СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын сақтау және нығайтудың маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама "Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және сақтаудың маңызы". Бастауыш сыныптар.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын сақтау және нығайтудың маңызы"»

«Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және сақтау» бағдарламасы

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,оларға жастайынан салауаттық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын денсаулығы мықты азамат өсіре аламыз»

Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда балалар денсаулығын сақтау мен оларға салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту проблемалары барған сайын өзекті бола түсуде. Балалар денсаулығы – бұл біздің болашағымыз салынған саясат. Сондықтан, бүгінгі күні мектептің педагогика ұжымы мен ата-аналар жұртышылығының алдында тұрған ең басты міндет–дені сау ұрпақ тәрбиелеу . Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Оқушылардың  өміріндегі көп мезгілдерінің бірін өткізетін, ол орта – мектеп. Оқушының бойында ағзаның өсуі мен дамуы, биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық және жемісті іс – әрекеттіліктерге дайындығы қалыптасады. Ендеше салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру, бүтіндей педагогикалық процессте жүзеге асады деуге болады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері негізгі мәселелердің бірі. Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үрдісі болып табылады. Қазіргі білім саласына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Бұл өзгерістер тек қана білімнің кейбір салаларында ғана емес, жалпы оқыту мен тәрбие жүйесіндегі түбегейлі өзгертулер. Қазіргі кездегі халықаралық тәжірибе мен қазақстандық мектептердің дәстүрлерін ескере отырып, ұлттық білім беру үлгісінің қалыптасқанын байқаймыз. Демек, Қазақстан республикасында білім беру жаңа бетбұрыс алуда. Ол экономикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету жолындағы жеке тұлғаның адамгершілік, парасаттылық, эстетикалық және физиологиялық , психологиялық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруын көздейді. Осыған байланысты шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, парасатты, кәсіби білімді, сауатты, салауатты, денсаулық мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуді бірінші кезекке қояды. Алайда, ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше, хх ғасырдың аяғында, xxI ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендегені байқалған. Соңғы статистикалық мәліметтер мектепте оқыған кезеңде оқушылар денсаулығы жағдайының 4-5 есе нашарлайтынын дәлелдейді. Жабырқатар деректер оқушының нақ осы мектепте қандай да бір ауру табатынын растайды. Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналып отыр. Демек, мектептерге қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.

Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде екені көрсетіледі. Сондықтан, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе болуы тиіс. Міне, сондықтан оқушылар денсаулығы проблемасы қазіргі уақытта педагогикалық шеңберден шығып, әлеуметтік мәнге ие болды. Бұл нені білдіреді ? Ұлт саулығын біздің болашақ ұрпақты қадірлейтіндердің бәрі де өскелең ұрпақ денсаулығын нығайтуға тиісті. Жалпы білім беру мекемесі бүкіл жұмысының негізі және мақсаты бірінші кезекте әрбір оқушының рухани және тән денсаулығы болуы тиіс. Бұл ұлт денсаулығына және біздің елдің өмірге қабілеттілігіне де байланысты.

Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогикалық процесте осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны  білмегеннен білуге және мұғаліммен бірлесе отырып,   сәйкес ептілік пен дағдыға    үйрету, оқыту ретінде  қарастырылады. Оқыту процесі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді де нәтижелі  ететін оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылады.

              Педагогикалық үрдісте салауатты өмір салтын дәріптеу туралы сөз болғанда, ең алдымен денсаулық сақтау технологиясы туралы айтылуы керек. Мектепте оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын ұйымдастыру,  оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық технологияларды сабақтарды сапалы, тиімді қолдану қажет деп есептеймін. Сондықтан, мектепте оқушылардың денсаулық сақтау ортасын құру, яғни оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бағдарламасы құрылуы керек. Осы іс – шараларды іске асыру, тұлғалық ерекшеліктердің қалыптасуында позитивті мәнге ие екені анық.

Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бағдарламасы

Мақсаты:

  • мектепте денсаулықты нығайтуға ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын құра отырып, салауатты өмір салты дағдысына тұрақты баулу мәселесінде оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы, білім алушылардың өмірін қорғауды, денсаулығын сақтау мен нығайтуды, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, соның негізінде дені сау, денсаулық мәдениеті қалыптасқан, патриот, бәсекеге қабілетті, дербес тұлға қалыптастыру

Міндеттері:

  • балалардың өмірін қорғап, денсаулықтарын нығайту, оларды салауатты өмір салтының  құндылықтарымен қамтитын оқушылардың өзіндік жеке дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оқушының өмір салтына, денсаулығына оң көзқарасын арттыру;

  • Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешу үшін мектеп және денсаулықты сақтау жүйесінің жұмысын біріктіріп, тиімді жағыдайлар қалыптастыру;

  • оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды оқу үдерісіне енгізу;

  • сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын қолданып, салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;

  • Бағдарламаны жүзеге асыруда ата-аналармен бірлесе жұмыс атқару жұмысын ұйымдастыру;

Өзектілігі:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деген болатын. Оқу және сыныптан тыс жұмыстарда, оқушылардың өз беттерінше салауатты өмір салтының мәдениеттілігін көтеретін инновациялық денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары қолданылса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді, оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырудың оң нәтижелері анықталып, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардағы денсаулық сақтау технологиясы жүйелі, сапалы түрде енгізіліп, нәтижелі болады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының болжамдық үлгісі

  • дені сау, өз денсаулығын бағалайтын, сақтай білетін, денсаулық мәдениеті қалыптасқан,

  • өзін-өзі дамытушы таным субъектісі

  • өз-өзін бақылай, басқара алатын, өздігінен дами білетін

  • шығармашылық өнімділігі жоғары

  • рухани құндылықтары жоғары, патриот

  • тұрақты емес әлеумет жағдайына тез бейімделетін

  • қимыл белсенділігі жоғары және сау, салауатты

  • дербес, бәсекеге қабілетті

«Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту» бағдарламасының

кезеңдік жоспары:

  • Педагогикалық-әдістемелік сараптама жасау;

  • Мектептегі балалардың денсаулығының негізгі жағдайын талдау, базасын құру;

  • «Оқушы денсаулығы» дөңгелек стол;

  • Мектептегі медициналық кабинетті жабдықтау;

  • Оқытудың инновациялық технологиялардың денсаулықты нығайтып, сақтауға бағытталған әдістемелік жұмыс жоспарын жасау;

  • Оқушылардың тез шаршауы, үрей сезімі, жұмыс жасау деңгейінің төмендеуін және басқа да психологиялық көрсеткіштерін анықтау.

  • Балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға арналған мұғалімдер мен ата-аналардың білімдерін көтеру жұмыстары жүргізу.

Денсаулықты сақтау және нығайту бағдарламасы бөлімдері:

-Психологиялық-педагогикалық қызмет;

-Медициналық қызмет;

-Санитарлық-гигиеналық қызмет;

-Салауатты өмір салтын ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

Эксперименттік жұмыс

  • Балалар денсаулығын ескере отырып, мектепке дейінгі және мектептегі өзара оқытуды байланыстыруды қамтамасыз ету

  • «Денсаулықты сақтайтын оқыту технологиялары»

Мектептегі балалардың даму деңгейіне баға беру «Оқушының даму деңгейі» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар-конференция өткізу

  • Мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің әдістемелігін жасау

  • Оқу-материалдық базаны жақсарту

  • Жоғары білікті мұғалімдер құрамы

  • Дәрігер, мейірбике, психологтар, логопед , әлеуметтік педагогтар дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмысының жүйелі, сапалылығы

  • Педагогтар ата-аналарды түрлі оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту
мәселелерін шешу үшін мектеп пен
денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын анықтау

-Оқушылар денсаулығының диагностикалық мониторингісін жасау;

-Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін медициналық сақтандырумен

қамтамасыз ету;

-Оқушылардың денсаулығын түзету және алдын-алу жұмыстарының

жүйесін белгілеу;

-Денсаулыққа қолайсыз факторлар нақты денсаулық жағдайын білу;

-Денсаулық сақтау саласындағы педагогикалық ғылым мен

практикасының жетістіктерін айқындау;

Психологиялық-педагогикалық қызмет: Психолог, биолог

- Оқушыларға, ата-анаға, педагогтарға ұсыныс, кеңестер;

- Оқу жүктемесін бақылау;

- Мектептің күн режимін бақылау;

Медициналық қызмет; дәрігер, медбике

- Баланың физиологиялық дамуы, денсаулық жай-күйі туралы мәліметті

жүргізу, дайындау;

-білікті дәрігерлік көмек көрсету;

- Әрбір оқушыны жылыны екі рет медициналық тексерістен өткізу;

- Оқушыларды теңестендірілген толыққанды тамақтандырудың

ұйымдастырылуын қадағалау;

Салауатты өмір салтын ұйымдастыру жөніндегі қызмет; валеология,

дене тәрбиесі, пән мұғалімдері

- Түрлі іс шаралар ұйымдастыру;

- Үйірмелік жұмыстар, сыныптан тыс іс шаралар;

- Жылына 4 рет тоқсандық демалыс күндері, денсаулық күнін өткізу;

- Теориялық сабақтар;

Санитарлық-гигиеналық қызмет: әкімшілік-шаруашылық БО, оқу ісі

БО, ӘБЖ

- Санитарлық-гигиеналық жағдайға бақылау жасау;

- Мектеп маңын көгалдандыруды ұйымдастыру, бақылау;

- Сынып кабинеттерінің жайлылығын бақылау;

Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. «Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру»

http://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/pedagogika/avtoreferat/Joldasbekova_B.rtf

  1. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы, №7 – 2010

  2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы

  3. «Отбасы және денсаулық» журналы, №11-2009

  4. «Денсаулық журналы», 2010-№8

  5. «Валеология» 2008-№8








Скачать

© 2017, 2454 10

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!