ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КЕЛІСІЛДІ _____________ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының экспертті кеңесі «___»__________ 2022 жыл | БЕКІТІЛДІ ________________ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ш. Мустафинова «___» ____________2022 жыл |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ
«Математика және экология»
Бастауыш сыныпқа арналған авторлық бағдарламасы
Мектеп директоры Багисова Б.К. қолы ___________
М.О.
Мұғалім:
бастауыш сынып мұғалімі Галиева Г.Е.
Самар ауылы
Аннотация
Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп –лицейінің бастауыш сыныптың математика пәніне арналған «Математика және экология» атты вариативті курс бағдарламасының мақсаты болжамды экологиялық проблемаларды математика тілімен шеше отырып, оқушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім,біліктілігін дамыту.
Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу.Бұл ағымды іске асыру саралап оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Сондықтан оқушыларға саралап оқыту арқылы жүзеге асу үшін аталған курс енгізіліп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаға көзқарасы мен дүниетанымы ең басты пән-математика пәні арқылы қалыптасады.Ал математика біздің күнделікті өмірімізде.Есептер шығару - оқушылардан ойлауды кажет ететін сапалық және сандық тапсырманы орындау. Олар жоспарлы және бірізді іс атқаруға жетелейді, нәтижесінде білім алынады, тұрақты қабылданады, жетілдіріледі және дұрыс іске асырылады. Есептер шығару арқылы оқыту мен тәрбие беру мақсаттарына жетіп, сонымен қатар қоршаған орта туралы ұғымдарды қалыптастыруға болады. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап экологиялық мазмұнды есептерді шығару өте орынды және өзекті мәселе деп ойлаймын.
Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критериийлер бойынша құрастырылды. Атап айтсақ, ғылымилық, практикалық бағыттылық, жүйелілік, уақыт қорына лайықтылық т.б. принциптерге сай жасалды. Вариативті курсты өткізу барысында бастауыш сынып оқушыларына мәтін арқылы берілген есептерді шығарумен қатар,қоршаған ортадағы экологиялық жағдайларды біле отырып,ол мәселелерді шешуге талпындыру.
Мазмұны
Кіріспе
Түсіндірме хат
Мәтіндік есептер
Экология мен математиканың пәнаралық байланысы
Аймақтық компонентке қатысты құрылған экологиялық мазмұнды есептер.
Нормативті бөлім
Курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Сабақ жоспарлары
Ақпараттық әдістемелік бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары
Білімдерін тексеру формалары
Білім мен біліктерге қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Оқушылар үшін
Мұғалім үшін
Жарияланған мәселе (ұсынып отырған жұмысы) бойынша жарияланымдардың, мақалалардың тізімі мен көшірмесі.
Пікір білдірушілер: /пікір білдірушілер саны 3-4 болу керек/
Көкпекті ББ бөліміне өтініш
Қосымшалар
Түсіндірме хат
«Математика және экология» атты таңдау пәні оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде ) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 35 сағат жүктеме берілген.
Оқытуда әрдайым жекелей зерделеу әдісі қолданылады. Оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру мақсатталады. Сабақтарда жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Осы талаптарды орындаудың басты мәселесі келешекте сауатты ұрпақты тәрбиелеу. «Білім көзі-бастауышта» демекші білімнің қайнар көзі бастауыш сатысынан басталады. Ендеше,осы бастауыш сынып оқушыларының жеке қабілеттерін ашуға бағытталған «Математика және экология» атты авторлық бағдарламамды ұсынып отырмын.
Курс мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларына мәтін арқылы берілген есептерді шығарумен қатар,қоршаған ортадағы экологиялық жағдайларды біле отырып,ол мәселелерді шешуге талпындыру. Есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде математикалық материалдарды меңгеруге жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылық тудыру, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайда зерттеу біліктілігі пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту.
Курс міндеті:
- есеп шығару әдіс тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту;
- есеп типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру;
- мәтінді есептер шешу біліктіліктерін қалыптастыру;
- жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде практикалық іскерлікке баулу.
Курс жаңашылдығы:
Математика- ойлау қабілеттерін жетілдіру мен дамуға үлкен мүмкіндік беретін пәндердің бірі.Бастауыш сыныптың математика курсының ерекшелігі - оның мақсатты білім беріп,оны іс-әрекетте қолдану.Бұл әр жаңа ұғымды мәтіндік есеп шығару арқылы игеру деген сөз. Экологиялық мазмұнды мәтіндік есептер арифметикалық амалдарды орындау барысында экологиялық мәселелердің мағынасын ашады.Сонымен қатар, мәтіндік есептер бағдарламаға енгізілген теориялық сұрақтарды игеруге көмектеседі.Осындай есептерді шығару барысында мен өз жұмысымда келесідей дағдыларды қалыптастырамын:
- Есептің мағынасын математика тіліне аудару
- Есептің шартына сұрақ қою
- Есептің ықтимал жауабын іздеу
- Есептің мәтінін өзгерту
Күтілетін нәтиже:
- Жергілікті жердің ерекшелігі, экологиялық жағдайын ескере отырып қоршаған ортаны қорғау туралы терең білім алады
- Есептің ықтимал жауабын іздеп,шартына дұрыс сұрақ қоя алады
- Шығармашылық тапсырмаларды орындай біледі
- Есепті түсініп,талдап шығарады
- Шапшаң есептеу дағдыларын қалыптасады
- Есепті теңдеу құру арқылы шығара алады.
1.Кіріспе
1.Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады:
1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады
2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады
3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.
Мәтін есептерді шығару кез- келген есепті шығара білуге үйретеді:
а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді;
б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді;
в) есептің шығару жоспарын құру;
г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару;
д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару;
е) есептің дұрыстығын тексеру.
Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады:
1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер;
2) пропорционал бөлуге арналған есептер;
3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер;
4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер.
Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады:
- есептің мазмұнымен танысу.
- есептің шарты және талабын түсіну, шартта көрсетілген элементтерді игеру
- қажетті ес жүйесіне керек ақпаратты іздестіру.
- білетін білім мен тәжірибені пайдаланып, шарты мен қорытындысының сәйкестігін айқындау.
- есептің шешу жоспарын анықтау.
- берілген және ізделінді тәсілдер арқылы есептің бірнеше тәсілін қарастыру. - есепті белгілі тип түріне негіздеу.
- берілген есепті шешудің ең тиімді жолын таңдау.
Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:
- арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.
Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.
2.Экология мен математиканың пәнаралық байланысы бастауыш сыныптан басталады.Бастауыш сыныпта оқушылар ең алғашқы рет табиғат туралы білім алып,осы білімі арқылы табиғат құндылықтарын бойларына сіңіреді.Осы орайда олардың эстетикалық және адамгершілік рухани өсуі табиғатқа деген көзқарасының дұрыс болуын қамтамасыз етеді.Осы орайда пәндік білімнің мазмұнында экология мәселелерінің қарастырылуы маңызды.Ал ойлау қабілеттерінің дамуында математика пәнінің маңызы зор.Осыған орай математика арқылы оқушының дүниетанымы, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасының дамуы түзіледі.Математикада мәтіндік есептердің қоршаған ортаның табиғатың сақталуында,оның табиғи байлығының қорғалуына дұрыс пікір қалдыра алатын маңызы бар.Ол үшін мәтіндік есептер қызықты,түсінікті болуы шарт.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін,жануарлар мен өсімдікке қатысты дұрыс қарым-қатынасын басынан бастап машықтандыру керек.Экологиялық білім оқушы бойынан қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіну, табиғат алдында жауапкершілік , жан-жануарларға деген аяушылық сияқты сезімдерін оятады.Ал математикадан әртүрлі есептерді шығару арқылы қоршаған ортаны тани отыра,оны қорғауға үйренеді.Осындай іс-әрекет арқылы математика қызықты болуымен қатар,тиімді болады.Мысалы жануарлардың тіршілігіндегі қызықты деректерді пайдаланып,математиканың түрлі тақырыптарын меңгертуге болады. Ұзындық өлшем бірлігі «километр» тақырыбында , қыран өзінің жемтігін 1 км жерден көре алады екен.Осы ара қашықтықты метрмен өрнекте- деген тапсырма беруге болады.Осындай тапсырмалар оқушыны қызықтырып қана қоймай, 1 км=1000м тең ұғымын оңай қалыптастыруға көмектеседі.1 –ші сынып оқушыларын қызықтыру үшін мәтіндік есептердің берілгеніне ертегі кейіпкерлері мен мультфильм кейіпкерлерін кіріктіруге болады.Осындай жүйелі жұмыстың арқасында оқушылар табиғатты жеке орта деп қарамай,оның адам әрекетіне тығыз байланысты екендігін түсіне бастайды.Сондықтан оқушы бойына экологиялық тәрбиенің маңызы кейін оның табиғаттағы өзін өзі ұстау этикасына,көзқарасына,тәртібіне тікелей байланысты болады.
Жергілікті жердің табиғат ерекшелігін, жануарлар дүниесі мен алуан түрлі өсімдіктер әлемін оқушылар бастауыш сыныптан бастап білуі тиіс.Осы білімді мұғалім әр пәніне аймақтық компонентті жоспарлауы арқылы жүзеге асырады.
3.Аймактық компонентті әр пән мұғалімі өз сабақтарында пайдаланудың жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы мүмкіндіктері өте зор.
Оқулықтың мазмұнына жергілікті аймақтың жетістіктерін, қайталанбас ерекшеліктерін, экологиялық жағдайларын кіріктіре отырып, оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, елжандылыкқа тәрбиелеуге мүмкіндік жасауға болады. Оқушыларға аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, түрлі тапсырмаларды, экологиялық мазмұнды есептер мен тест тапсырмаларын орындату арқылы шығармашылық іскерліктерін, қабілеттіліктерін дамытып, жетілдіруге жағдай жасауға болады.
Математика сабағында сабақ мазмұнына аймақтық компонентті қолдануда алдыға мынадай мақсаттар қоюға болады. 1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мұғалімнен бастамшылықты, қажыр мен жігерлікті, ұстаздык шеберлікті талап ететін аса жауапты міндет. 2.Сабақтағы оқу материалын жоспарлауда оқулық мазмұнын мүмкіндігіне қарай аймақтық компоненттермен толықтыруға ұмтылыс жасау.Оқытудың мақсат - міндеттерінің өзара үйлесілімділігіне, көрнекіліктер мен окыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне, дамытушылық, білімділік, коммуникативтік, тәрбиелік ықпалының мүмкін боларлық жагдайлары ескеріледі. 3.Оқушылардың оқу және ойлау қарекеттерін ұйымдастыру жолдарын түрлендіру аркылы дамыту.
Сондықтан математика сабақтарында аймактық компонентті кіріктіріп, оқушылардың тұлғалық қалыптасуына, дамуына аз да болса ықпал ететін экологиялық мазмұнды есептерді кіріктіру өте маңызды.
2 Нормативті бөлім
« ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ МӘТІНДІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
р/р | Тараулар | Сағат саны | Оның Теориялық сабақ | ішінде Практика лық саб. |
І. | Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану | 9 | 1 | 8 |
ІІ. | Шамаларды өлшеу | 6 | | 6 |
ІІІ. | Жылдамдық, уақыт, қашықтық | 2 | | 2 |
ІV. | Теңдеу және теңсіздік, өрнек | 2 | | 2 |
V. | Геометриялық фигуралар | 2 | | 2 |
VІ. | Математика күнделікті өмірімізде | 14 | 1 | 13 |
Қолданбалы курс алты тараудан тұрады:
І. Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану бөлімінде қосу мен азайту,көбейту мен бөлу арқылы шығарылатын қарапайым экологиялық мазмұнды мәтіндік есептер шығаруға үйренеді.
ІІ. Шамаларды өлшеу бөлімінде « Масса өлшем бірліктер», «Уақыт және оның өлшем бірлігі» , «Ұзындық», «Көлем және оның өлшем бірлігі» атты тақырыптарындағы тапсырмалардың мазмұнын экологиялық бағытта алып, оқушыларды өлшем бірліктерді түрлендіруге септігін тигізеді.
ІІІ. Жылдамдық, уақыт, қашықтық бөлімінде арақашықтық формулаларын көрсету және қолдану арқылы экологиялық білімдерін толықтыра алады.
ІV. Теңдеу және теңсіздік, өрнек бөлімінде айнымалысы бар өрнектерді шешіп,экологиялық деректерді қолданады.
V. Геометриялық фигуралар бөлімі арқылы геометриялық денелерді өлшейді, сызады, есептейді.
VІ. Математика күнделікті өмірімізде бөлімі бойынша «Логикалық есептер», «Таблица құрып шығаратын экологиялық есептер», «Есептер және математикалық модель» тақырыптары оқушылардың білім-біліктері толықтырылады, қолданылған дидактикалық тапсырмалар пәнге қызығушылығын арттырады.
Бағдарламада курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен оқушылардың білімдерін тексеру мен рейтингілік, кестелік т.б. бағалау тәсілдері мен әдістері атап көрсетілді. Оқытудың күтілетін нәтижелері, яғни оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар анықталып жазылды. Қолданбалы курсты өткізу үшін мұғалімге және оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі, соның ішінде бүгінгі күн талабына сай тақырыптық интернеттен іздеу – web сайттар нақты көрсетілген.
Бұл курстың бағдарламасын мектептерде жаратылылыстану бастауыш сыныптың 1-ші сыныптан 4-ші сыныптарда жас ерекшелігіне сай негізге ала отырып бастауыш сынып мұғалімдері қолдануларына болады деп ойлаймын.
Пәнаралық байланыс:
Жаратылыстану, әдебиеттік оқу, дүниетану.
«Экологиялық мазмұнды мәтіндік есептерді шығару»
Элективті курс жоспары
Аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат /КТП/
р/с | Бөлім Бөлімше Тақырып | Оқу мақсаты | Сағат саны | Білім нәтижесі |
Бар-лығы | Лекция/ Теория/ Прак-тика1 | Прак-тика |
Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану (9 сағат) |
1 | Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | 4.1.2.8 - көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | 1 | 1 | | Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолданады |
2 | Қосу мен азайтуға берілген жай экологиялық мазмұнды есептер | 4.1.2.8 - көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | 1 | | 1 | көптаңбалысандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолданады |
3 | Қосу мен азайтуға берілген жай экологиялық мазмұнды есептер | 4.1.2.8 - көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | 1 | | 1 | |
4 | Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым экологиялық мазмұнды есептер | 4.1.2.2 - көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану | 1 | | 1 | Санды және әріпті өрнектердәі ажырата атады ,мәндерін табады |
5 | Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым экологиялық мазмұнды есептер | 4.1.2.2 - көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану | 1 | | 1 | Санды және әріпті өрнектердәі ажырата атады ,мәндерін табады |
6 | Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым экологиялық мазмұнды есептер | 4.1.2.2 - көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану | 1 | | 1 | Санды және әріпті өрнектердәі ажырата атады ,мәндерін табады |
7 | Арифметикалық амалдардың алгоритмдері | 4.1.2.6Сандардың қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру | 1 | | 1 | Салыстыра алады |
8 | Арифметикалық амалдардың алгоритмдері | 4.1.2.6Сандардың қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру | 1 | | 1 | Салыстыра алады |
9 | Арифметикалық амалдардың алгоритмдері | 4.1.2.6Сандардың қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру | 1 | | 1 | Салыстыра алады |
Шамаларды өлшеу (6 сағ) |
10 | Разрядтар мен кластар кестесі. Экологиялық мазмұнды есептерді салыстыру | 4.1.1.2 - көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу | 1 | | 1 | Ауызша қосу және азайту амалдарын орындай алады |
11 | Массаның бірліктері және үлестер. Массаның үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер | 4.1.3.4 Массаның жаңа бірлігі-граммен таныстыру,шаралары есептеу дағдыларын қалыптастыру | 1 | 1 | | Масса өлшем бірліктерін меңгереді |
12 | Уақыт бірліктері және үлестер. Уақыт үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер | 4.1.3.4 уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру | 1 | | 1 | Уақыт және оның өлшем бірлігін түрлендіре алады |
13 | Ұзындық бірліктері және үлестер. Ұзындықтың үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер | 4.1.3.4 Километр, ұзындық өлшем бірліктері туралы біледі. | 1 | | 1 | Ұзындық өлшем бірліктерін біледі |
14 | Көлемнің бірліктері және үлестер. Көлемнің үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер | 4.1.3.4 көлем ұғымдарымен туралы білімдерін кеңейту | 1 | | 1 | Көлем және оның өлшем бірлігіне берілген тапсырмаларды орындай алады |
15 | Өнімділік, жұмысқа кеткен уақыт, орындалған жұмыс арасындағы тәуелдікке берілген кері жай есептер | 4.5.1.2 - есептерді шығару үдерісінде жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану | 1 | 1 | | өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалана алады |
Жылдамдық, уақыт, қашықтық (2 сағат) |
16 | Екі амалмен шығарылатын есеп | 4.1.1.Екі амалмен шығарылатын есепті шығара білуге дағдыландыру | 1 | 1 | | Екі амалмен шығарылатын есептерді шығара алады |
17 | Жылдамдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген кері жай есептер | 4.2.1.8бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формулаларынкөрсету және қолдану(s=v∙t, t=s: v, v=s:t) | 1 | 1 | | арақашықтық формулаларын көрсете және қолдана алады |
| Теңдеу және теңсіздік, өрнек | (2 сағат) | | | | |
18 | Теңдеу және оны шешу тәсілдері | 4.2.1.3 -айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану | 1 | 1 | | айнымалысы бар өрнектерді құрып және есептер шығарады |
19 | Есепті теңдеу құру арқылы шығару | 4.2.1.3 айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану | 1 | 1 | | айнымалысы бар өрнектерді құрып және есептер шығарады |
|
| Геометриялық фигуралар | ( 2 сағат) | | | | |
20 | Өлше, сыз, есепте! | 4.5.1.3Геометриялық денелерді өлшеуге, сызуға, есептеуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру | 1 | 1 | | Геометриялық денелерді өлшейді, сызады, есептейді |
21 | Өлше, сыз, есепте! | 4.5.1.2есептерді шығару үдерісінде биіктік, ені, ұзындығы, көлемі ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану | 1 | 1 | | ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдаланып,есеп шығара алады |
| Математика күнделікті | өмірімізде (14 сағат) | | | | |
22-23 | Логикалық есептер | Логикалық есептер есептерді шығару жолдарын меңгеру | 2 | | 2 | Логикалық есептерді шығаруды біледі |
24 | Заттардың комбинациялары | 4.4.4.1 - «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару | 1 | 1 | | комбинаторлық есептерді шығара алады |
25 | Есептер және математикалық модель Таблица құрып шығаратын экологиялық есептер | 4.5.2.4 - ақпаратты түсіндіру, салыстыру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастыру | 1 | 1 | | қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастырады |
|
26-27 | Экологиялық деректер арқылы есептер құрастыру | 4.5.1.1Логикалық есептер есептерді шығару жолдарын меңгеру | 2 | | 2 | |
28 | Есептер және математикалық модель | 4.5.1.3 - бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру, шығару | 1 | 1 | | Кері есеп құрастыра алады |
29 | Есептер және математикалық модель | 4.5.1.4 - шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге табуға берілген есептерді талдау және шығару | 1 | 1 | | пропорционал бөлуге табуға берілген есептерді талдйды |
30 | Есептер және математикалық модель | 4.5.1.5 - тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдау және шығару | 1 | 1 | | тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдайды |
31 | Жұмбақ есептер | Жұмбақ есептерді шешу жолдарын меңгеру | 1 | | 1 | Жұмбақ есептерді шығарады |
32-33 | Логикалық талдау есептер | Логикалық талдау арқылы ойлау қабілеттерін шыңдау | 2 | | 2 | Экологиялық деректерді пайдаланып талдау жүргізеді. |
34 | Бақылау | Арифметикалық амалдарды орындау барысында білім, білік, дағдыларын бағалау. | 1 | 1 | | Есептерді орындайды |
3. Ақпараттық әдістемелік бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен білімдік қазынасы:
1. Көрсетілім, түсіндірме сабақтар.
2. Ізденушілік жұмыстар.( хабарлама, реферат дайындау)
3. Практикалық жұмыстар.( есептер шығару, топпен жұмыс,постер құру)
4. Табиғат аясына экскурсиялар ұйымдастыру.
5. Интернет-сайттармен ізденіс жұмыстары.
6. Ғылыми жобаларды қорғау.
7. Эссе, баяндамалар жазу
Білімдерін тексеру формалары:
Күнбе-күнгі тексеру: сабақ барысында оқушы білімін әңгімелесу арқылы,
әр сабақта тест тапсырмаларымен, есептің жауабын тексеру.
Тақырыптық тексеру: әр бөлім соңында жиынтық бағалау жүргізу.
Қорытынды тексеру: бақылау жұмысы, топ арасында қызықты жарыс ұйымдастыру.
Білімді бағалау:
Бағалау тәсілі: рейтингілік, ұпай санымен, «меңгерді» деген белгілермен.
Бағалау әдістері: мұғалімнің оқушыны өз ара бағалауы, топпен жұмыс нәтижесі, өзін-өзі бағалау.
Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- өрнектердің мәндерін табу кезінде 2-3 амалдан тұратын жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін қолдана білуі тиіс;
- үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша қосу және азайтуды орындай алуы қажет;
- санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды таба алуы тиіс;
- бір-үш амалға берілген есептерді, оның ішінде шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруы тиіс;
- сандарды еселік және айырымдылық салыстыруды, ережелерін қолдана алуы тиіс;
- арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шығаруы тиіс;
- тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеуі тиіс;
- текшенің көлемін және бірнеше текшеден тұратын фигураның көлемін табуы тиіс;
- екі әрпі бар өрнектің мәнін таба алуы; геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілей алуды және ол әріптерді дұрыс оқи алуы қажет
Қолданған әдебиеттер тізімі.
- Оқушылар үшін:
1. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. – Алматы, 1997 ж.
2. Б.М.Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. – Алматы, 1998 ж.
3. «Ойнайық та ойлайық». – Алматы,1996 ж.
-Мұғалім үшін
1. А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. –Алматы кітап баспасы, 2012ж
2. К. Ерешева, Г.Жамалбекова. Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. – «Өлке» баспасы. – Алматы, 2009 ж.
3.Ш.С Мұхамадиева «Экологиялық білім беру және тірбиелеу» Өскемен 2000 ж
4.Николаева С.Н «Экологическое воспитание – новое направление педагогики» М. 1997 г
5.Плешаков А.А «Экология для младших школьников» М. 1995 г
6. Дидактикалық материалдар 1 сынып 2012 ж
7. https://infourok.ru/programma-po-variativnomu-kursu-ekologiya-zdorove-planeti-strani-svoego-sela-dlya
8. https://multiurok.ru/files/programma-variativnogo-kursa-dlia-1-klassa-ia-pozn.html
Қорытынды
Мұғалімге арналған әдебиеттер:
Оқушыға арналған әдебиеттер:
Қосымшалар
Пікір білдірушілер: /пікір білдірушілер саны 3-4 болу керек/
1. Жоғары санатты ұстаз, тарих ғылымдарының кандидаты Р.С. Чекетаева
2. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Садвакасова
3. Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы «Абай атындағы орта мектебі»
тарих мұғалімі,магистрант, шебер санатындағы ұстаз Қ.Т.Қабидолдин
4. Көкпекті ауданы «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта –мектеп лицейі» тарих пәні мұғалімі зерттеуші ұстаз Г.К.Касенова
5. Көкпекті ауданы «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта –мектеп лицейі» гуманитарлық пәндер бірлестігі жетекшісі, қазақ тілі,әдебиет пәні мұғалімі зерттеуші ұстаз Б.А.Ахметкалиева
Көкпекті аудандық сраптамалық Кеңесіне өтініш
Диплом
Қосымшасы /бағалары бар/