БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Б.Мұқайдың өмірі. «Өмірзая» романы.
(сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Қазақ әдебиеті.
Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.
2022 жылғы « 14 » ______03______
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ
Сабақ типі: Дәстүрлі.
2. Оқыту мақсаты: Б.Мұқайдың «Өмірзая» шығармаларына сюжеттік-композициялық талдау жасау.
Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)
(құндылықтарды игерту).
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
Ынтымақтастық;
Жауапты азаматтық позиция;
Отбасы мүшелеріне деген құрмет.
Бағалау критерийлері: 1) Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды;
2) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмірмен байланыстырады.
1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.
https://youtu.be/Qatg1a0QET0 «Өмірзая» трагедиясы /Баққожа Мұқаи/
https://youtu.be/uakIpoSaWII Баққожа Мұқаидың "Өмірзая" романына шолу.
https://youtu.be/uyKVxmSTIz0 Жазушы, драматург Баққожа Мұқай
http://m.adebiportal.kz/kz/retailing/view/325
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы_(10 мин)
Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Білу; Түсіну.
Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.
Қызығушылықты ояту
Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжайды. Ойларын ортаға салады.
кескіндер (көк, қызыл, сары түстер ) арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
Келесі қадам: оқушылар сурет бойынша тақырыпқа болжам жасайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.
Сабақтың ортасы: Қолдану; Талдау.
Мағынаны тану кезеңі. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап береді.
Баққожа Мұқай шығармашылығымен таныссыз ба?
Сіздің ойыңызша, Баққожа Мұқай оқырмандарына қандай шығармалар ұсынды? Неліктен?
Өмірзая сөзінің мағынасы қандай? Қандай дәлел келтіруге болады?
«Өмірзая» романында қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?
Қалай ойлайсыз, Баққожа шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде?
2-тапсырма. Берілген тұжырымдар бойынша өз ойларын ортаға салады.
«Б.Мұқайдың «Өмірзая» шығармасындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы».
«Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі».
3-тапсырма. Оқушылар шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды.
А) Шығарма сюжеттік-композициялық құрылымы:
сюжеттің басталуы;
сюжеттің байланысы;
сюжеттің дамуы;
сюжеттің шиеленісуі;
сюжеттің шарықтау шегі;
оқиғаның шешімі.
Ә) Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
«Өмірзая» шығармасының жанрлық ерекшелігі |
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
Шығарма идеясына сай кейіпкер бейнесіне талдау жасаңыз:
1-топ.
кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
Осы замандағы қазақ халқының бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
"Кейіпкермен кездесу" әдісі
Барысы:
Сіздерге өздеріңіз қалаған шығарма кейіпкерімен кездесу мүмкіндігі туғанын елестетіңіздер.
Кездесуге неге осы кейіпкерді таңдадыңыздар?
Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?
Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?
Неге олай ойлайсыздар?
Кейіпкердің жауап бере алмауы мүмкін бе?
Неге олай ойлайсыздар?
Бағалау. «Табыс баспалдағы»
Дескриптор:
тұжырымдар бойынша пікірлерін білдіреді.
шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды;
шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
Кейіпкерлер бейнесін талдайды;
Кейіпкерлер образына енеді;
Образдар жүйесін анықтап, дәлелдер келтіреді.
Ой толғаныс кезеңі. Жеке жұмыс
Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.
Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз. | |
Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз. | |
Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз? | |
Кері байланыс
3-2-1
Сабақтың соңы (10 мин)
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Үй тапсырмасы: (5 мин)
[8] 57-73 беттер, 68 бет, 1,-тап.