СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бақыт сыры" сабақ жоспары

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бақыт сыры" сабақ жоспары 11 - сыныпқа арналған жоспар

Просмотр содержимого документа
«"Бақыт сыры" сабақ жоспары»

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектебі: №17 жалпы орта мектеп

Күні: 28.09.2016ж.

: 5

Мұғалімі: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна

Сыныбы: 11 – «А»

Оқушылардың саны: 19

Тақырыбы: Бақыт сыры.

Құндылығы: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: Аянбай қызмет ету, ізгілік, жақсы көру және кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға бақытты болудың сыры адамдармен риясыз сүйіспеншілікте қарым – қатынаста екенін сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз еліне аянбай қызмет жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы ізгілік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқаларды жақсы көруге және кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

tilshi.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №4 сабақ, «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №5, Қ.И.Есенберлиннің «Бақыттың он сыры» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Өздерің осы тұжырымдардың барлығымен келісесіңдер ме?

  2. Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсыңдар? 

  3. Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Бақытқа жету үшін не істеу керек?

  5. Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?

  6. «Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет. 

Әл – Фараби.

Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо),Бағдад шаһарларында білім алған. Сұрақтар:                                                        

  1. Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

  2. Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

  3. Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Қорытынды: Біз әр түрліміз. Сыртқы пішім, ішкі жан дүниеміз де ұқсамайды. Түр – сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десе де, бәрімізге ортақ бір нәрсе бар – Бақытты болғымыз келеді. Бақыт бір адамға ғана тән емес. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төксе, нағыз бақытқа айналады.

Бакытты болу үшін максатка берік болу керек. Өз өмірінін биігіне шыккандай толассыз арпалыста болса нәтиже шығады.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Б. Момышұлы

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес...

Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілімен адал қызмет істей білу.

Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білетін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетем-ау деп қорықпастан барады.

Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан азаматтық міндетті орындап шығу – ол да бақыттың шыңы. Күмәнданып тұрмай, не өлдім, не алдым деп арпалысады. Жеңсең – бақыт.

Сұрақтар:

    1. Б. Момышұлы бақыттың шыңы деп нені айтады?

    2. Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

    3. Адам бойындағы қандай құндылықтар оны бақытқа жеткізеді?

    4. «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?

    5. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

    6. Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 

    7. Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1 – «Ізеттілік» тобы.
2 – «Ізгілік» тобы.

3 – «Сыйластық» тобы.

4 – «Кішіпейілділік» тобы.

Тапсырма: «Мен үшін бақыт...» тақырыбында сурет салу.


  1. Топпен ән айту.

«Сен маған сүюді үйреттің»

Жанболат пен Жазира.

Сен маған сүйюді үйретің, ұмытып кеткен едім
Басымды июді үйретің, тәкәппар өктем едім
Шынайы күлуді үйретің, нөсерлі көктем едім
Өмірді сүруді үйретің, ұстазсыз мектеп едің
Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім


Кім дос кім дұшпанды үйреттің, уайымшыл бір мұң едім
Иіскеп қысқанды үйретінң, құшақсыз бір гүл едім
Шынайы күлуді үйретің, нөсерлі көктем едің

Өмірді сүруді үйретің, ұстазсыз мектеп едім
Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім

Сен маған ұшқанды үйретің, тордағы бұлбұл едім
Сезіммен құшқанды үйретің, күдікшіл құмбыл едім


  1. Үй тапсырмасы.

1. №5 – сабақ. Оқушылар бақыт туралы ойларын жазып келеді.

2. Келесі сабақ. №6, әл – Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу» мәтінін оқып келу. 29 – бет.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 11 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 11 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. tilshi.kz








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!