ендірудің кезеңдік сұрақтары қарастырылған. Жылдық жоспардың құрылымы талапқа сәйкес сақталған.
Жылдық мақсаттары педагогикалық кеңестері арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық кеңестер хаттамалары бойынша өткізілген педагогикалық кеңестер тақырыптары жоспарланған тақырыптармен сәйкес. Педагогикалық кеңесті жүргізу түрлері дәстүрлі және дәстүрден тыс түрлі (дөңгелек үстел, іскерлік ойын, дәстүрлі, пікірталас). Педагогикалық кеңес мақсатын жүзеге асыру барысында жұмыс мазмұнына ашық сабақтар, көрме, сайыстар, семинарлар мен әдістемелік сағаттар, педагогикалық сауалнамалар жоспарланған. Оқу жылдарында педагогикалық кеңестер жоспарланып үнемі жүргізілген: 2010-2011 оқу жылы - 3; 2011-2012 оқу жылы – 5 ; 2012-2013 оқу жылы – 5; 2013-2014 оқу жылы – 5. Педагогикалық кеңестер хаттамасында жалпы шешімдер жазылған.
Балабақшадағы педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыруда жылына 2 рет семинарлар жүргізілген материалдары жинақталған, мысалы; «Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар», «Этномәдени бағыттың мектепке дейінгі білім берудегі рөлі» атты тақырыптардағы семинарлар жылдық мақсат, міндеттерге сәйкес.
Сонымен қатар, мекемеде аудандық семинарлар да жүйелі жүргізілуде.
мәдениеттілік тәрбие беру»
2013 жыл «Дені сау бала, дені сау Республика»
2014 жыл «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын театр
әрекеті арқылы дамыту»
Жылдық жоспардың «Бақылау мен басқару» бөлімі «Нормативті құжаттарды жетілдіру», «Мемлекеттік стандарты жетілдіру», «Қызметкерлермен жұмыс», «Әдістемелік жұмыс», «Ата–аналармен жұмыс» сұрақтарын қарастырған және бақылаудың жедел, салыстырмалы бақылаулар түрлері ғана жоспарланған.
| Оқу жылдары | Тақырыптық | Жедел | Салыстырмалы | Толық |
| 2010-2011 оқу жылы | 0 | 0 | 0 | 0 |
| 2011-2012 оқу жылы | 0 | 15 | 9 | 0 |
| 2012-2013 оқу жылы | 0 | 18 | 8 | 0 |
| 2013-2014 оқу жылы | 0 | 17 | 7 | 0 |
Жедел бақылау мақсат міндеттерімен бақылау нәтижесі бойынша тұжырым көрсетілген дәптер бар.
Соңғы үш жылда педагогикалық процесттің жүргізілуі бойынша мекеменің әкімшілігімен жалпы 589 ұйымдастырылған оқу әрекетімен күн тәртібі қарастырылған.
| Оқу жылдары | 2010-2011 оқу жылы | 2011-2012 оқу жылы | 2012-2013 оқу жылы | 2013-2014 оқу жылы |
| Басшымен | 94 | 54 | 52 | 242 |
| Әдіскер | | 50 | 97 |
Қарастырылған сызбалар мен анықтамалар бір папкаға жинақталған.
Яғни, балабақшаның әкімшілігі мекемедегі оқу – тәрбие процессінің сапалы жүргізілу бақылауда ұстайтыны анықталды.
Мекемеде педагогтардың кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Үлгілі тәрбиеші», «Тәуелсіздік тұғыры» атты конкурстар жыл сайын жүргізілуде. Үш жыл аралығында бақшаның тәрбиешілері аудандық, облыстық және республикалық кәсіби конкурстарына қатысқан.
| Оқу жылары | Іс-шаралар | Жетістіктер |
| 2011-2012 | Аудандық «Тіл дарын» олимпиадасы | 3 орын |
| 2012-2013 | Аудандық пән олимпиадасы | 1 орын |
| 2012-2013 | Халықаралық | |
| 2013-2014 | Республикалық «Тәрбиеші болу - бақыт» конкурсы | лауреат |
Балабақша педагогтарымен жалпы 6 әдістемелік құралдар құрастырылған: 3-4 және 4-5 жастағы балаларға арналған «Ағылышын тілін меңгеру бағдарламасы» Белтаева, «Театр әрекеті» Шарипбекова және Омарова , 4-5 жастағы балаларға арналған «Ертегі елінде», «Ойлан тап» бағдарламаларын Шарипбекова және Омаровалар құрастырған.
Аттестация барысында барлық жас шамалық топтар бойынша комиссия мүшелерімен жалпы 13 сабақ және 8 күн тәртібі қарастырылды.
Тәрбиешілермен құрастырылған технологиялық карта мен өмір әрекеттерін ұйымдастыру циклограммалары тақырыптары бағдарлама мазмұнына сәйкес.
Қарастырылған сабақтар бойынша балалармен тәрбиешілер арасындағы мейірімділік және жағымды орта тудырылғаны байқалады. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерінің мазмұны бағдарлама мазмұнымен және балалардың жас шамалық ерекшеліктеріне сәйкес. Ұйымдастырылған оқуәрекеттердің барлығы белсенділік орталықтар арқылы жүзеге асырылады. Тәрбиешілер сабаққа көрнекіліктері ұтымды эстетикаға сай жасап, балалардың білім деңгейлерін көрсете білді. Балалардың зейіні, ойлау қабілеттері мен тілдік құзіреттіліктері жақсы дамыған. Тәрбиешілер сабақта бірнеше көрнекіліктерді таратылмалы материалдарды әр балаға үлестіріп, негізгі мақсатқа жете біледі.
Педагогтар балалардың жас шамалық ерекшеліктері мен бағдарламалық негізгі мазмұнды толық меңгерген, сонымен қатар екі ортаңғы топ тәрбиешілері Эвард де Баноның «6 ойшыл қалпақ» технологиясын өз тәжірибелерінде қолданады.
Топтың заттық-дамыту ортасының құрылымы жеке тұлғалық бағытталған жүйесінде үлкен мен кішінің қарым-қатынасы жас шамалық принциптері есепке алынған. Балалардың ойлау қабілеттерін, ұсақ қол моторикаларын, зерттеушіліктері мен ізденушілік қабілеттерін арттырып зияткерліктерін дамытуға бағытталған. Топтардағы орталықтар көп функционалды, вариативті жас шамасына сай «Желелі ойын орталығы» (шаштараз, дүкен,отбасы, тігінші, дәрігер, почташы) «Манипулятивтік орталық» (сенсорлық бұрыш, құрылыс), «Тілдік орталық» (театр, әдебиет) «Ғылыми орталық» (табиғат бұрышы, құм және су бұрышы). Орталықтар эстетикалық безендірілген, жыныстық-рөлдік бірегейлікті жасайтын құрауыштары мен қимыл белсенділік қағидасымен қарастырылып орналастырылған. Топтардың ішінде балалардың дамуына мүмкіндік беретін заттық-кеңістік орта жасалынған.
Театр орталығында театрдың бірнеше түрі берілген (конус, саусақ, қуыршақ, үстел, аяқ киім, маска), әдеби жұқа кітапшалар, қуырмаш, санамақ кітапшалар жеткілікті жинақталған.
Топтардағы табиғат бұрыштарында бөлме өсімдіктерін күтуге арналған еңбек құралдары (алжапқыш, қолғап, сүлгі, қопарғыш, щеткалар) бар.
Серуеннің бақылауында әр баламен еңбек түрлеріне қолданылатын құрал жабдықтарда қамтылған (күректер, желдеткіштер, желді бақылайтын, лақтыру қаптары, ыдыстар мен шелектер).
Дене шынықтыру белсенділігін арттыру үшін сауықтыруға арналған жолдар (түйме, қақпақтар, тақтайшалар) мен тыныс алу мен денені қыздыруға арналған (қолғап, таяқшалар) құралдармен жабдықталған.
Алайда, Даму жоспары негізгі бөлімдерді толық қамтымайды. Күтілетін нәтиже алдын—ала жоспарланбайды. Жоспарда жылдық мақсаттардың кезеңмен шешу сұрақтары қарастырылмайды, бірізділік принципі сақталмайды.
Жылдық жоспарда өткен оқу жылындағы мақсат міндеттердің орындалуы мен жүргізілген жұмысқа сараптама немесе есеп жүргізілмейді яғни, жылыдық жоспарлардың бір-бірмен байланысы мен жүйелілігі қарастырылмайды.
2012-2013оқу жылының жылыдық жоспары педагогикалық кеңес арқылы бекітілмеген.
Хаттама құрылымы талапқа сай емес, кеңестің тапқырыбы мен қатысушы адам сандары бойынша мәліметтер жазылмайды, әр бір сұрақтардан соң шешім қабылданбайды және жалпы шешімнің мерзімі көрсетілмейді.
Жылдық міндеттердің жүзеге асыруын бақылылау және бағдарлама мазмұнының меңгерілуі бойынша үш жыл аралығыныда бірде бір тақырыптық бақылау мен қорытынды бақылаулар жүргізілмеген.
Анықтамалар ақпараттық мінезде жазылған, бақылаудың мақсатпен ұсынылған тұжырым мен ұсыныстар сәйкес келмейді. Кемшіліктердің жойылуы бойынша қайта бақылаулар жүргізілмейді және бақылау сұрақтары ешқайда қарастырылмайды.
Әкімшілікпен қатысқан оқу әрекеттерінің материалдары бойынша қатысу мақсаты, педагог пен баланың әрекетінің бағалануы, бағдарлама мазмұнын игеруде қолданылған әдіс-тәсілдер сапасымен әсерлігінің сараптамасында ұсыныс, тұжырыммен танысқан педагог қолдары қойылмаған.
Сабақты ұйымдастырыу мен жүргізу барысында балалардың даму ерекшелігі мен жеке жұмыс, тірек сызбалармен жұмыстар қолданылмайды.
Педагогтадың басым бөлігі негізгі әдіс тәсілдерді қолдану тәсілдерін игермеген, жаңашыл педагогикалық технологияларды меңгермеген.
Сабақ барысында блилингвалды компонент бойынша жұмыс жүргізілмейді және балалардың өзіндік, белсенділік танымдық қабілеттерін максималдық түрде дамыта алмайды.
Заттық дамыту орталықтарында эксперименттік және зерттеулік тәжірибелерді жүргізу құрал жабдықтары, балалардың жас шамалық ерекшеліктері мен бағдарлама мазұныны сәйкес күрделену принципінде толықтырылмаған.
Топтардағы табиғат бұрыштарында бағдарлама бойынша (фикус,, бегония, хлорофитум) гүлдері жоқ.
Серуенде балалалармен табиғатты бақылаумен еңбек қызметін ұйымдастыруға арналған құрал жабдықтармен толық қамтылмаған.
5. Оқу-тәрбие жұмысы
Жылдық жоспарда жылдық мақсат міндеттерді кезеңдермен жүзеге асыру, педагогикалық ұжымның балалармен жұмыстағы әдіс, тәсілдерін жетілдіру және оқу-тәрбие процессінде денсаулық сақтау жұмыстары бірізділікті еңгізу жоспарланған.
Мектепке дейінгі мекеменің бағыты «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тәрбие арқылы инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу» алынған.
Балалардың денсаулықтарын сақтау мен қорғау дамыту мақсатында бақшаның жылдық міндетіне «Денсаулықты қорғау технологиясын еңгізу арқылы балалардың салауатты өмір салтын және гигиеналық дағдыларын қалыптастыру» сұрағы алынған.
Балабақшадағы балалардың денсаулықтарын нығайту жұмыстары «Сауықтыру және шынықтыру» жылдық жоспары бойынша балабақшаның басшысымен жоспар бекітілілген.
Медициналық қызметті Цыздоева Мадина Хусеновна жүзеге асырады. Білімі жоғары (Инновациялық Еуразия университетін, азық - түлік технологиясы мамандығы бойынша бітірген). Медициналық бикесі мамандығы бойынша кәсіптік оқыту курсын бітірген туралы куәлікті 2006 жылғы 10 мамырда алған.
Балалардың ауырулары мен балабақшаға қатысу сұрақтары өндірістік жиналыстарда қарастырылады. Медбике дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына, балаларды сауықтыру жұмысына, қабылдау фильтрі, кварц қосу дәптері бекітілген, топтардың санитарлық жағдайына үнемі бақылауда ұстайды. Балалармен шынықтыру жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында жұмыстары жүргізіледі. Іс шаралар тыныс алу, көзге массаж, жалпақтабандылыққа қарсы жаттығулар, жауырынға жаттығулар, таңғы жаттығулар, сумен сауықтыру жұмысы жүргізіледі.
| Оқу жылы | Тізім құрамы | Жоспар бойынша қатысуы | Нақты қатысуы | 1 баланың ауыру жағдайы |
| 2010-2011 | 70 | 17290 | 14640 | 4 |
| 2011-2012 | 70 | 17290 | 12993 | 4 |
| 2012-2013 | 70 | 17150 | 13970 | 4 |
Балалардың балабақшаға қатысуы мен бір балаға щаққандағы баланың ауырының жыл сайынғы көрсеткіші өзгерсіз.
Балабақшадағы балалардың ауыруның сараптамасы бойынша басым бөлігі жұқпалы індет аурулары мен тұмау құрап отыр.
| | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл |
| ОРВИ | 162 | 181 | 142 |
| Пневмония | - | - | - |
| Тонзилит | 107 | 103 | 97 |
| Басқа | 80 | 54 | 97 |
| Барлығы | 349 | 338 | 336 |
Балалардың ауруларға шалдығу мерзімі көбінесе қысқы мезгіл болып отыр.
Барлық жас шамалық топтарында балалардың әр қайсысының ауыруын ай сайын есепке алу үшін денсаулық жағдайларымен дене бітімінің дамуы бойынша жеке карточкалар толтырылған.
Мекеменің медициналық қызметімен ата-аналармен кеңес және ылжымалы папка арқылы мерзімдік және жұқпалы аурулардың алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Медбике аурудын алдын алу тамақтарды дәрумендендіруге, ас мәзіріне С витамині күнделікті қосылуын бақылайды.
Топтарда осы жоспар бойынша сауықтыру шаралары жүргізіледі. Балалармен шынықтыру жұмыстары Рижский әдісі, Стрельникованың тыныс алу жаттығулары, нүктелі массаж түймелі кілемшелер, арқылы жүзеге асырылады.
Әр бір топтарда спорттық ойындармен қимыл қозғалыс ойындарының құралдары, секіру мен лақтыруға арналған құралдары, секіру тыныс алу және ертеңгілік гимнастикаға арналған құрал жабдықтармен қамтылған.
Жылдық жоспарда ата-аналармен саулнамалар, кеңестер, тренингтер мен сайыстар жоспарланған.
Ата-аналармен мектепке дейінгі шақта жиі кездесетін аурулар түрлері мен жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары, ақпараттық қабырға арқылы мағлұматтар беріледі ата-аналар балаларымен бірге «Денсаулық күндері» жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Балабақша ата-аналармен ынтымақтастық пен серіктестікте жұмыс жүргізуде. Ата-аналарға ашық есік күндері мен жалпы, топтық жиналыстар мен ойын сауықтармен қатар бірлескен абаттандыру жұмыстары мен қоғамдық ішкі сыртқы жұмыстар жүргізілді. Балалармен мекемеде әр түрлі спорттық жүргізіледі, сондай-ақ аудандық «Толағай» сайысының 1 орын иегерлері.
Жалпы ата-аналар жиналыстары хаттамалары бар, журнал нөмірленген және мөрленген, хаттамалар жылдық жоспар тақырыптарына сәйкес келеді. Хаттаманың жазылу тәртібі негізгі талаптарға сай, күн тәртібі бойынша сұрақтар анық жазылған қанша адамның қатысқаны тіркелген, ата-аналар сұрақтары тіркеліп оның шешімі бекітілген.
Алайда, Балаларды сауқтыру шынықтыру сұрағы бойынша кешенді жұмыс жоспары қарастырылмаған. Мекеменің медициналық қызметімен балалардың денсаулық мониторнингісі жүргізбейді, балалардың балабақшаға қатысуы жіті бақыламайды. Балалардың денсаулықтарын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін мекеменің дене шынықтыру залы да жоқ.
Мекеменің мед бикесіне мамандық бойынша сертификаты жоқ.
6. Оқу-материалды активтері
Балабақша бір қабатты ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы – 679,2 ш.а, құрылыс ауданы - 832,2 ш.а., ғимараттың жалпы көлемі – 2912,7 ш.а. жедел басқару құқығында.
Балабақшаның ғимараты типтік, 1975 жылы құрылған, жобалық қуаты 70 орындық. Жылу және су жүйесі орталықтанған. Төбенің жабылуы жұмсақ.
Асханадағы құралдар толық жұмыс істейді, ыдыс - аяқтар толық жеткілікті СанПиН-нің талабына сай. Асхананың құжат айналымы уақытылы рәсімделеді, мәліметтер толық анық жазылады.
Балабақшаның ауласы жасыл абаттандырылған, тас қоршаулармен қоршалған. Барлық жас шамалық топтардың өздерінің жер телімдері белгіленген. Жаңа заман талабына сәйкес әр жер телімінде көлеңке шатырлар, ойын құралдарымен жабдықталған. (құмзар, әткеншек, сәкілер, баспалдақтар, ойыншық машиналар, сырғанақтар).
Ғимаратта барлық жас шамалық топтарында жататын, ойын, қабылдау, дәретханалық бөлмелермен қамтылған. Топтар балалардың санына сәйкес үстел мен орындықтармен жабдықталған, бой өлшемдер талабына сай.
Мекемедегі барлық жас шамалық топтарда заттық-дамыту орталықтары балалардың жас шамасы мен мемлекеттік стандарт талаптары және СанПиН талаптарына сәйкес жабдықталған. Топтарда келесі орталықтар жабдықталған. «Отбасы», «Бейнелеу өнері», «Ғылыми», «Театр», «Әдебиет», «Табиғат бұрышы», «Құрылыс».
Топтағы орталықтарда балалардың шығармашылық құзіретін дамыту бойынша құрал-жабдықтар мен материалдар қамтылған. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған дидактикалық ойындар лото, домино мен сюжетті ойын жиынтықтары топтастырылған. Қажетті құрал жабдықтар тиімді орналастырылған, орталықтар бойынша топталған және еркін қол жетімді.
Балалардың әр-түрлі әрекеттерін дамытуға арналған материалдар бар: танымдық, тілдік, дене бітімін дамыту құралдары, көркем-эстетикалық, мазмұнды ойындарды ұйымдастыру үшін ойындар, және дидактикалық, үстел үсті ойындары, көрсетілмелі материалдар театр түрлері жинақталған.
Оқу-материалдық активтерді толықтыру және жаңарту көрсеткіші.
| р/с | Бөлінген қаражат | 2010 ж., мың. теңге есебімен | 2011 ж., мың. теңге есебімен | 2012 ж., мың. теңге есебімен | 2013 ж., мың. теңге есебімен | 2014 ж., мың. теңге есебімен |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен | 14143 | 18078 | 25659 | 37056 | 22770 |
| | 149 спец. | Жалпы 8404,0: 247,3 – ағымдағы жөндеу; 7734,1 – мат. базаны нығайту және т. б. | | Жалпы 3855,0: 169,0 – медициналық құрал-жабдықтар; 160,0 – ыдыстар; 400,0 – ойыншықтар; 352,0 – жиһаздар; 263,0 – паластар; 28,0 – перделер; 161,0 – төсек орын жабдықтары; 100,0- ноутбук; 110,0 – синтезатор; 70,0 – видеокамера және т. б. | Жалпы 7388,0: 6406,0 – ойын кешені құралдары; 78,0 -стендтер; | Жалпы 5 ай ішінде 693,0: 292,0 – жиһаздар; 165,0 – дала сахнасы және т. б. |
| | 461 спец. | 39000,0 – мат. базаны нығайту | | | | |
| | Жалпы | 14,143 | 18,078 | 25,659 | 37,056 | 22,770 |
Бөлінген қаражатқа балалардың балабақшада қызықты өтуіне қажетті құрал жабдықтар, яғни материалдық қорды нығайтуға мақсаттылы жұмсалған.
Алайда, мекемеде дене шынықтыру және ән-күй залдары мен ағылшын тілі, психолог кабинеттері жоқ
7. Ақпараттық ресурстары және кітапханалық қор
Мектепке дейінгі мекеменің әкімшілігімен оқу-тәрбие процессіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны ендіру бойынша жағдайлар тудырылған. Балабақшада 4 – компьютер оның 1-уі жаңа заманғы, принтер-3, 1- музыкалық орталық, 1-акустикалық жүйе,1- проектор,1-синтезатор.
Балабақша интернет желісіне 2 компьютер қосылған. Педагогтар интернет желісіне басшының компютері арқылы қолданады.
| р/с | Ақпараттандыру | 2010 ж. | 2011 ж. | 2012 ж. | 2013 ж. | 2014 ж. |
| 1 | Компьютерлік техника сатып алу | 1 (баллансқа берілді, 540,0); 1 (86,85) 1 (130,0) | 0 | 2 (200,0) | 0 | 0 |
| 2 | Интернет желісіне қосылу | - | - | - | Мегалайн | Мегалайн |
| | Жалпы | 216,85 | 0 | 200,0 | 0 | 0 |
Оқу-әдістемелік әдебиетінің кітап қоры 134 дана, оның ішінде әдістемелік құрал 48 дана, көркем әдебиет - 86 дананы құрайды, оның барлығы, яғни 97,8 % мемлекеттік тілде. Жалпы әдебиет қоры 145000 теңгені құрап отыр. Әкімшілік тарапынан материалдық техникалық қорды дамытуға жүйелі жұмыс жүргізілуде.
| р/с | Әдебиеттер түрі | 2010 ж. | 2011 ж. | 2012 ж. | 2013 ж. | 2014 ж. |
| 1 | Балаларға арналаған әдебиеттер | 0 | 0 | 43190 | 0 | 5800 |
| 2 | Әдістемелік құралдар | 0 | 0 | 16810 | 0 | 79300 |
| | Жалпы | 0 | 0 | 60000 | 0 | 85100 |
2010 жылдан бастап мекеме мемлекеттік келесі ғылыми-әдістемелік журнал, газеттерге жазылған: «Балабақша меңгерушісі және әдіскер» , «Бала мен балабақша», «Отбасы және балабақша», «Мектепке дейінгі мекеме басшысының анықтамалығы» журналдарына жазылу бюджеттік есептен жүзеге асырылды. Сондай-ақ жекебас жазылу бойынша «Балабақша меңгерушісі және әдіскер», «Отбасы және балабақша», «Айгөлек», «Бала мен балабақша», «Балдырған», «Ақ желкен», «Мектепке дейінгі тәрбие» әдістемелік журналдарына жазылу жүзеге асырылды.
Бюджет есебінен басылымға жалпы соммасы бойынша келесі қаражаттар бөлінді.
| р/с | Басылымға жазылу | 2010 ж. | 2011 ж. | 2012 ж. | 2013 ж. | 2014 ж. |
| 1 | Бюджеттік есептен | 0 | 0 | 14502 | 24836 | 19464 |
| 2 | Жеке бас есептен | 0 | 0 | 26598 | 26117 | 40647 |
| | Жалпы | 0 | 0 | 41100 | 50953 | 60111 |
Алайда, жаңа заман талабына сай ұйымдастырылған іс әрекет көрсетуге ақпараттық коммуникативтік көзі арқылы балаларға білім беруге жабдықталмаған.
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында қолданылатын әдістемелік кітапхана қоры өте аз.
8. Тәрбиеленушілердің білімінің бағалануы
Мектепке дейінгі мекеме педагогтары әр түрлі оқу әрекеттері бойынша балалардың бағдарлама мазмұнының меңгерілуін бақылау жұмысын жоспарлы жүйелі жүзеге асырады. Бағдарлама мазмұнының меңгерілуін бақылау аралық кезеңде бір рет ғана жүргізіледі.
Балалардың жас шамасына сай әр түрлі тесттер, дидактикалық ойындар, логикалық тапсырмалар мен тірек сызбалар түрлерінде құрастырылған мазмұны бағдарламаға сәйкес. Диагностиканы сапалы жүргізу үшін мекемеде индикаторлар жүйесі мен құзіреттілік көрсеткіштерін және критерия бойынша өте жақсы, жақсы, жеткілікті деңгейін белгілеген.
Мониторингтің материалдары мен хаттамалары жүйелі түрде әдістемелік кабинетте жинақталынып тіркелінген. Жалпы бақша бойынша қорытындының салыстырмалы көрсеткіші.
Бағдарлама мазмұнын игеру сұрағы жыл сайынғы педагогикалық кеңестерде қарастырылады.
Аттестация барысында мекеменің білім беру жұмысының сапасын, кемшіліктерін анықтау мақсатында балабақшада аттестация кезінде қатысып жүрген балалардың 49 ата-аналарымен сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға жалпы тізімнен балаларының 70 % ата-аналары қатысты. Сауалнма қорытындысы бойынша балабақшаға өз еркімен, өте жақсы көңіл күймен 95% қатысады. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманың мазмұны бойынша балалардың білім, білік, дағдыларының деңгейі бағаланды.
Екінші сұрақ бойынша: Баланың бала бақшаға барғанда:
-Өз еркімен барады -96%
-Жылап, айқалап, барады
-Жие жылап барады
-Көңілсіз -4%
-Балалақшаға барғысы келмейді
Үшінші сұрақ бойынша: Сіздің балаңыз өзінің тегін, аты-жөнін, ата-анасының атын, тұратын мекен жайын, үй телефон нөмірін біледі ме?
- Аты-жөнін, тегін біледі бірінші сәбилер тобы- 69%
-Аты-жөнін, тегін және ата-ана барады сының есімдерін біледі -59%
-Аты-жөнін, тегін және ата-анасының есімдерін, тұратын мекен жайын біледі, ортаңғы топтары - 8/50%
-аты жөнін, тегін, ата-анасынын есімдерін, тұратын мекен жайын және телефон нөмірін біледі- 53%
Төртінші сұрақ бойынша:Сіздің балаңыз амандасады ма?
Үлкендермен- 89%
Құрдастарымен-55%;
Бесінші сұрақ бойынша:Сөйлеу барысында сіздің балаңыз қолданылатын сөздердің астын сызыңыз.
Берші-84%, рахмет-84%, қажет емес- 59%, мархабат-59, енгігіде қайталанбайды-79%, кешіріңіз-66%, бер -100%, алып кел -60 %;
Алтыншы сұрақ бойынша: Сіз балабақша туралы ақпаратты аласыз:
-МДМ ақпапарттық көрнекі құралынан-20% ;
-Тәрбиешілерден-89% ;
-Өзге де ата-аналардан-39% ;
-Жиналыстардан-42 %;
-Бақшабасшысынан-35% ;
-Баладан-29%;
-Ақпараталмаймын-0 %;
Жетінші сұрақ бойынша:Сіздің балаңыз білетін түстердің астын сызыңыз.
Қызыл-69%,
Сары-82%
Ақ-66.3%
Жасыл-74%,
Сиякөк-31%,
Көк-72%,
Қара-55%,
Қоңыр-66 %,
Көгілдір- 42%,
Күлгін-33%,
Тоқсары-38%.
Сегізінші сұрақ бойынша: Сіздің балаңыз қандай геометриялық пішідерді біледі?
Квадрат -93%
Тік төртбұрыш-77%
Үшбұрыш-59%
Дөңгелек-89%
Сопақша-45%
Трапеция -0%
Тоғызыншы сұрақ бойынша:Сіздің балаңыз білетін жыл мезгілдерінің астын сызыңыз;
Қыс-71%, көктем-62%, жаз- 74%, күз-61.6%,
Оныншы сұрақ бойынша: Сіздің балаңыз келесі ұғымдарды білеме?
Көп-аз-78%, алыс-жақын - 69%, биік-аласа- 69%, кең-тар –44%,
Он бірінші сұрақ бойынша:Сіздің балаңыз қаншаға дейін санау біледі, соның астын сызыңыз.
1-ден 3-ке дейін; 3-тен 1-ге дейін- 29%,
1-ден -5-ке дейін; 5- тен 1-ге дейін 28 %,
1-ден 10-ға дейін; 10-нан 1-ге дейін-38%,
1-ден 20-ға дейін; 20-дан 1-ге дейін-19%,
Балалардың құзіреттілігінің жағымды динамикасы байқалады. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманың мазмұны бойынша балалардың білім, білік, дағдыларының деңгейі бағаланды.
Балалардың құзіреттілігінің меңгеру деңгейі көрсеткіштері.
| № | Топтар | Әлеуеттік құзіреттілік | Танымдық құзіретілік | Коммуникативтік құзіретілік |
| 1 | 1 сәби тобы | 77% | 78.4% | 75% |
| 1 | 2 сәби тобы | 82% | 82,4% | 75,3% |
| 2 | Ортаңғы топ | 100% | 80% | 100% |
Сауалнама қорытындысы бойынша балалардың құзіреттілік деңгейі 83,1% екені анықталды.
Қабылданған мәліметтер қорытындысы бойынша ата-аналардың көп бөлігін педагогикалық ұжымның жұмысына қанағатты, оң бағасын береді. Ата-аналар мекемедегі педагогтардың балаларға деген қарым-қатынасын, балалармен балалардың қарым қатынасының жағымды жақсы деңгейде екенін білдірді және ата-аналарының көп бөлігі балабақшаның жұмысы туралы әр түрлі көздерінен алатыны анықталды.
Алайда,да диогностика бақылау жұмыстары оқу жылының басында және аяғында бағдарлама мазмұнын игеруін анықтау бойынша жүргізілмейді. Бағдарлама мазұнының толық қамтылуын қамтамасыз ету мақсатымен педагогтармен құрастырылған ойын, тапсырмалар әдіскермен келісіліп мекеме басшысымен бекітілуін қарастыру қажет.
Мекеменің толық Мемлекеттік стандарты игеру бойынша сараптама тұжырымы жүргізілмейді. Мониторинг жұмысы ұйымдастырылғанымен коррекциялық түзету немесе қатемен жұмыс өткізілмейді.
Педагогтар мониторинг жұмыс жүйесін меңгермеген. .
9. Ғылыми - зерттеулік жұмыс
Мекемедегі педагогтар ғылыми – зерттеулік жұмыспен айналыспайды.
10. Тұжырым мен ұсыныс
Сәбилер бақшасының жұмыс қорытындысының тұжырымы білім беру әрекеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес екені анықталды.
Аттестация комиссиясының жоғарыдағы мазмұны және материалдар негізінде Май ауданы әкімаппаратының «Ақбота» бөбектер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнын аттестациядан өткізу ұсынылды.
| Комиссия төрайымы, Павлодар облысы, БСБД білім сапасын сырттай бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы Комиссия мүшелері: | | Муликова Ж.Қ. |
Ақсу қаласы № 2 сәбилер
бақшасының басшысы А. А.Омарова
Екібастұз қаласы № 14 сәбилер
бақшасының әдіскері Ү. Қ. Алдабергенова
Ақсу қаласы № 20 сәбилер
бақшасының басшысы Ғ. Б. Кабашева
Екібастұз қаласы № 24 сәбилер
бақшасының әдіскері Б. А. Жумадилова
Май ауданы білім беру
бөлімінің әдіскері З. Д. Мұхамедова