Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1В бөлім. Компьютер таңдаймыз Күні: Сынып: 9 | Мектеп: №А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей КММ-сі Мұғалімнің аты-жөні: Архарова Алтынай |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Бағдарламалық қамтамасыз етудің таңдауы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.2.1 қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: - Қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдайды; Оқушылардың басым бөлігі: - Берілген жағдайларға байланысты қандай бағдарламалық жасақтама қажет екенін көрсете алады; Кейбір оқушылар: - Кез келген компьютерде орнатылған программалық жабдықтардың сипаттамаларын, компьютерге орнатылған ПЖ үлгісін, жүйенің техникалық параметрлері мен орнатылатын ПЖ сәйкестігін анықтай алады. |
Бағалау критерийі | Қолданушының қажеттілігіне байланысты тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар Термин сөздерді пайдала отырып, тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау жолын ауызша түсіндіреді Пәнге тән лексика және терминалогия. Программалық жабдықтаманың түрлерін біледі. – software - программалық жабдықтама – system software - жүйелік жабдықтама – applied software-қолданбалы программалық жабдықтама –programming systems - программалау жүйелері – base software - базалық жабдықтама – service software - сервистік программалық жабдықтама – utilities – утилиталар - program - программа - programming – программалау - programmer - программалаушы Негізгі сөздер мен тіркестер: ОЖ, ЖПЖ,ҚПЖ,ПЖ, қосымшалар Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: - Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз ..... - Жүйелік программалық жасақтама дегеніміз .... - Қолданбалы программалық жасақтама дегеніміз .... |
Құндылықтарға баулу | Қарым-қатынас жасау қабілетін құруға, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарауға, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу; |
Пәнаралық байланыс | Дене шынықтыру пәні 5 сынып, 5.2.3.3 «Қазақтың ұлттық ойындары» |
Алдыңғы білім | Компьютердің атқаратын міндеттерін, компьютердің конфигурациясының атқаратын жұмыстарын ажырата алады |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 5мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар «Жылы жүрек – жақсы тілек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтарға біріктіру. 1- топ «Программа» 2 -топ «Компьютер» 3- топ «Операциялық жүйе» Үй тапсырмасы "Дорбадағы асықтар" әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтау. Компьютердің базалық конфигурациясының атқаратын ролінің маңызы? Компьютердің атқаратын міндеті қандай? Қандай ақпараттық құралдар жиынтығы компьютерлердің базалық конфигурациясын құрайды? Қандай ішкі құрылғылар жүйелік блоктың құрылымына кіреді? Компьютердің аппараттық құралдарын атаңдар? Бағалау: арқылы бағалаймын. | |
Сабақтың ортасы 2 мин 2 мин 10 мин 2 мин 10 мин Бағалау критерийі Қолданушының қажеттілігіне байланысты тиімді бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдайды. | «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар суретке қарап сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын 1.Суреттен не көріп отырсыңдар? 2.Осы суреттердегі белгішелер сендерге таныспа? Bilimland .kz сайтынан оқушыларға Программалық қамтамасыз ету тақырыбына бейнеролик көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіремін. Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар әр топ өздеріне түскен атауға постер қорғайды тапсырмалар 1- топ «Ақпараттық жабдықтамалар» 2 – топ «Программалық жабдықтамалар» 3- топ «ОЖ нің қызметін, жіктелу жолын түсіндіреді» Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Тапсырма 1: Жұптық жұмыс Кестені толтырыңыз. Келесі жағдайларда қандай бағдарламалық жасақтама қажет екенін көрсетіңіз. Жағдай | Жүйелік қаматмасыз ету | Қолданбалы | Бағдарламалау жүйелері | Қуаныш өзінің ғылыми жобасына арналған презентация дайындайды. | | | | Темірлан ірі компаниядан компьютерлік бағдарлама жазу туралы тапсырыс алды | | | | Ислам озіннің компьютеріне жаңа принтерді қосады | | | | Бағалау: «смайлик» әдісі арқылы бағалау Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану Тапсырма 2: жеке жұмыс Берілген жағдайларда қандай программалық жасақтама қажет екенін MS Word- та кесте құрып, белгілеңдер: Жағдай | Жүйе-лік ПЖ | Қолдан-балы ПЖ | Инстру-ментал- дық ПЖ | Кәсіби программалаушы ірі фирмадан тапсырыс алып, компьютерлік программаны жазады. | | | | 11-сынып түлектері фотоальбом дайындап, мектептегі өмірлерін еске түсірді. | | | | Мұғалім өз пәні бойынша компьютерде тест тапсырмасын дайындады. | | | | Смартфон өндірушілері жаңа телефондардың дизайнын ұсынады. | | | | Дескрипторлар: -Жүйелік ПЖ-ны анықтайды; - Қолданбалы ПЖ-ны анықтайды; - Инструменталдық ПЖ-ны анықтайды. Дескрипторлар арқылы тексере отырып, ауызша кері байланыс беремін Сабақты бекіту тапсырмасы: Жеке жұмыс: Интерактивті жаттығуды орындаңыз. https://learningapps.org/display?v=p63vb0cen18 Бағалау: «смайлик» әдісі арқылы бағалау | Слайд B ilimland.kz Компьютер, тәжірибелік тапсырмалар |
Сабақтың соңы 2 мин 3 мин 2 мин | «Қара жәшік» әдісі арқылы оқушылар қораптағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймын. 1.Компьютердің техникалық сипаттамаларын білудің қандай маңызы бар? 2.Программалық жабдықтама қолдануына байланысты қалай бөлінеді? 3.Программалық жасақтаманы компьютердің жылдамдығына әсер етпейтіндей етіп қалай дұрыс таңдау керек? Кері байланысты «Insert » әдісі арқылы жүргіземін. Оқушылар «Insert» әдісі арқылы стикерге кері байланыс жазып сәйкес суретке жапыстырады Білемін? | Білдім? | Білгім келеді? | | | | Үйге тапсырма Лицензияланған, шартты тегін және еркін таратылатын программаларға мысалдар жазыңдар. | кеспе қағаздары, сұрақтар Ағаштар бейнеленген кеспе қағаздар |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындадым. Деңгейлік тапсырмалар жеке, топтық, жұптық, тапсырмалар орындалып отырады. «Суреттер сөйлейді» әдісі, «Джигсо » әдісі оқушылардың ойын ашық айтуға, бір-бірін тыңдауға баулу. Топтық, жұптық, тапсырмалар орындау барысында кейбір оқушыларға сөзбен немесе диалогпен қолдау көрсетемін | Тапсырмалар «бас бармақ», «смайлик» әдістері арқылы бағалаймын. «Бағдаршам» әдісі арқылы жаңа сабақты қаншалықты түсінгенін анықтаймын. | Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Кері байланысты «Insert » әдісі арқылы жүргіземін. |
Оқушылар «Insert әдісі» арқылы стикерге кері байланыс жазып сәйкес суретке жапыстырады Білемін? | Білдім? | Білгім келеді? | | | | |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |