Тақырып.Сұйытылған газды тасымалдау.
1.Темір жол және автомобиль цистернасының орналасуы.
2.Сұйытылған газдың автомобильдң газ толтырушы станциялары.
3.Сұйытылған көмірсутекті газдарды толтыру,сақтау,құю және қабылдауға арналған газ толтырушы станцияның цехтары мен бөлімшелері.
Мақсаты: Сұйытылған газды тасымалдаумен және және олардың цехтарымен танысу.
Сұйытылған газды тасымалдау барысында
Темір жол цистерналары арқылы
Автомобиль цистерналары арқылы
Кеме баржалары арқылы
Ұшақ және тік ұшақ арқылы
Сұйытылған газды темір жол арқылы тасымалдау барысында арнайы конструкциямен жабдықталған цистерналар қолданылады.
Цистерна пісірілген цилиндрлі резервуардан тұрады.Төрт ості темір жол тележкасына орналастырылған пісірілген цилиндрлі резервуар орналастырылған.Резервуарды рамаға бекіту,созылғыш болттар арқылы жүзеге асады.
Резервуар 450 мм люкпен жабдықталған,оның қақпағында арматура орналастырылған.Люк арматурамен бірге сақтандырғыш қақпақпен ,оның диаметрі 685мм және биіктігі 340мм жабдықталған.Арматураға қызмет ету үшін цистернаның екі жағында қақпақ айналасына алаңмен тұтқамен және жеңіл сатымен жабдықталған.
Люк қақпағында құйып-алу, сақтандыру арматурасы және құйып алу операциясы үшін арналған арматура орналасқан.Люк қақпағының ортасында пуржиналы сақтандырғыш клапан7 ,оның диаметрі32мм жабдықталған.Сұйытылған газды атмосфераға лақтыру үшін арналға,егер цистерна қалыпты жағдайдан қысым жоғарыласа(пропан үшін-20, бутан үшін-8кг/см2)
Цистернаның көлденең осінде ,сақтандырғыш клапанның екі жағында екі құю,құйып-алу вентильдер 4 және 9 ,диаметрлері 40мм орналасқан,жылдамдық клапандары арқылы автоматты түрде сұйытылған газдың шығуын тоқтатады, егер шланг үзілетін жағдайда.
Сұйытылған газдың дұрыс толтырылғанын 2 және 3 вентильдері атқарады,оның цистерна ішіндегі түтікшесі газды максималды толу деңгейінде орналасқан.2 вентиль түтікшесі сұйытылған газды цистернаға максималды рұқсат етілген деңгейге дейін созылған және вентильмахавигі жасыл түске боялған.3вентиль түтікшесі 2вентиль түтікшесінен 50 мм жоғары орналасқан,оның махавигі қызыл түске боялған.Сонда 2 вентиль-дабыл болып есептелінеді,ал 50мм ге жоғары орналасқан сұйықтық бақылаудағы мөлшерден тыс толу.
Сур.1.Сұйытылған газға арналған теміржол цистернасы.
1-баспалдақ; 2-монометр ұстағыш түйіні; 3-сақтандырғыш қалпақ; 4- манометр ұстау түйіні 5-түбі сфера тәріздес ыдыс; 6- төрт остік платформа;7-бекіткіш болт.
10 вентиль цистерананың сұйытылған газдан басағанын бақылайды.10 вентиль жабылғаннан соң 1 вентиль10 вентиль түтікшесіндегі сұйықтықты жою үшін арналған.
Сұйытылған газдың температурасын өлшеу үшін қалташықта5 орналастырылады,ұзындығы 2550мм түтікшеден тұрады.8 вентиль,диамерті 12мм ,цистернадан қалдық суларды және сұйтылған газдың қалдықтарын жоюға арналған. Цистерна ашық-сұр түске боялады.Цистернаның төменгі бөлігінен алғанда, ұзынан 400мм биіктікте қара түске боялады.Ыдыстың ось бойымен қызыл түске боялады,оның ені 300мм құрайды.
Сур.2.Цистернадағы люк қақпағындағы арматуралардың орналасуы.
1,10- газдың босауын бақылайтын вентиль; 2,3-толу деңгейін бақылайтын вентильдер; 4,9-сұйытылған газды толтыру және құйып-алу бұрыштық вентильдер; 5-термометрге арналған қалташа;6-булы фазаны қамтамасыз ету вентилі; 7-сақтандырғыш клапан; 8-суды жою үшін арналған вентиль.
Автоцистерна резервуардан тұратын шассидің төрт тіреуіштерінде орналастырылған.
Автоцистернада сорғышпен, электронды және механикалық есептегіш құралдар мен қамтылады.
Құю,құйып алу құбырында бекіту арматура және бекіткіш орнатылады.
Сақтандыру клапан
Газды құюды шектегіш
Кері клапан
Жылдамдық клапаны
Сүзгі
Манометр
Автоцистернаны Автоматтандырылған түрде төгілуден сақтау құрылғылары(жылдамдық клапандары)
Қолсаптағы қалған қалдықтарды жою.
Сыртқы жарықтандыру аспаптары
Өрт сөндіру құралдары
Автоцистернадағы аспаптардың және қондырғылардың орналасуы келесі операцияларды орындауға жүзеге асырады:сұйық газға толтыру, резервуардағы газ қысымын бақылау,резервуарды толтыру деңгейін бақылау,газды құю,ауыр газдарды және конденсатты жою,құю-толтыру қолсабындағы апатты жағдай барысында газ ағынын өшіру,баллонды сұйытылған газбен толтыру.
Сұйытылған газдың автомобильді газ толтырушы станциялары жел тұратын аймақта қала ішінде орналастырылады. Сұйытылған газдың автомобильді газ толтырушы станция құрамына :газды сақтау резервуарлар,сорғыш-компрессорлы бөлімше,газ есептегіш құралымен толтыру құю колонкалары, сұйытылған газдың сұйық және бу фазаларының құбырларынан тұрады.
Сұйытылған газдың автомобильді газ толтырушы станцияның технологиялық процесі газды сақтау және автомобильді баллондарды толтыру.Сонымен бірге сұйытылған газды сорғыш комрессорлар арқылы тасымалдау.Сорғыш-компессор бөлімінде екі сорғыш және екі компессор агрегаттары орнатылады.
Резервуарға қысым қажет болған жағдайда , компрессор сұйытылған газды буларын бір топ резервуарлардан ,екінші топ резервуарларды толтырады.Толтыру құбырында кері клапан және май айырғыш орнатылған.Жер асты резервуарлардан газды құю және құйып алу барысында қажетті қысыммен сорғышты ң тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді. Газды құю үшін автоцистернадағы және стационарлы резервуарлардағы қысымдардың айырмашылығы бойынша жүзеге асырылады.Баллондарды газбен толтыру барысында сорғыштар пайдаланылады.
Газ толтыру колонкалары автомобиль баллондарын газбен толтыруға арналған.Колонка арматурамен жабдықталған металл конструкция құрылмаларынан тұрады,сұйықты өлшеуді қамтамасыз етеді.Сұйытылған газ баллонға құю барысында есептегіш фильтірі механикалық қоспаларды тазартып көлемді өлшеу механизмнен өтіп,сақиналы поршеннен ,магниттік муфта арқылы есептеу механизміне келеді.Өлшенген газдың көлемі клапан арқылы тек газдың сұйық фазасы баллонды сұйытылған газбен толтырады.
Сур 4.АГНС тегі тарнспорттың қозғалу сүлбесі және жоспары
1-өндірістік ғимарат; 2-қосымша резервуар; 3-газ қоймасы(25м3 , 4 резервуар); 4-металл қоршаулар; 5-құю колонкалары; 6-толтыру колонкалары; 7-қосымша бөлме блогы; 8-өрт сөндіруге арналған резервуар; А-газон ; Б-талдар; В-автомобильдерлің қозалу аймағы ;Г-бұталар ; Д-қорғау аумағы.
АГТС қондырғыларды орналастыру барысында мына талаптарды сақтау керек.
АГТС АВ-22,АУ-45 компрессорлары және С5/140,1,5ХГ-3-2,8 сорғыштары қолданылады.
Резервуар мен сорғыш-компессорлы бөлімшелерге және газ ды буландыру қондырғыларға дейінгі ара қашықтығы-10м, резервуар мен газ толтыру ж әне құйып алу колонкаларына дейінгі ара қашықтығы -20м
АГТС жел өткізетін жанбайтын материалдан қоршауға алынады. АГТС территориясындағы автомашина жолдарын қоршауға алынбайды.АГТС резервуарларды орналастырылған территориясының максималды сыйымдылығы 100м3 жоғары болмайды,бір резервуар сыйымдылығы-50м3 .Резервуарларды жер астында орналастырады.
Бірақ, технико-экономикалық мақсаттарға сәйкес резервуарларды жер үсті орналастыруға рұқсат етіледі.Бұл жағдайда резервер сыйымдылығы -50м3 жоғары болмау керек.
АГТС те қарастырылмаған тұрғын бөлмелер,ашық отында қарастырылатын аспаптар мен қондырғылар орнатылмайды.
Сұйытылған газды құю-төгу цехының арналуы темір жол цистерналарынан сұйытылған газды қабылдау,резервуар паркінен құюып алу,сұйытылған газды резервуар паркінен толтыру паркте сақтау.
Цехтің жұмысына темір жол эстакадаларына құйып төгу,компрессорлы –сорғыш бөлімшелері,сұйытылған газды паркте сақтау қоймалары кіреді.
Бақылау сұрақтары:
Сұйытылған газды тасымалдаудың қандай түрін білесіздер?
Сұйытылған газды темір жол арқылы тасымалдау барысында арнайы конструкциямен жабдықталған қандай цистерналар қолданылады?
Автоцистернадағы аспаптардың және қондырғылардың орналасуын сипаттаңыз?