СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "Оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту негіздері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту негіздері"»

Павлодар облысы

Веселая Роща жалпы

білім беру орта мектебі

Ахмединова А.Б.

қазақ тілі мұғалімі

«Оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту негіздері»


Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.

Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.

Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазды.

Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі. [1,29]

Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.

Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.

Сөйлеу тілінің күрделі жағына ауызша байланыстырып сөйлеуді жатқызамыз. Оған мағыналық, құрылымдық сөйлеу тіл бөлімдері тән. Басқаша айтқанда, ауызша байланыстырып сөйлеу – бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын бірғана тақырыпқа бағытталған және нақты күрделі құрылымды иеленетін біртұтас сөйлем жүйесі. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты жоғарғы деңгейде комуникация қызметін атқарады. Ауызша байланыстырып сөйлеу екі жақты үрдіс ретінде жүзеге асады: сөйлеу дағдылары (экспресивтті сөйлеу тілі) және өзгелердің сөйлеу тілін түсіну дағдылары (импрессивті сөйлеу тілі). Экспресивті сөйлеу формалары екі түрге бөлінеді: монологты және диалогты сөйлеу тілі.

Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда – іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.

Л.С.Выготский диалогтың, сөйлеудің, әңгімелесудің жаңа түрткісінің әрбір сәті ауызекі сөйлеуді құрады деп жазды. Әңгімелесуді ұйымдастыру кезінде баланың сөйлемдерді толық айтуына, сондай-ақ сөйлеу байланысын оқуға даярлаудың жолының бірі диалогқа талаптану керек. Ауызша сөйлеу тілінің байланыстылығы лексикалық, грамматикалық, интонациялық әдістерді дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға есімдік, есімдікпен үстеу тіркесі, шылау, көмекші сөздер, етістіктің шырайлары, кірме сөздер, толық емес сөйлемдер, лексикалық бірлікті жеке-жеке қайталау, фразалы синонимдер, әртүрлі интонациялар жатады. Грамматикалық сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың негізгі ағымына мәтіннің грамматикалық, синтаксистік және орфографиялық талдаулары жатады. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері балабақшаларда тіл дамыту сабақтарында диалогты ұйымдастырудан басталады.

Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады: сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру, оқылған ертегі, мәтінді қысқаша шолып айту, суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру, бақылаудағы объектіні суреттеу.

Сосын әңгімелеу түрін көрнекіліктерді біртіндеп азаю тәртібінде орналастыру:

  • Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгімені айтып беру;

  • Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгіме құру;

  • Фланелографты қолданумен әңгіме құру;

  • Сюжетті суреттер қолданумен әңгіме құру;

  • Бір сюжетті суретті қолданумен әңгімені айту;

  • Бір сюжетті суреттен әңгімені айту. [2,141]

Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту тапсырмалары келесі міндеттерді орындау қажет:

Оқушыларда сөйлеу қажеттілігін туындату. Бұндағы ең басты маңызды фактор,түрткі – қызығушылық. Балалардың игеріліп жатқан материалға қызығушылығы. Басқа сөзбен айтқанда заттар мен құбылыстарды қабылдау баланың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды сферасын да қамту қажет.

Тұжырымдағы логикалық байланысы мен жұмыс. Тіл дамыту сабақтарында мәтіннің мазмұнының логикалық байланысы сюжетті сурет сериясымен жүзеге асады.

Тұжырымдамаға тән тілдік құрылым. Бұл міндеттердің шешімі балалар ең алдымен өздеріне қажетті сөздік пен синтаксистік құрылымды игереді. Екіншіден, олар арнайы тілдік құралдарды игереді. Бұл талаптар сөздік жұмыс көмегімен орындалады, яғни балалардың сөздік қорын дамыту, молайту жұмыстары. Тұжырымдау мақсатында балалар алдына нақты нұсқау беру және сол нұсқау негізінде әңгіме құралады.

Тұжырымдауды ұйымдастыру. Бұл құрылған зат бөлімдері немесе сурет, сызбалар негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тіл іс-әрекетін қажетті деңгейде белсендіруді қысқа мәтін ретінде жүзеге асыруға болады. Сурет кезектілігін айтуда балаларға 3-4 сөйлемді кезегімен айтуға мүмкіндік береді.

Ауызша байланысқан тұжырымдарды көп қайталау, жаттықтыру, сонымен қатар жаттығу түріндегі әр түрлі тақырыптарды қолдану, мәтін мазмұнын айту, заттарды суреттеу және т.б.

Баланың байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төмендегідей әдістерді қолдануға болады:

1.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау

2. Сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру

Нұсқау: Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр

3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту

Нұсқау: Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап мазмұнын айтып беруің керек.

Мәтін екі реттен көп оқылмайды.

Арнайы әдебиеттерде байланыстырып сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, толықтылығы.

Кейінгі әдебиеттерде (Р.И.Лалаева, Т.А.Фотекова) байланыстырып сөйлеудің қалпы төмендегідей критерийлер бойынша бағаланады:

Мазмұндық тұтастығы – мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады.

Әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы, сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың байқалмауы, аграмматизмнің болмауы.

Тапсырманы өзбетімен орындауы – әңгімені өз бетімен бірден орындауы.

Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму деңгейі қорытындыланады. [3,68]

Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда төмендегі әдістерді,тәсілдерді қолдануға болады:

«Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын анықтау, сөз байланысын қалыптастырып, дамыту.

Қажетті көрнекіліктер: сюжетті суреттер

Өткізу тәсілі: Балаға әртүрлі әрекетті білдіретін сюжетті суреттер ұсынылады.

Нұсқау: «Суреттен не көріп тұрсың?»

  • «Суретте кім бейнеленген?»

  • «Қыз/бала не істеді немесе не істеп жатыр?».

Балалардың сөз байланысын дамыту мақсатында қосымша сұрақтар қойылып отырады. «Қыз суретті немен салды?», «қыз ненің суретін салды?», «көйлектің түсі қандай?», «нені жуды?», т.б. [4, 198]

Сюжетті суреттер

«Суретті ретімен орналастырып, мазмұндап бер»

Мақсаты: балалардың көрнекі-образды ойлауы мен сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық қатарын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер: сериялы сюжетті суреттер

Өткізу тәсілі: Балаға 3-4 сериядан тұратын сюжетті суреттер ұсынылады. Балаға осы суреттерді мұқият қарап, ретімен қойып шығу үшін 2-3 минут уақыт беріледі. Егер де бала суретке зейін қойып қарамаса немесе онда не бейнеленгенін түсінбесе, онда баланың зейінін суреттерге аударып, балаға түсіндіреміз. Содан соң оқиға желісін реттілігін сақтай отырып, толық мазмұндап берулері қажет.

Нұсқау: «Суреттерді ретімен орналастырайық, қайсысы бірінші болды деп ойлайсың? Одан кейін не болды?»

«Шатасқан сөздер»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Мазмұны: балаларға құрылымы жағынан шатасқан сөйлемдер (5 сөйлем) оқылады. Балалар мұқият тыңдап, сөйлемді дұрыс баяндауы қажет.

Нұсқау: «Мені мұқият тыңда және мен сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып алдым, маған дұрыс сөйлем құруға көмектесші»

Балаларға ұсынылған сөйлемдер:

  • «Мен келдім мектепке»

  • «Су Салтанат ішті»

  • «Мен ойнадым ойыншықпен»

  • «Дүкенге барды апам»

  • «Аида су құйды гүлге»

  • «Мен бастаймын, сен аяқта»

Мақсаты: грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, жалаң, жайылма, құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйрету.

Мазмұны: экспериментатор балаларға аяқталмаған сөйлемдерді оқиды. Балалар құрмалас сөйлемдерді ойлана отырып аяқтаулары қажет.

Нұсқау: «Мен сөйлемді бастаймын, сен жалғастырып айт»

Балаларға ұсынылған сөйлемдер:

  • «Мен бүгін қатты тоңдым, өйткені . . . күн салқын, қалың киімдерімді кимедім»

  • «Менің аяғым су болып қалды, өйткені . . . жаңбыр жауып тұр»

  • «Маған мектепте ұнайды, өйткені . . . мектепте қызықты, …достарыммен ойнаймын, … сабақ оқимын, көп нәрсе үйренемін »

  • «Сиыр, жылқы, қой, түйе – үй жануарлары, себебі . . . оларды адамдар асырайды»

  • «Балықтар суда мекендейтіндер, себебі . . . олар сусыз өмір сүре алмайды»

  • «Әңгімені мазмұндап бер»

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін анықтап, оқылған әңгіме мазмұнын әңгімелете отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Мазмұны: балаларға өздеріне таныс оқиғаларға негізделген мәтін немесе әңгіме оқылады. Мәтін екі рет мазмұндалады. Содан соң балалардан мазмұнын айтып беру сұралады.

Нұсқау: «Мен саған қазір өзімнің оқиғамды айтып беремін. Сен маған соны қайтадан баяндап бересің»

Балаларға оқылған әңгіме:

«Мен анаммен бірге ойыншықтар дүкеніне бардым. Дүкенде ойыншықтар көп екен. Анам маған ойыншықтар дүкенінен машина, доп, зырылдауық сатып әперді»

Сонымен қатар таныс ертегіні немесе өзінің оқиғасын баяндап айтқызуға, «Мақта қыз бен мысық» (басқа да ертегілер) ертегісінің мультфильмін көрсетіп, мазмұнын сұрау, фланелеграфта («Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерін) ертегіні сахналау, мнемотехниканы қолдануға болады.

«Көктем» тақырыбына мнемотехника көмегімен әңгіме құрау

Көктем келді. Күн жылынды. Қар, мұз еріп, жылғалардан су ақты. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шыға бастады. Құстар ұшып келіп жатты. Айнала гүлге оранып, тіршілік ояна бастады.

Тірек сурет бойынша әңгіме құрау: «Жемістер»

Түсі→Пішіні→Көлемі→Дәмі→Қайда өседі? →Не дайындалады?

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру, өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, сюжетті рольдік ойындардың маңызы зор. [4, 9]

Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту кезінде лексикалық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс. Себебі, сөздік қоры мен сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуы, ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Б.А.Шабанова, А.С.Кударинова Мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік құрал, Павлодар,2010ж

2. Бардышева Т.Ю., Моносова Е.Н. Логопедические занятия в детском саду. 2-я младшая группа. – М.: Издательство «Скрипторий 2003», 2010. – 224с

3. Өмірбекова Қ.Қ, Оразаева Г.С, Төлебиева Г.Н, Ибатова Г.Б. Алматы «Дәуір», 2011. – 648 бет

4. Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамыту. Әдістемелік құрал. – Алматы, 2005. – 120 бет.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!