СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Автотербелістер. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы." (11 сынып)

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Автотербелістер тақырыбына жоспар. Мұғалімдерге

Просмотр содержимого документа
«"Автотербелістер. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы." (11 сынып)»

Пән ФИЗИКА сынып 11 Күні

сабақ №:

Тақырып: Автотербелістер. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Білімділік мақсаты:

Дамытушылық мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру. Автотербелістер, транзисторлы генератор тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы айнымалы ток тақырыбы бойынша білімдерін бекіту.


Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.


Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.



Жаңа материалды қабылдауға әзірлік,мақсат қою.

10 мин








А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б)есептерін тексеру.



 Сыйымдылығы 5мкФ конденсатор мен кедергісі 150 Ом өткізгіш жиілігі 50Гц, кернеудің әсерлік мәні 120В айнымалы ток тізбегіне тізбектей жалғанған.Ток күшінің әсерлік және амплитудалық мәндерін, ток пен кернеу тербелістерінің фазалар айырымын табыңдар. 


Берілгені:

С=5 мкФ 
U=120 B

V=50 Гц 
R=150 Ом 


ХБЖ

5*10-6Ф



Шешуі: 

; ; 



ж 

; 

; 

; 

; 

; 

Жауабы: ; 


I=?

Im=?

Ф=? 


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру








10 мин

Күнделікті өмірде тербелмелі қозғалыстар немесе жай ғана тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз. Көптеген мысалдардан тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән екенін білеміз. Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді.Тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл еріксіз тербелістер. Айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, себебі айнымалы ток генератордан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болды.


Еріксіз тербелістер.

Еріксіз тербелістер дегеніміз– сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Өшпейтін тербелістердің екінші түрі - автотербелістер. Автотербелістер еріксіз тербелістерден сыртқы периодты күшті қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Энергия көзі тербелмелі жүйенің өзінде болады да, шығынды толтырып отыратын энергияның берілуін жүйенің өзі реттеп отырады. Автотербелістер сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер. 

Өшпейтiн тербелiстердi алудың жолы:

- тербелмелі жүйе;

- жүйеге сырттан периодты түрде өзгерiп отыратын күшпен әсер ету; 

Автотербелістер – сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер.

Энергия көзі тербелмелі жүйенің өзінде болады да, шығынды толтырып отыратын энергияның берілуін, жүйенің өзі реттеп отырады.

Автотербелмелі жүйе мынадай бөліктерден тұрады:

1.Энергия көзі

2.Тербелмелі бөлік

3.Клапан (кілт) тербелмелі бөлікке оның тербелістеріне сәйкес керек уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп, не жауып отырады. Бұл процесті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде реттеп жауып отырады.

Автотербелмелi жүйенiң қарапайым бiр мысалы - өзiмiзге жақсы таныс механикалық сағаттар.

Сағат тілінің қозғалысы. Сағаттың математикалық маятнигінің тербелісі механизмдерін қозғалту арқылы жүзеге асады. Жүктің потенциалдық энергиясы арқылы сағаттың механиздері қозғалысқа түседі де тербеліс жүзеге асырылып сағат тілшесі қозғалады.

Анкер - сағат механизмінің негізгі бөлігі. Ол тербелістерді реттеу үшін энергияны қозғалтқыштан реттегішке периодты түрде беріп тұратын құрал. Анкердің жұмыс істеу принципі тістері бар дөңгелектің маятникті белгілі бұрышқа бұруына негізделген.

Электромагниттік автотербелмелі жүйенің мысалы – өшпейтін электромагниттік тербеліс тудыратын транзисторлы генератор.

ІV.Практикалық жұмыс

10мин

Есеп

№1. Кернеудің әсерлік мәні 127В тізбекке индуктивтігі 0, 16 Гн, активті кедергісі 2 Ом катушка мен сыйымдылығы 64 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған.Тербеліс жиілігі 200 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай?


Берілгені

L=0,16 Гн

U=127 В

v=200 Гц 
R=2 Ом

C=64 мкФ


ХБЖ

64*10-6 Ф



Шешуі 




 

 

Z=188,53 Ом

Жауабы: I=0,67 А


I=? 

№2. Айнымалы ток тізбегі индуктивтігі 1, 5 Гн, активтігі 120 Ом катушка мен сыйымдылығы 1 мФ конденсатордан тұрады. Кернеудің амплитудасы 100 В, тербеліс жиілігі 50 Гц болса, тізбекте қандай қуат бөлінеді?


Берілгені

L=1,5 Гн 
Um=100 В

v=50 Гц 
R=120 Ом

C=1мФ


ХБЖ

1*10-3Ф



P=? 


Шешуі: 


 ;  

 ; 



; 

; 

Жауабы: 2,58 Вт 

V. Сергіту сәті.

2 мин

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

VI. Бекіту.

5 мин

Дайындық сұрақтарын талдау.

1.Еріксіз тербелістер дегеніміз?



2.Өшпейтін тербелістердің екінші түрі ?

3.Өшпейтiн тербелiстердi алудың жолы:



4.Автотербелістер 



– сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.(1)

- автотербелістер.(2)

- тербелмелі жүйе;

- жүйеге сырттан периодты түрде өзгерiп отыратын күшпен әсер ету; (3)


– сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер.(4)

VIІ. Рефлексия

2 мин

VIІІ. Оқушыларды бағалау.

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

ІХ.Үй жұмысы.

2 мин.

конспект оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.