СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бақылау диктанты Тау өзені

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың көркем жазу дағдысын ққалыптастыру, көркем жазуға баулу

Просмотр содержимого документа
«Бақылау диктанты Тау өзені»

Тақырыбы: Бақылау диктанты Тау өзені

Мақсаты:1.Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: 2.Танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;

3.Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып, есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?

Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру:

Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Тау өзені

Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті мөлдірейді де жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Күн жылынған бойда ауыл балалары өзенге барады. Оның күнгей жағасындағы көк майсалы жерде ойнаймыз. Осы бір кішкене тау өзені болмаса, басқа жерде шомыла алмаймыз. Сондықтан осы өзен бойында отырған біздің ауыл балаларының суда жүзбейтіні болмайды.

Тапсырма.

1. Болымсыз етістіктердің астын сыз.

2. 1,2 сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.

3. Мөлдірейді сөзін буынға бөліп жаз.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.