СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Австрия-Венгрия империясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

19 ғасырдың бас кезінде Габсбургтер әулетінің иеліктері әртүрлі, атап айтқанда венгриялық, чех, венгр, италиялық жерлердің ала-құла қоспасы болған.

Просмотр содержимого документа
«Австрия-Венгрия империясы»

Пәні: дүние жүзі тарихы. Сыныбы: 8. Күні: 16.02.17ж

Сабақтың тақырыбы: §19 Австрия – Венгрия империясы.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың бас кезінде Габсбургтер әулетінің иеліктері әртүрлі, атап айтқанда, австриялық, чех, венгер, италиялық жерлердің ала-құла қоспасы болғанын. Сонымен қатар Вена когресінің қорытындылары бойынша Наполеонды жеңген Ресей мен Англия сияқты мемлекеттер мен бірге Австрия Еуропадағы үстемдік етуші күштердің біріне айналғанын түсіндіру.

Дамытушылық: Австрия мемлекеті туралы оқушыларға білім бере отырып, оқушының дүниетанымын кеңейту. Өзін-өзі басқаруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік, ізгілік, өзге елдің тарихына құрметпен қарайтын, өздігінен, жұппен жұмыс жасай алатын, білімді, жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс, мәтіндік жұмыс,өзара білім алмасу. Қажетті құралдар: оқулық, қосымша материалдар, карта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқу құралын тексеріп түгелдеу

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


Германияның бірігуі

Германияны біріктіруге жасалған алғашқы қадам Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы 1864 жылы бастаған соғысы болды.

Империя мен 1871 ж конституцияны жариялау.


1871 жылы қаңтар айында Версаль сарайының Айналы залында Германия империясының құрылуы жарияланды. Пруссия каролі Вильгельм Германия императорына айналды. Германияның бірлігі 1871 жылы сәуірде құрылтайда рейхстаг мақұлдаған конституция п.б.

Саяси партиялар.


«Ерікті консерваторлар» партиясы Бисмарктің империялық саясатын толықтай қолдады. «Ұлттық либералдық» партия ірі өнеркәсіптік буржуазияның бір бөлігінің мұдделерін білдірді.

Культуркампф.


Бисмарк консерваторлар мен ұлтшыл-либералдардың қолдау көрсетуімен католик діні мен Орталық партиясына қарсы «культуркампф»(мәдениет үшін күрес)деп аталатын жорықты бастады.

Социалистерге қарсы ерекше заң.


Бисмарктің ұсынысы бойынша рейхстаг 1878 жылы 19 қазанда «Социалис-демократтардың қоғамдық қауіпті ұмтылыстарына қарсы заң» қабылданды. Бұл «ерекше заң» 1890 жылға дейін қолданды.

ІІІ Фридрих және ІІ Вильгельм.


1888 жылы император І Вильгельм қайтыс ьолғаннан кейін ІІІ Фридрихтың 100 күндік билік етуінен кейін тақ онвң 29 жасар ұлы ІІ Вильгельмге өтті

Дүниежүзілік саясатқа көшу.


«Дүниежүзілік саясатты» жақтаушылардың арасында екі ағым қалыптасқан.

Германияны қаруландыру.


Мемлекетті қаруландыру бәрінен бұрын әскери қақтығыс жағдайында қарулы күштерді өрістету үшін жағдайлар жасаумен білдірілді.


Сұрақ-жауап:

  1. Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.

  2. Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?

  3. Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?

  4. Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  5. Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметтік – саяси және экономикалық даму.

  2. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың бағдарламаларындағы ұлттық проблеманы шешу жолдары.

  3. 1867 жылғы келісім және дуалистік монархияның құрылуы.

  4. Габсбургтік монархия және чех ұлттық қозғалысы.

  5. Дуализм дәуіріндегі Венгрия.

  6. Дуализмнің дағдарысы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1815 жылы – Австрияда қалыптасқан басқару жүйесі канцлер К.В.Маттернихтің есімімен «меттернихтік жүйе» деп атала бастады. Оның басты міндеті револютцияға жол бермеу.

1830 жылғы – Еуропалық револютциялардың ықпалымен Австрияда либералдық қозғалыс жандана түсті.

1822 жылы – фабрикалық өндіріс дамып, алғашқы теміржол салынды.

1848 жылы – аграрлық реформа өткізілді.

1848 жылға қарай – Габсбургтердің көпұлтты империясы да халықтың басым көпшілігін титықтатқан феодалдық құрылысты револютциялық жолмен құлату үшін «пісіп жетілді».

Револютцияның жетістігі басыбайлылық жойылды.

1848 жылы – Вена бұқаралық толқулардың екінші толқынын басынан кешірді.

1849 жылы 14 сәуірде – Кошут Венгрияның тәуелсіздігін жариялады.

1849 жылы маусымда – елге Ресейдің 200 мыңдық армиясының баса көктеп кіруі шешті. Кошуттың өзі қашып кетті.

1848-49 жылдары – револютция жеккөрінішті Меттерних үкіметін құлатты.

1851-59 жылдары – австриялық үкімет жаңа абсолютизм саясатын жүргізді.

1859 жылы – әлеуметтік ұлттық проблемалар Австрия-Италия-Франция соғысында империяның жеңіліске ұшырауынан кейін бой көтерді.

1866 жылы – Австрия-Пруссия соғысындағы жеңілісі түпкілікті шешім қабылдауды жылдамдатты.

1867 жылы – Австрия мен Венгрияның билеуші топтарының арасындағы келісім негізінде Габсбургтер монархиясы Австрия империясы мен Трансиьвания, Хорватия мен Словакияны қосып алған Венгр корольдігіне бөлінді.

1879 жылы – Австрияда «либералдық дәуір» деп аталатын дәуір пайда болды.

1871 жылы- Чех жеріне көп құқықтар берумен чех мәселесін реттеу әрекеттеріне австриялық немістердің бітіспес позициясы тосқауыл болды.


Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19. Мәтіннің ішіндегі жылдарды жазу және сұрақтар құрастыру.















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!