СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ба?ылау ж?мысы 7 сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Контрольная работа 7 класс 

Ма?саты:О?ушыларды? мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік да?дылары мен сауаттылы?тарын тексеру.

Міндеті:

  • д?рыс с?ра? ??растыра алуы;
  • етістікті? рай, етіс т?рлерін ажырата білуі;
  • жай с?йлемге синтаксистік талдау жасай білуі;
  • туынды сын есімні? жасалу жолын білу;
  • морфологиялы? талдауды жасай білу;
  • септеулік шылауды д?рыс ?олдана білу, ??гімені жаза білуі.

Т???ыш ?н

Просмотр содержимого документа
«Ба?ылау ж?мысы 7 сынып»

7-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1.Мұғалімнің аты-жөні: Есмагамбетова Мейрамгуль Газизовна

2.Мектеп, сынып, пән: Май ауданының Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебі, 7 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде

3.Тапсырмалардың құрылымы:

Тапсырмалар ІІІ критерийлер бойынша дайындалған

а) «Тұңғыш ән» тақырыбына диктант жазады, кейін критерийлер арқылы жұмыс жасайды.

ә) ІІІ. (А критериі) білу, түсіну, қолдану

ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау

І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу


Мақсаты:Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.

Міндеті:

  • дұрыс сұрақ құрастыра алуы;

  • етістіктің рай, етіс түрлерін ажырата білуі;

  • жай сөйлемге синтаксистік талдау жасай білуі;

  • туынды сын есімнің жасалу жолын білу;

  • морфологиялық талдауды жасай білу;

  • септеулік шылауды дұрыс қолдана білу, әңгімені жаза білуі.

Тұңғыш ән

Көктем шыға Төлебай бала-шағасымен Марқакөлдің жағасына көшіп келді. Ол шұрайлы, құнарлы жерге көшті. Балалар асыр салып ойнады. Малдар азан-қазан болып, үйлері тігіліп бір жасап қалды. Жастар ән айтып, домбыра тартты. Он бес жасар Мұқан той-думанның ортасында ән салып, ауыл ақындарымен айтысатын. Мұқан өзінің «Марқакөл» атты тұңғыш әнін сол кезде жазды. Халық Мұқанның тұңғыш әнін қадірлеп, қастерледі.

Мұқан Төлебаев – атақты композитор. Ол өшпес мұра «Біржан- Сара» операсын жазып қалдырды.

(71 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа

ІІ нұсқа

ІІІ. (А критериі) білу, түсіну, қолдану

Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар

1. 1,6,7-ші сөйлемдерге

1. 2,9,10- шы сөйлемдерге

Берілген етістіктерді шартты, бұйрық райларда жіктеңдер

2. Қадірлеп, жазып қалдырды

2. Қастерледі, тартты

Берілген сөздердің етіс түрін анықтаңдар

3. Тігіліп, тазаланды, жуынды

3. Қалдырды,сайлан, шаптыр

ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау

Жай сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

1. Ол шұрайлы, құнарлы жерге көшті.

1. Мұқан Төлебаев – атақты композитор.

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар

2. (Ауыл ақындарымен) айтысатын

2. Тұңғыш (әнін)

І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Септеулік шылауды қатыстырып, «Адам көркі шүберек» тақырыбына шағын мәтін құраңдар.


Грамматикалық тапсырма бойынша қойылатын талаптар:

Критерий

Жетістік деңгейі

Дескрипторлар

Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қоюы

А

Білу, түсіну және қолдану

5

Дұрыс сұрақ құрастыра алуы

5

Сұрақты орынды қою

5

Сұрақты сауатты жазуы

Берілген етістіктерді шартты, бұйрық райларда жіктеуі

2

Рай түрлерін дұрыс ажырата білу

4

Шартты, бұйрық райлардың жасалу жолын білу

3

Жіктік жалғауды үндестік заңына сүйеніп қолдану

0

Қосымшаларды дұрыс қоймауы

Берілген сөздердің етіс түрін анықтауы

5

Етіс түрлерін жасалу жолын білу

5

Етіс түрлерін дұрыс ажырата білуі

0

Етіс түрлерін қате анықтау

Барлығы

34


Жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауы

В

Талдау және жинақтау

5

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан жасалғанын анықтап, оның түрін ажырата алуы;

5

Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан жасалғанын анықтап, оның түрін ажырата алуы;

1

Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрін таба білуі.

1

Сөйлемнің сызбасын көрсетуі.

0

Сөйлем мүшесін қате сызуы

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасауы

2

Сөз табын анықтай білу

2

Мағыналық түрлерін ажырата білу

3

Грамматикалық, лексикалық мағыналарын анықтап алуы

5

Сөйлемдегі қызметін анықтап алуы

0

Морфологиялық талдауды жасай алмауы

Барлығы

24

Септеулік шылауды қатыстырып, «Адам көркі шүберек» тақырыбына шағын мәтін құрастыруы

С

Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

1

- Стилдің түрін анықтап, оның негізгі белгілерін таба білуі;

2

- 4 аргумент мысал келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы;

2

- Қолданған түсініктері тақырыпқа сай болуы;

2

- Қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;

2

- Тақырыпты ашылуы, ой тұжырымдалуы;

2

- Лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;

2

- орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;

5

- тақырып бойынша сөйлемдердің көлемі (8 сөйлемнен кем болмауы керек).

Барлығы

18

Жалпы ұпай

76

Балдарды бағаға айналдыру шкаласы

85-100% - «5» (66-76 балл)

70-84% - «4» (55-65 балл)

50-69% - «3» (38-54 балл)

49% және төмен – «2» (37 балл және одан төмен)