Тақырыбы: «Лимон жемісінің таңғажайып қасиеттері»
Мақсаты: Оқушының дұрыс тамақтану туралы түсінігін қалыптастыру үшін денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай цитрус өсімдігі туралы білімін тереңдету және ізденушілікке, шыдамдылыққа, білімділікке дағдыландыру.
Кіріспе:
Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі көзі өсімдіктер болып саналады.
Негізгі бөлім:Лимонның құрамындағы заттар
Лимон жемісінде әртүрлі органикалық қышқылдар (негізінен, лимон қышқылы), қант, 40 миллиграмм пайызда С дәрумені, В1, В2, РР дәрумендері бар. Қабығы эфир майына, пектин заттарына, дәрумендерге бай. Шырынының құрамында 5-7,2 пайыз лимон қышқылы, 1,9-3 пайыз қант, темір, эфир майы, кальций, калий кездеседі. Лимонның жемісін шырын және лимон қышқылын алуға пайдаланады.
Лимонды шаймен, қара кофемен, тұздалған балықпен дастарқанға қойып, қабығынан цедра дайындайды. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, лимонды пайдаланбас бұрын бірнеше секунд ыстық суға салып қою қажет. Немесе, қайнаған сумен шайған дұрыс. Сонда қабығының хош иісі артады. Лимон шырынын
аларда қабығының ақ бөлігін езбеген жөн, әйтпесе, шырыны ащы болып
кетеді.
Мәңгі жасыл өсімдік – лимон қышқылы суда жақсы еритін түссіз кристал екені мәлім. Түссіз кристалдар болатын жемістер, көкөністер: лимон, қарақат, итбүлдірген, шетен жидегі, қызылша. Түссіз кристалды жеміс суларында, конфеттерде, дәрі-дәрмектерде үстеме ретінде және тамақ дайындағанда іске жаратады.
Лимонды сақтау
Лимон жемісін қарашаның ортасынан желтоқсанның ортасына дейін жинайды. Оны былай сақтайды: лимонды жұқалап дөңгелектеп турап, арасына қалыңдау етіп құмшекер себеді, аузы жабылатын шыны немесе эмаль ыдысқа салады да ұзақ уақыт не папирос қағазына орап 6-7 градус температурада (аса төмен температурада жемістерге қоңыр дақ түседі) 6-7 ай бойы сақтауға болады. Мұндайда лимонның дәмі бұзылмайды, құрамындағы дәрумендер жойылмайды.
Лимонмен тамақтану
Лимон қайнатпасы
Лимонның апельсиннен айырмашылығы: оны қабығын аршыған соң сол тұтас күйінде 20 минут ыстық суға салады да, кейін салқын сумен жуады, дөңгелектеп не сопақшалап кесіп, дәнін алып тастайды да, апельсин қайнатқандай жемісін қайнап тұрған сиропқа салып қайнатады да оттан алады. Бір сағаттан соң сиропты құйып алып, 10 минут қайнатады. Сосын лимонды қайта салып, мөлдір түске енгенше жайлап қайната береді. Бұл әдісті 2 рет қайталайды.«Лимон» коктейлі, лимон желесін дайындауға болады.
Тұрмыста қолданылуы
Лимон өсімдіктері шырын мен тағам түрінде ғана емес, тұрмыста да көп қолданылады. Түрлі үй тазалауға, ыдыс жууға, ауаны хош иістендіруге арналған заттарға қосылады. Адам гигиенасына арналған заттардағы лимон өсімдіктерінің қоспасы денсаулыққа пайдалы. Косметика саласында да кеңінен пайдаланылады.
Тұрмыстық заттарға қосылуы:
иіс сабын
кір жуғыш ұнтақ
сусабын
тіс пастасы
иіс су
ылғалдандырғыш сүлгі
хош иістендіргіш
тазалағыш заттар
хош иісті кір шайғыш
жақпа майлар
Лимонмен емделу Дәрумендерге ең бай жеміс.Көп ауруларды лимонмен емдеуге болады.Әсіресе тұмау ауруын. Халық емінде лимоннан дәрі-дәрмек жасау, оның жемісі мен қабығын ағза-
ны қуаттандыру үшін пайдалану ежелден-ақ кең өріс алған шипалық шаралар. Біз медициналық басылымдар материалдарының, емшілер мен дәрігерлердің ақыл-кеңесі негізінде жасалған лимоннан дәрі-дәрмектерді дайындаудың бірнеше рецептерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақшымыз.Сүйел шыққанда, бет күтімінде, нәрлендіру үшін, тісті нығайтуда: тіс аппақ, тамырлары мықты болуы үшін тістерді лимонның қабығымен ысқылап тұрады. Сонда тіс нығаяды.Алақан терлесе, туберкулезда,бас ауырғанда, құлақтан бұлық аққанда ,жүрек ауырғанда кеңінен қолданылады. Қорытынды:
Лимон Ыстық өлке тұрағы, Көп витамин — құрамы. Шайға қосып ішкенде, Тұмауыңды қуады. Дәмі қышқыл ептеген, Ауруға ем көптеген. Иісін айт аңқыған, Лимонға жеміс жетпеген.
Осы ғылыми жоба бойынша жұмыс істеу кезінде мен лимонның пайдасы туралы көп білдім. Бұл өсімдікті үйде де өсіруге болады екен. Лимон өсімдігі үйдің ауасын тазартып тұрады.
Лимонның денсаулыққа пайдалы екенін мен достарыма да айтып жүретін боламын. Оны көбірек жеу қажет.
Өзім шырын, салат жасаған кезде болашақта одан әрі көп нәрсені үйренуім керек екенін білдім. Мен өскенде бұл жұмыстардың шебері болғым келеді. Бұл жұмыс мені көп ізденуге, шыдамдылыққа, алға қойған мақсатыма жетуге үйретті.
Лимон және оның пайдасы
Тағамдарың, салаттардың дәмін келтіру, ас қорытылуын жеңілдету, имунитетті күшейту тұрғысынан маңызды С дәруменінің қоры саналатын лимон тарихта дәрі ретінде де, уларға қарсы у қайтарғыш және құрт-құмырсқаларға қарсы у ретінде де қолданылған. Лимон дәрі іспеттес жеміс және пайдасы санап бітіре алмайтындай дәрежеде өте көп.

Бұлардың кейбірлері мыналар:
Ауыздағы жағымсыз иістерді кетіреді.
Қақырық түзбейді.
Өт айдайды.
Тәбетті арттырады.
Жүрек айнуының алдын алады.
Құсуды тоқтатады.
Ас қорытуды жеңілдетеді.
Ісікті кетіреді.
Асқазанды қуаттандырады.
Шөлді басады.
Іш өткенге қарсы пайдасы бар.
Жүректің қатты соғуын басады.
Бауырдың жұмысын жақсартады.
Геморрой ауруына жақсы әсер етеді.
Сыздап ауырған жерлерді кетіреді.
Теріге жағылса құлпыратады.
Беттегі секпілдерге қарсы пайдалы.
Жылтыратушы, тазалаушы.
Сияның дақтарын кетіреді.
Қабығы күйе түсуге қарсы пайдалы.
Қабығы жағылса (өртелсе), бөлмені тазалайды (дезинфекция ретінде пайдалы).
Дәнінің ұнтағы уларға және улануға қарсы пайдалы.
Тамақ ауруы: Балмен араластырылған лимонды емдік сироп ретінде ішуге болады.
Безеулер: Лимонның суы балмен араластырылып безеулі жерлерге жағылады.
Әлсіздік: Білектерге 1-2 тамшы тамызып ақырын ысқылау денені аздап сергітеді.
Тұмау: Шәйға немесе ыстық суға қосып ішу керек.
Жәндіктер: Ара немесе маса шаққан жерге лимон су мен балды араластырып жағу пайдалы.
Әсемдік: Тырнақ дақтары лимон суымен ысқыланса әдемірек көрінеді.
Иісті қолдар: Пияз, сарымсақ иістері қолға сіңген жағдайда лимонмен ысқылау жағымсыз иісті кетіреді.
Шынтақ пен Тобықтар: Жылы суға лимон суын қосып ысқылаған пайдалы.
Ісіктер: Лимон ісіген жерлерге жағылса пайдалы.
Бас мүшелері: Лимон суы бет сал ауруларына пайдалы келеді.
Көру: Лимон суынан дайындалған көз тамшылары көзге пайдалы.
Тыныс жолдары: Жүрек қағысын реттейді және лимон тосабы өкпемен тамаққа пайдалы.
Улану: Дәндерін қайнатылып дайындалған шәрбәті ыстық күйінде тұтынылған жағдайда улануларға қарсы әісерлі болады.