СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама: «Ағылшын тілі балабақшада»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ағылшын тілін балабақшада оқыту өте маңызды деп ойлаймын. Балаларды 3 тілге үйрету бұл мектепке дейінгі ұйым педагогтарының басты мақсаты

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «Ағылшын тілі балабақшада»»



Балабқшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап,халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігі

Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып,тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін,ана тілін қастерлеу үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан,пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп,алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру.Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор:– Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша, мектептерге ұлттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте ұлттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін.Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Алтынай Жайтапова, педагогика ғылымының докторы: – Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? 

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

белсенді қарым-қатынас:  баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

 «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.

Бала бойында  рефлексиялық сапалардың қалыптасуы оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:

-    өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

-    өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

-    өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;

-    өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Рефлексиялық әрекеттер барысында оқу іс-әркетін ұйымдастыру жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Сонымен бірге бала тұлғасына шоғырланған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші тарапынан әр баланың өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.

Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде?

1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.

2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.

3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.

4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді..

Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып  сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген.  Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ  иесі,  өмір    гүлі деп есептеген. Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелері, ойға    түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары,  жинаған  әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Ұлттық тәрбиені халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында,    отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық  шығармаларында  және  қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған Ұлттық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеуде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені сабақ барысында қолданусәбилерге оқу іс-әрекетін ұйымдастыру да , психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Ұлттық тәрбиені қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын Ұлттық тәрбиені қолдану қажет деп ойлаймыз. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана баламен рухани үндестікпен үйлесімдікке ұмытылу ,ата –баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу.халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болады.қазақ халықы баланы дүниедегі барлдық асылдан жоғары бағалаған ,болашағына ,арманына бағалаған.Сондықтан халқымыз «Балалы үй базар,баласыз үй мазар», «Босағасын алтынан соққсаңда ,перезент сүймей адамның мейірі қанбас деп барлық асыл сөзді арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.Ата,апа, әке шешенің қарым қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан жетілуне үлкен үлес қосады.ізгілікті іске баулиды.

Ұлттық рухты адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор-отбасымүшелерінің дұрыс қарым қатынасы,баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Рухани байлық дүниетаным,түсінік,рух,иман отбасында қолданылады. Егер сәби отбасынан ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасымен сусындаса өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениеттік жетістіктерді игеріп,терең меңгерсек,ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіпөркениетті ел ретінде нық тұрамыз.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Ұлтттық тәрбие салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, Ұлтттық тәрбие iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен Ұлтттық тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика Ұлтттық тәрбиеден бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — Ұлтттық тәрбиені ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы ұлтттық тәрбие пайда болды. XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi мен салт-дәстүрлерi жайында тұңғыш зерттеу еңбектерiн жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд. т.б.) қолжазбалары десек, екiншi кезең - XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл iстi ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, X.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, бұл кезеңдi ұлттық тәрбиені қалыптастыратын халықтық педагогианы ғылым ретiнде туып, қалыптасу кезеңi деп қараймыз. Үшiншi кезең - 35-40 жылдық үзiлiстен кейiн (1970-2000 ж.ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуiрi деп аламыз. Ежелден Қазақстан жерiнiң байлығына қызыға қарап, көз тiккен және мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттерi бұдан әлденеше ғасыр бұрын саяхатшы, елшiлер жiберiп, жер-суы мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi көздеген.

Ұлттық тәрбие саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлiм - тәрбие iсiне пайдаланып келедi.

Аңыз әңгiмелерден үзiндiлер айтғызып, жаңылтпаштар айтысып, ой әрiсiн кеңейтiп, тiлiн ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты кәп айта алғанға ңпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамағтар айтып, оны шешуден мүдiрмеген баланы мадағтап, мағал - мәтел жаттаудан озған балаға ғұрмет кәрсетiп, шешендiк сөздердi жаттатып, т.б. ұлттық дәстүрлердi талап ете бiлу керек. Халықтын ойындары, әсiресе, қуыршақ ойынын театрландырып, үй iшiне ата - ана ұйымдастыра бiлсе, үлкен тәрбиелiк жұмыстарды атғарған болар едi. Әулет дәстүрiн қастерлеп, дәстүрлiк мұраларды алға апаруды насихаттап, игiлiктi iстердi ұйымдастырушылар да ата - аналар. Елге белгiлi болып жүрген отбасылық ансамбльдер ұлттық дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгiлерi болып табылады. Үй iшiнде "туған күн", "ата - ана - бiздiң күнiмiз", "әке - қорғанымыз", "тазалық күнi", "меймандоспыз - бәрiмiз" тағы басқа тақырыптарда отбасылық той - думан, қонақ күту дәстүрiн өткiзуге де ата - ана тәлiмдiк басшылық жасап, қасиет айтып, өнеге көрсетуге тиiс.

       Ұлттық тәрбиені пайдалану iсi одан әрi дамытылып балалар бақшасында "Ертегiлер әлемiнде"бөлмесiмен қатар, ұлттық - фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тiл ширату дәрiстерi ұйымдастырылады. Бәрiне де ертегiлер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегiлерден үзiндi алынып, қызықты қойылымдарды даярлау кезiнде, өрендер кейiпкерлердiң бет - бейнесiн, тiрлiк - тiршiлiктегi орнын байқап, сол бейненi айнытпай көрсетуге тырысады.

        Тәрбиешi жұмбақ айтыс, санамақ айту, жаңылтпаш айта бiлу ойындарын ұйымдастырады. Ойын қызықты болу үшiн ойынды әнмен, күймен безендiрiп отырады.

        Әсiресе, қуыршақ ойындарына ұлттық тәрбиені қалыптастыра бiлудiң тәрбиелiк мәнi зор. Қуыршақты "сөйлету" арқылы өзiнiң көп тақпақты жаттап, талай бейненi ойнап үлгергенiн байқамай да қалады. Қуыршақ ойындарының тәрбиелiк тиiмдiлiгi тәрбиешiнiң ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты.

Балалар бақшасында ұлттық тәрбие дәстүрлер мен салт - сананың алғашқы қарапайым, негiздерiн өрендерге өнеге ретiнде үйретiп, жаттықтырып, оны iс жүзiнде олардан талап ету керек. Ол iс балабақша бағдарламасында кеңiнен орын алуы тиiс.

Біз өзіміз, яғни тәрбиешілер қауымы қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрін толық білеміз бе? Осы төңіректе біз ойланып көрейікші.Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі толық білмей тұрып,балаларға ұлттық тәрбие беруі мүмкін емес.Қай заманда болсын, ұлттық өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты –білім.Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе .Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының, алғашқы баспалдағы болып саналады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Ұлттық рухта адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде   жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған тәрбиешілік жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы оның ұлттық рухта, моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау  бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыпқғұрыпттарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.Адам баласы дүниеге келген күнен бастапүнемі салт дәстүр аясында өседі Бала тәрбиесінде халықтық ,тұрмыстық салт дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып,тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе білуміз қажет .

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принцптерге негізделіп,мақсаты айқындалады.

Ұлттық тәрбие жұмысын ізгілендіру

Ұлттық тәрбиені демократияландыру

Ұлттық тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.

Мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету ,оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтижандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау

Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан түсіндіру.


Күтілетін нәтижелер

  • Балалардың бойында ұлттық тәрбиені, төзімділікті, мәдениетілікті салауатты өмір салтын ұсынуды шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін ұлттық тәрбие жүйесін құру .

  • Білім беру мекемелеріндегі ұлттық тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірбиелерін тарату;

  • Оқыту және тәрбие үрдісінің үштігін тәрбиеші, ата –ана ,бала ны тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру

  • Ата бабамыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ,осы кезеңде балдырғандарға тәрбие беру ісін жан-жақты –тіл үйрету, ақыл ойын өсіру, денсесін жетілдіру, еңбксүйгіштікке баулу адамгершілік ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.

Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі «деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла бойы Жүріс тұрысы, мінез –құлқы, істеген ісі-тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан біздің алға қойған міндетімізбалабақшада Ұлттық тәрбие жұмысындағы жақсы салт дәстүр, әдет ғұрыптарды жинақтап саралаппайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» -деп атап көрсеткен. Барлық дәстүр әдет ғұрыптар ұлттық тәрбиеге байланысты.

Ұлттық тәрбиеден ата –баба мұрасынан ұрпақ нәр алатын саналы жетілген азамат ретінде тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы –ұлттық тәрбие екені сөзсіз.

Тәрбиеші –балабақшадағы ұлттық тәрбиені бағыттаушы басты тұлға. Қазіргі уақыт талдабына сай стандарт талабына ұлттық тәриені енгізу тәрбиешінің басты шартты.


Ұлттық тәрбиені тарату кезінде балалрдың бойында қалыптасатын салалар:

1.Дене шынықтыруға, күш–қуатты шыңдай түсуге, мүсінді түзетуге бағытталған;

2. Еңбексүйгіштікке,достыққа,жолдастыққа қайраттылыққа тәрбиелеу

3. Тілін ұстартуға, ой-өрісін кеңейтуге батылдыққа ептілікке баулу.

4.Санамақ ойындары санауды үйретеді, математикалық логикасы қалыптастырады.

Еліміздің болашағынның тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін ұлттық тәрбиенің иісін сініруіміз қажет.

«Балалар бақшасындағы «Балапан» бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың ұлттық рухта дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, отансүйгіштік сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде ерте заманан бері жиып терген мол тәжірибемізді ортаға салып отырмыз. Оны халқымыз ең жақсы қасиеттермен байытып,ұл –қыздарының бойына сіңіртіп отырған.

Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да,  мақсат — мүддесі біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осының айғағы.Яғни, ата — әженің, әке  - шешенің өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.Халқымыз  «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе керек.Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан — жақты жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата – ананың міндеті деуге болады.Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл-адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы.Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек.Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының қалыптасу жолы.Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә.Міне, біздің кішкентай ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз.Сөз — тілдің негізі.Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де  қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата — анасы, тетелес ағалары мен әпкелері.Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді.Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады.Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.

Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес

Ақыл — өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне  жауапта ата — ана рөлі әрдайым бірінші орында.Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті.Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсайық, ағайын!   

Ұлттық тәрбие ғасырлар бойы сараланып халықтың ой –арманы ,тіршілік тынысы,шаруашылық кәсібі,салт –дәстүрмен тығыз байланысты. Демек Халық «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Бас қосуларда үлкен адамдардың жақсы ісін,еліне сіңірген еңбегін,мінез құлқын үлгі өнеге етіп отырған. Жаманнан жиреніп жақсыға жақындап отырған. Бабаларымыздың өсиет сөздерін балалардың құлақтарына құйған «Талаптыға нұр жауар» «Бала теңіне қарап өседі.» Баланы ең әдемі мейір шапағатқа ,сонан соң ақыл парасатқа нағыз пайдалы ғылымға баулу», «Ұл қызыңды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса ,одан соң құрбыңдай көріп ақылдас» «Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала ,ақылды бала қырқында –дана», «Дәрігердің қолы,ұстаздың жүрегі жылы» ,осындай мақал мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану баланың тілін ширатып,ұлттық рухқа тәрбиелейді.

Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы–бауырмашылдық қазақтың ұлттық рухын оятатын әдемі бір көрініс. «Баланы бауыр еттен жаралған» деп таныған қазақтың бауырмашылдығы басқа халықтардан ерекше көзге түсетін ерен қасиеті барынша сүйіп, аялап өсірген баланың ата –ананы құрметтеуі де осы бауырмашылдықтан бастау алған жақсы өнегенің жемісі-деп есептеген жөн.

Жеті ата

Халық жеті атасын білмеген ұрпағын «тегін білмейтін тексіз» деп кіналайді.

Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата ұғымы бар. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.

Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы–туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала.

2. Әке.

3. Ата.

4. Үлкен ата.
5. Баба.

6. Түп ата.

7. Тек ата.



























№19 «Золотой петушок» бөбекжайы





















«Ұлттық тәрбие негізі-балабақшада»

Баяндама









Тәрбиеші: Шаухарова О.Г.

















2019-2020 оқу жылы












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!