СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама: «Ағылшын тілі балабақшада»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «Ағылшын тілі балабақшада»»

Баяндама: «Ағылшын тілі балабақшада»


Балаға ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігі.

«Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.

Уақытында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп Қадір ағамыз айтқандай, қазақ тілін білу – бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесе аласың. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі басым. Бұл – Тәуелсіздіктің жетістігі. Елбасы Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мен қазіргі заманғы Қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің дербес табысының міндетті шарты екендігін айтамын. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындардың саны кемінде 20 пайыз болатынын білемін» деп атап көрсеткен болатын. Бұл бағытта президентіміз 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты асыруды ұсынғанды. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей қолданатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Үштұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады; мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл – өмірлік қажеттіліктен туындаған ізгілікті идея. Қазақстан үшін – үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады: «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшын тілін білсе – әлемдегі ең үздік, ең жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік мол болады.

Қазір елімізде көп тілді білім беруді енгізу жұмыстары басталып кетті. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.

Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған тиімдірек. Неғұрлым көп істеп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

Балабақшадағы балаларды ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарламалар бар. Осы бағдарлама бойынша ағылшын тіліне оқытудың мақсаттары белгілі бір ағылшын тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни, қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және ағылшын тілінде сөйлеуге үйретуге негізделеді. Ағылшын тілін үйрету балалардың ой өрісінің дамуына себепші болады.

Алайда мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады,себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және тағы да басқалары қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты – балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a… This is a… деген сияқты сөз тіркестерін балалар игеріп қана қоймай, тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздерді ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді.

Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне әсер етеді. Ойын кезінде баланың мінез-құлқын, білімін, ой-өрісінің кеңдігін анықтауға болады және осы қасиеттер ойын кезінде қалыптасады. Ойын элементтерін ағылшын тілінде үйретуде пайдаланған кезде көп талаптар қойылады:

  1. Белгілі бір қабілетті қалыптастыру

  2. Белгілі бір тілдік іс-әрекетті дамыту

  3. Ағылшын тілінде екінші біреумен қарым-қатынас жасауға үйрету

  4. Қажетті мүмкіндік пен психикалық қызметті дамыту

  5. Білім беру

  6. Тілдік материалды есте сақтау

И.Н. Скаткин: «Балалар ойынның осы білім беру мақсаттарын байқамай ойын ойнап, көңіл көтере отырып, өзінің бір нәрсеге үйренгенін түсінуі керек», - дейді. Ағылшын тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, нәрселер сатып алу, т.б. түрінде де ойналады.

Ағылшын тілін үйрету барысында балалардың тілін дамытатындай, коммуникативтік құзіреттілігін дамытатындай ойындарды да қолданған жөн. Олар: «Доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып, тез заттың немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» - ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, балалар әр затқа сұрақ қою керек. «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында балалар ол не зат екенін шешу керек. «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» - ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды, мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес it’s twelve десе, балалар түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек. «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп «what colour is it?» балалар It Is red деп жауап береді. Тақтада «Bingo» сөзі жазылып тұрады. Мұғалім балалармен бірге дөңгеленіп айнала отырып тақпақтың екі жолын айтады.

The farmer’s dog is at our door.

And Bingo is his name.

Bingo, Bingo,

And Bingo is his name.

“Name” сөзіне келгенде барлығы тоқтайды. Балалардың біреуі тақтаға қаарп В әрпін қарайды. Содан өзінің сол жағындағы көршісін көрсетеді. Ол келесі әріпті айтады І, т.б. осылайша сөздің соңғы әрпіне дейін жалғасады. Сонымен қатар, сабақты өлеңмен, әнмен өрнектеп өткізуге болады. Мысалы үшін апта күндерін балаларға таныстыру үшін «Days of the week»

“Days of the week

Tomorrow

Yesterday

Monday, Tuesday, Wednesday

Thursday, Friday, Saturday

And Sunday days of the week”

Every day is a new day

Yesterday is gone away

We go on day by day

Tomorrow will come.

Тағы бір мысал келтіріп өтсем:

“Father Abraham”

Father Abraham had many sons

Many sons had Father Abraham

I am one of them and so are you

So let’s all sing this song.

Бұл ойындар, әндер балалардың сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгеру басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.







































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!