|
Мотивациялы-қызығушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті-түзетушілік
|
«Ыстық шеңбер» ойынын ұйымдастыру
«Мен мықтымын» ойынын ұйымдастыру.
Бәйшешек гүлін жапсыруды реттілігі:
1.Қағаздан ұзынша сопақшалар, дөңгелек, жолақшалар қиюды ұсыну.
2.Дөңгелекке желім жаққызу,қағаздың дәл ортасына жапсыруды ұсыну.
3.Жолақшаға желім жағып, дөңгелектің астына жапсыру тапсырылады.
Сергіту сәтін ұйымдастыру:
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Барлық саусақ бірікті,
Жұмысымыз тез бітті
4.Сопақшаларға желім жаққызып, дөңгелек шеттеріне реттілікпен жапсыру ұсынылады.
5.Жасыл түсті сопақшаға желім жаққызып, жолақшаның оң жақ шетіне жапсыру ұсынылады.
Көрме ұйымдастыру
|
Бір-біріне жылы лебіздер айтады.
Бөлшектерден бүтін гүл бейнесін құрастырады.
1.Қағаздан ұзынша сопақшалар, дөңгелек, жолақшалар қиады.
2.Дөңгелекке желім жағып,қағаздың дәл ортасына жапсырады.
3.Жолақшаға желім жағып, дөңгелектің астына жапсырады.
Қимыл қозғалыстар арқылы бойларын сергітеді.
4.Сопақшаларға желім жағып, дөңгелек шеттеріне реттілікпен жапсырады.
5.Жасыл түсті сопақшаға желім жағып, жолақшаның оң жақ шетіне жапсырады.
Көрмеге жұмыстарын қойып, достарының жұмыстарымен салыстырады.
|