Баяндама тақырыбы: «ТАБИҒАТТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ»
Табиғатты танудың ең сенімді
құралы – бақылау мен тәжірибе.
Галилео Галилей
Баяндаманың өзектілігі: Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы, экономикалық басқару механизмдері қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да бұл тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғам мен табиғаттың арақатынасында қалыптасқан күрделі мәселелерді шешу үшін зерттеу жұмысы қажет деп санаймын.
Баяндаманың мақсаты мен міндеттері:
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайын анықтау;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта жағдайын анықтау;
Қоршаған орта мен табиғатты қорғаудың экономикалық реттелу механизмдерін анықтауды талдау;
Шетел мемлекеттерінің экологиясын экономикалық реттеу жолдары;
1. Қазақстандағы қоршаған орта жағдайын анықтау
Ғаламдық экологиялық мәселелердің қатарына мыналар жатады:
мыңдаған өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылуы және орман жамылғысы жойылуы;
ғарыштық радиациядан қорғайтын озон қабаты, өмірге зиян келтіретін, ішінара бұзылған;
жер бетінің ластану және табиғаттың бұзылуы, экономиканың негізгі секторларының барлығында да ресурстарды тиімсіз қолдануы
жер сапасының табиғи жолмен шөлдену үрдісінің әсерінен төмендеуі, және де антропогендік факторлардың әсері.
суды қорғау мен рационалды пайдалану мәселелері, атмосфералық ауаның ластануының жоғарғы деңгейі
өндіріс пен қажеттілік қалдықтарын көму мәселесі. Бұл Қазақстанның экологиялық мәселелерінің барлық тізімі емес.
Қоршаған ортаны ластайтын негізгі көздер - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі және басқа да антропогендік факторлар.
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық.
Қазақстандағы атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары бойынша бірінші орында Павлодар қаласы 609, 8 мың тонна соңғы орында Қызылорда қаласы 27, 5 мың тонна көрсеткіші.
Тұрақты ластау көздерінің саны жыл сайын өсуде 1990 жыл мен 2017 жылды салыстырсақ 1990 жылғы көрсеткіштен 3 есеге өскен.
1990 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластайтын заттар шығарындыларының көлемі жылына 4649,9 мың тоннаны құрады. 2017 жылы көлемі жылына 2357,8 мың тоннаны құрады. 2017 жылдың жиынтық шығарындылары 1990 жылдың жиынтық шығарындыларының 50,7%-ды құрады.
Каспий теңізі.Каспий теңізінің экологиясына қатер төндіруші негізгі қайнар көздерге: теңіз деңгейінің ауытқуы; мұнай өндіру мен өндірістік белсенділіктер жатады.
Арал теңізі. Антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Арал апатына себеп болған факторлар: жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралды. Олар: Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу, Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру, Алқада және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту, Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру, Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Мемлекетіміз бойынша экологияны тазартуға кеткен шығындарды анықтау барысында келесідей мәліметтер бар: 2016 жылы 196143,0 млн тенге қоршаған ортаны қорғауға қаражат бөлінді. 2011 жылғы мен салыстырсақ 10574,2 млн ттенге қаражат көп жұмсалған.
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта жағдайын анықтау
Шығыс Қазақстанда 2014 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2018 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен. Оның ішінде Өскемен қаласында 2018 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2014 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.Соңғы бес жыл ішінде облыста атмосфераға ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындар саны 4,5%-ға, тасталындының тұрақты көздерінің саны 1,3%-ға азайды. Атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 140 мың тоннаны құрады. Орташа алғанда облыстың бір тұрғынына келетін зиянды заттың мөлшері – 100 кг, бұл өткен жылға қарағанда 5 кг-ға аз.
2018 жыл ішінде тасталынды көздерінің ең көп саны – жалпы санының 36,8%-ы – Өскемен қаласында шоғырланды, Семей қаласына 23,4%, Зырян ауданына 8,2%, Шемонаиха ауданына 4,3%, Риддер қаласы мен Глубокое ауданына 4,0%-дан келді.
Өскеменде ірі өнеркәсіп орны: Қазмырыш, Үлбі металлургия зауыты, Титан магний комбинаты. Қазақстандағы ауа атмосферасы ең лас қалалар қатарына жатады.
Ластау себептері:
1) Түсті металлургия, жылу энергетикасы және жеңіл өнеркәсіп пен тау- кен металлургия саласындағы аса ірі кәсіпорындардан шығатын қалдықтар;
2) Экологиялық тұрғыдан негізделмеген қала құрылысынан туындайтын ауа алмасуының әлсіздігі;
3) Ластаушы заттардың тарап кетуіне кедергі келтіретін физико- географиялық орналасу жағдайы.
Ластанудың салдары : Қышқылды жаңбыр жауады; Ауа мен топырақ бүлінеді; Ауа қозғалысының әсерінен улы заттар басқа да жерлерге таралады; Тұрғындар арасында ауру түрлері етек алып, науқастар саны өсе түседі; Өсімдіктер мен жануарлар әлемі де күрт азайып, түрі мен саны кемиді.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға орны толмас зиян келтірді, халықтың жалпы аурушаңдығы мен өлім-жітімінің өсуін тудырды. Семей және полигонға іргелес жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының барлық аумағы экологиялық апат аймағы болып танылды. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Полигон Шығыс Қазақстан (54%), Павлодар (39%) және Қарағанды (7%) облыстарының алаңдарын алып жатыр.
3. Қоршаған орта мен табиғатты қорғаудың экономикалық реттелу механизмдерін анықтауды талдау;
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты қолданудың экономикалық реттеу механизмінің құрылымы мына бөліктерден құралады:
табиғат қолданушылардың экономикалық ынталандырылуын қамтамасыздандыратын тараптар;
аталған тараптардың құқықтық нормаларын қамтамасыздандыратын жүйе;
табиғат қолданушылардың аталған тараптармен реттелу үрдісі.
Негізінен экономикалық ынталандыру әдістерін оң және теріс мотивация деп екі топқа бөлуге болады. Оң мотивация әдістері –бұл шаралар табиғи ортаны сақтау саясатын жүзеге асырушы табиғи ресурстарды пайдаланушыларды ынталандыру шараларын өткізе отырып қызықтыра алады. Теріс мотивация әдістері бұл табиғат қолданушыларды реттеуге бағытталып, табиғатты қолдануды дұрыс пайдалану жеке қажеттілікті ғана қажет етеді. Соынмен қатар қазіргі кезеңде табиғатты пайдалануды басқаруда экономикалық, әкімшілік әдістер және табиғатты пайдалану механизмдері аралас түрде бірге қолдануы керек.
Жаһандық экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қажет? Шешу жолдары:
- қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату.
- заттар мен киімдерді ұзақ уақыт пайдалану, оларды жөндеу және жөндеу орнына лақтыру.
- неғұрлым ұтымды және үнемді өмір салтына көшу үшін бағдарламалар жасау.
Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономикалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қоғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды:
Салық;
Демеу қаржы және жеңілдік несие;
Табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизация қорларды;
Айыптар
Ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлем.
Өндіріс кәсіпорындарындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты қолданудың экономикалық реттелуіне жүргізілген сараптама бірнеше кемшіліктерді анықтады: қаржылық есепте табиғат қорғау қызметінің қорытындыларына қаржылық есеп берілмеген, жалпы көрсеткіште қоршаған ортаны қорғау шығындарында жекеленген мәліметті болмауы. Мәселені шешу болып кәсіпорындарға экологиялық менеджменттің тиімді жүйесін енгізіп, осыған сәйкес келетін концепция жасау.
4. Шетел мемлекеттерінің экологиясын экономикалық реттеу жолдары;
Бұл жүйе ерекшелігі - барлығы қоқысты әр түрлі контейнерлерге қоюға міндетті. Швейцария әлемде тапсырылатын шөлмектер саны бойынша көш бастап тұр, ыдыстың 90% - дан астамы шыныны қайта өңдеу зауыттарына оралады. Пайдаланылған шыныны қабылдау және өңдеу бағдарламасы 1972 жылы басталып, әлі күнге дейін табысты іске асырылуда. Қоныстану кезінде тұрғындар қоршаған ортаны ластайтын көлік құралдарын пайдалана алмайтын шартқа қол қойылады. Швейцарияда арнайы қоқыс полициясы құрылған, ол осы салықты төлемеген қоқыс пакеттерінің иелерін іздестірумен айналысады. Оны төлемегені үшін 10 000 франк көлемінде айыппұл салынады.
АҚШ-та мәжбүрлік сипаттағы тетік (салық және ластауға төлемдер) тәжірбиелік қолданысы өте шекті болады. Бұл салық зиянды қалдықтарды зиянсыздандыруы қаржыландыруға арналған. АҚШ-та кеңінен қолданылатын экономикалық реттеу жүйесінің негізгі элементтері:
баббл-принцип ("көпіршік" немесе "бұлт" принципі)
қалдықтарды өтеу саясаты
қалдықтардың банктері
ластануға құқықтар биржалары
Экологиялық реттеудің төлем құралы ретінде Батыс Европа елдерінде салық салу тәжірбиесі Францияда, Норвегия, Швеция т.б елдерде қолданылады. Экологиялық реттеу жүйесінде үлкен рольді экономикалық ынталандыру әкімшілік-құқықтық толықтырушы тетік болып табылатын өтемақы жүйесі алады.
Қорытынды
“Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі” деген Ыбырай Жақаев. Бүгінгі баяндама жұмысымдағы мақсатым мен міндетіме жеттім деп ойлаймын, яғни Қазақстандағы қоршаған орта жағдайын анықтап (Өнеркәсіптердің қалдықтарды шектен тыс шығармауын қадағалау), Қазақстанның су ресурстарының төмендеуі, себептері мен шешу жолдарын(Каспий экологиялық бағдарламасын іске асыруын жалғастыру,мәселелерді шешу жолдарын жүзеге асыру), экологияны тазартуға кеткен шығындарды(Соңғы жылдары қоршаған ортаны, ҚР қоршаған ортаны қорғау шығындардың өсуі байқалады.), ШҚО бойынша қоршаған орта жағдайын, Қазақстанның табиғатын жақсарту жолдарын, экологияның экономикаға әсерін анықтап, Қазақстанның экологиясымен Швейцарияның экологиясымен экономикалық реттеу механизіміне салыстыру жұмыстарын жасадым (барлығы қоқыстың әр түрлі контейнерлерге қоюға мүмкіндік жасалса, экологияның тазаруы бірнеше % жақсарылады).
Баяндаманы қорытындылай келе мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты қолданудың экономикалық реттелу механизмін жетілдіру үшін келесідей іс - шаралар тәжірибесін ұсынар едім:
- Қазақстан Республикасында Экологиялық қаржыландыру банкі немесе несиелік ұйым арқылы, экологиялық шараларды жүргізуге несие беретін мақсатта жұмыс жүргізілсе, яғни мемлекет тарапынан оған қолдау болса;
- Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда экологиялық сараптау. Бұл нормаға сәйкес болғанда жұмысқа рұқсат ету немесе қайта құру, жетілдіру жөнінде талап қою түрінде болса.
- «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қаржыландыру» бағдарламалары құрылып (Қоқыстың әр түрлі контейнерлерге қоюға мүмкіндік жасалса, өнеркәсіптердің қалдықтарды шектен тыс шығармауын және қоршаған ортаға мен қоғамға көп мөлшерде кері әсерін тигізбейтін өндіріс көздерін пайдалану), өз септігін тигізсе жақсы болар еді.
Қолданылған әдебиеттер:
Е. Бейсенова, А. Самакова, Т. Есполов «Экология жєне табиғатты тиімді пайдалану» Алматы 2004ж.
yandex.kz
stat.gov.kz