| Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады: Қызығушылығын арттыру; Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; Шығармашылық ізденісін дамыту. Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері: Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар); Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер). Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету. Оқыту - теориялық : оқулық, лекция. Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, тест жинағы, тәжірибелік, сарамандық жұмыстар жинағы. Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, реферат, зерттеу жұмысын суреттеу. Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама. Оқыту – көрнекілік: альбом. Оқыту – библиографиялық. |