Тақырыбы: Бағдаршам
Мақсаты: Оқушылардың биология жайлы білімдерін сынау. Оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін тиянақтау, қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, микроскоп және оған қажетті құралдар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Салеметсіздер ме оқушылар? Бүгінгі сабақтан тыс «Бағдаршам» ойын сабағымызға қош келдіңіздер! Бағдаршам деп алу себеім балалар бүгін ойында түрлі (қызыл, сары, жасыл) түстер арқылы ойнатылады.
1.Тренинг « Өрмекші әдісі»
2. «Қалыптан тыс амандасу» ойыны
Ретсіз қозғала жүріп, бір - бірімен былай амандасады:
Бас иіп;
Күлімдеп;
Көзбен;
Қол алысып;
Иықпен;
Арқамен;
Тіземен.
Тұсаукесер
Просмотр содержимого документа
«"Дарабоз-2021" сыныптан тыс іс-шара»

1.1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1.2. Әділ-қазылар алқасын сайлау
1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
Қорытынды.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Таныстыру.
2 кезең. Кім жылдам?
3 кезең. Мен ғалыммын.....
4 кезең. Суреттер сөйлейді.
5 кезең. Тоб басшы
І кезең . Таныстыру. (2 топқа бөлінеді.1 топ – Омыртқасыз жануарлар. 2 топ – Омыртқалы жануарлар. Әр топқа 4 оқушыдан қатысады.) Жоғары ұпай 5 ұпай
(Әр топ таныстыруын жануарлар әдісімен салу.)
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды — деп, келесі кезеңімізді бастаймыз.
2 кезең. Кім жылдам? - деп аталады. Бұл кезеңде әр топ ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
3 кезең. Мен ғалыммын.....
1.Қасқырдың ұлыған даусы10 шақырымға дейін естіледі.
2.Ит онға, мысық жүзге жуық дыбыс шығарады екен.
3.Жан-жануарлар ішіндегі ең кішіпейілі түйе. Ол кішкентай бала жетелесе де елпілдеп ере береді.
4.Қоян алды-артын мойын бұрмай-ақ көре алады.
5.Жан-жануарлар алыбы піл тышқаннан өлердей қорқады.
Осылайша әр топ 10 жаңа жаңалық ашады.
4 кезең. Суреттер сөйлейді. 2 топқа берілген суреттер арқылы оқушылар өз топтарына сөйлемей қандай екнің жасырады. Тапқан ар сұраққа 3 баллдан.
5 кезең. Тоб басшы
Конверттегі сұрақтар тандалады.
Қызыл, сары , жасыл.
Қызыл конверт –жаңылпаш;
Сары конвертте- Мақал ;
Жасыл конвертте – жұмбақ жасырылған
ІІІ. Марапаттау.
IV.Қорытынды. Азығы бір күнге жететін айламен емес,
Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік! –дей келе келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
№5 мектеп-лицей
«Бағдаршам»
сыныптан тыс іс-шара
Өткізген: ЕлубаеваГ.К.
Сынып:7 «В», «Г»
2018-2019 оқу жылы