Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары: Оқушылардың білуі және түсінуі қажет: - тарихи оқиғалар мен құбылыстарға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беруі; - тарихи фактілерді талдап, салыстырып қорытынды жасауы; - тарихи деректермен, білім көздерімен, тарихи құжаттармен, оқу және қоғамдық-саяси әдебиетпен, мерзімді баспасөз материалымен өздігінше жұмыс істеп, оларды оқу үрдісіне пайдалана алуы; - тарихи оқиғалар бойынша айтылған түрлі көзқарастарды салыстырып тұжырым жасауы. Күтілетін нәтиже: - балалардың тарих сабағын оқуға деген қызығушылығы артады; - жан-жақты білімді, іскер, өзіндік ой-талғамы, ойлау, сезіну, есте сақтау қабілеттері жоғарылайды; - анализ жасауды үйренеді; - оқушылардың белсенділігі артып, өздігінен жұмыс жасау әрекеттеріне талпынады; - қосымша материалдарды пайдалану арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады. Оқушыларға қойылатын талаптар: 1. Оқиғалардың датасын, хронологиясын білу; 2. Оқиғаның датасын көрсету немесе дата бойынша оқиғаны атауды; 3. Бір топ даталардан қажеттісін табуды; 4. Оқиғалар мен датаны сәйкестендіруді; 5. Оқиғалардың ұзақтығын, хронологиялық ретін анықтауды; 6. Даталарды құбылыстар мен үрдістерге байланыстыра алу; 7. Белгілі тарихи үрдіске қатысты датаны көрсете алуды; 8. Оқиғалар мен процестерді дәуірлеу; 9. Оқиғаның кезеңін, дәуірін анықтауды; 10. Дәуірге бөлудің критерийлерін дәлелдеуді; 11. Тарихи топографияны білуді; 12. Өркениеттер мен мемлекеттердің геосаяси жағдайын сипаттап, суреттеуді; 13. Геосаяси жағдайын салыстыру, болған өзгерістерді табуды; 14. Этникалық, әлеуметтік-саяси, мемлекет-тердің құрылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде жеке елдердің, аймақтардың картасында болған өзгерістерді көрсетіп, түсіндіруді; 15. Фактілерді, оқиғаларды, аттарын, атауларды, терминдерді білу; 16. Оқиғалар мен құбылыстарды суреттеу; 17. Фактілерді үрдістермен, құбылыстармен байланыстыру; 18. Тарихи оқиғалардың себептік-салдарлық және өзара байланыстарын көрсету. 19. Тарихи оқиғаларды, жағдайларды, құбылыстарды салыстыру. |