Мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыру барысында қолданбалы курс арқылы оқушылардың химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп, пәнаралық қолданыс аясына қодана білу. Оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау
Просмотр содержимого документа
«Бағдарламаның атауы: «Химия есептерін шығару әдістері».»
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«№ 19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні: Химия.
Бағдарламаның атауы: «Химия есептерін шығару әдістері».
сыныбы: 10-сыныпқа арналған.
сағат жүктемесі: 34 сағат.
Бағдарлама авторы: Битабарова Х.И
Түсінік хат
Бүгінгі заман-бәсекелестік пен ғылым мен білім заманы.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050».
« Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін , терезесін тең ететін- білім». Міне соған байланысты білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы деп білемін.Болашағымыздың жарқын болуы мектеп қабырғасында жүргізген оқыту үрдісі мен тәрбиеге байланысты болмақ.Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оқушылардың заман талабына сай өмір сүруіне үлкен ықпал жасамақ. Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру нысанасын таңдайды. Ендеше, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігінің желісі әлеуметтік- экономикалық дамуындағы өзгерістерге жол ашу болып табылады. Заман талабына сәйкес жалпы орта білім бейінді оқытылуға көшті.Сондықтан да «Химия есептерін шығару әдістері» қолданбалы курс бағдарламасы 10-сыныпқа арналады. Курсқа 34 сағат берілді. «Химия есептерін шығару әдістері» қолданбалы курста әртүрлі тақырыптарда есептер шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Бұл курста оқушылар теориялық білімді практикалық білімге қолдану аясын кеңейтеді. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым химиялық есептеуден бастап күрделендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін қорландырады. Оқушылар курсты меңгеру арқылы химиядан жоғары есептерді шығару біліктілігін меңгере алады. Курсты оқыту оқушыларды аудандық, облыстық және республикалық олимпиадаларға дайындауға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыру барысында қолданбалы курс арқылы оқушылардың химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп, пәнаралық қолданыс аясына қодана білу. Оқушыларға химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы білімдерін тереңдету, олимпиадаларға дайындау
Міндеттері: 1) Оқушыларға химиялық есептерді шығару әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін саналы меңгерту. 2) Химиялық есептерін шығарудың жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау. 3) Химия пәнінен есептердің шығару жолдары мен әдіснамасын меңгерту. 4) Оқушылардың логикалық, ізденушілік қабілеттерін дамыту. 5) алған білімдерін одан әрі тереңдетуге мүкіндік беру.
Өзектілігі: ҚР-ның «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу үшін олардың талабына жол ашу.
Қолданбалы курстың мазмұнына қойылатын талаптар:
1.Ғылымилығы: Химиялық есептердің жан-жақты танымдық, білімдік бағытта практикалық болуы.
2. Жүйелілігі: Білгеннен-білмегенге, жайдан-күрделіге.
3.Түсініктілігі: Теориялық білімді нақты үйрету.Оқушы өз бетінше қарапайым есептерді жазып, оны ешкімнің көмегінсіз шығара білу. Есептегі негізгі ойды анықтай білу.Химиялық тәжірибені уақтылы орындап, одан қорытынды жасай білу.
Күтілетін нәтиже:
-Химиялық есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін талдай отырып, сөйлеу мәдениетінің дамуы,
-Есеп шығару барысында тура және кері жору әдістерін пайдалану арқылы есептерлің шығындысын тексере білуді үйрену.
Болжам:
Химия пәнінен оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктері мен дағдыларын дамыту үшін есептердің маңызы зор. Жаттығулар жаңа материалды оқып үйрену мақсатында сабақтарға енгізілуі мүмкін. Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару арқылы оқушылардың химия пәнінен тақырыптар бойынша білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Оқушы «Химия есептерін шығару әдістері» курсын ойдағыдай толық меңгеріп шықса, химиялық есептердің шығарылу моделін құра білуге, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға дағдыланады. Эксперименттік жұмыстарды орынды жүргізуі, есептеу, тұжырым жасау зерттеу нәтижелеріне химиялық тұрғыдан баға беру біліктілері мен өз бетінше білім алу қабілеттілігі бар шығармашыл, ізденімпаз, және құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады.
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
1 | Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық масса. | 1 |
2 | Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. | 1 |
3 | Химиялық формулалар бойынша есептеулер. | 1 |
4 | Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу. | 1 |
5 | Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу. | 1 |
6 | Құрамындағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу | 1 |
7 | Зат мөлшері. Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро саны. | 2 |
8 | Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынасы. | 1 |
9 | Химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер. | 4 |
10 | Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. | 2 |
11 | Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер | 1 |
12 | Реакция өнімінің шығымы бойынша есептеу | 2 |
13 | Ерітіндіге байланысты есептеулер | 1 |
14 | Ерітінділер. Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға байланысты есептеулер | 2 |
15 | Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлестерін анықтауға арналған есептеулер | 2 |
16 | Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер | 2 |
17 | Электролиз | 1 |
18 | Электролиттік диссоциациялану теориясы | 1 |
19 | Диссоциациялану дәрежесіне есептеулер | 1 |
20 | Химиялық реакция жылдамдығына есептеулер | 2 |
21 | Химиялық кинетика және тепе-теңдік | 2 |
22 | Реакция жылдамдығына температураның, қысымның, концентрацияның әсері. | 2 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі :
Қ.Бекішов. Химия есептері. Алматы. 2002ж.
Г.Сағындықова.Химиядан типтік есептер шығару.Алматы.2007ж
Қ.Бекішов. Химиядан олимпиада есептері. 2004ж.
К.Түсіпов. Практикум.Қарағанды 2002ж
Оспанова. Сандық есептер шығару әдістемесі. Алматы.1998ж
«Химия мектепте» журналы № 2,3,4 2005-2006ж.
Ә.Темірболатова, Н.Сағымбеков, С.Әлімжанова, «Химиядан тапсырмалар жинағы», Алматы «Мектеп», 2007 ж
Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, Ә.Әлімжанова, «Химия 11», Алматы «Мектеп», 2015 ж.
Даутова З.С., Таженова Р.А. «Органикалық химияның жаттығулары мен есептері» Оқу – құралы, Өскемен, 2013 ж.
П.Н.Протасов, И.К.Цитович «Методика решения расчетных задач по химии», Москва, «Просвещение», 1988
Г.П.Хомченко «Пособие по химии для поступающих в ВУЗы», Москва, Новая волна, 2012
Г.П.Хомченко, И.Г.Хомченко «Сборник задач по химии для поступающих в ВУЗы» Москва, Новая волна, 2012
А.Толеков, Қ.Бекішев «Химиялық формула табу есептері» Алматы:ААҚ «Өрлеу»2013