Просмотр содержимого документа
«Бақытқа жетудің кілті -еңбекте»
Сыныптан тыс шара тақырыбы: Бақытқа жетудің кілті- еңбек
Сыныптан тыс шара мақсаты: Жас ұрпақты белсенділікке, технологиялық
сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сіздер технология пәні бойынша өткізгелі отырған «Бақытқа жетудің кілті- еңбек» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Алдарыңызда Әшекей тобы, Шеберлер тобы, тобы
Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
І Бөлім «СӘЛЕМДЕСУ, ӨЗ ТОПТАРЫН ТАНЫСТЫРУ».
«Әшекей» тобын шақыру.
«Шеберлер» тобын шақыру.
ІІ Бөлім «ЖАРНАМА».
Шарты:алдарыңызда турған сандықтың ішінен бір зат алып соған жарнама жасау қажет. Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі. Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық.
Міне көзді ашып жұмғанша екінші бөлімімізде аяқталды. Осы бірінші және екінші бөліміміздің жалпы ұпай санын айтуға әділ қазыларға сөз берейік.
ІІІ Бөлім «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» ортаға шашы ұзын төрт қыз бала шақырылады. Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет. Шашты әдемілеп өріп, сәндеген командаға 5 ұпай беріледі.
ІV Бөлім «ЖОРҒА» сайысы. Бұл сайыс ең шешуші кезең болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты: 10 сұрақ оқылады.Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.
«Әшекей» тобына
Иық бұйымдарына не жатады? ( Көйлек, халат, шапан, тон, жейде, камзол.)
Ботқаны неден жасайды? (Жармадан)
Дене өлшемін өлшеу үшін не қажет? (өлшеуіш таспасы)
Мақта матасы неден алынады? (Мақтадан)
Тігін машинасының астынғы бөлшегі? (Шөлмек)
Жібек мата неден алынады? (Тұт құртынан)
Ең көп пайдаланатын асханалық құрал? (Пышақ)
Қалталы аң? (Кенгуру)
Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)
Тойымды мамандық? (Аспазшы )
Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа)
Ыстап кептірілген ет? (Сүр ет)
Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді. (Қасық)
Биенің сүтінен дайындалатын сусын? (Қымыз)
Егде жастағы әйелдің бас киімі? (Кимешек)
« Шеберлер» тобына
Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс? (Қызылша)
Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
Тігін машинасының неше түрі бар? (Ұш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
Қазіргі замандағы машинаның негізін салған американдық инженер? (Исаак Зингер)
Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (Құрт)
Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты? (Ұн)
Сүт тағамдарына не жатады? (Сүт, айран, қатық, кілегей, шубат,
қымыз, ірімшік, құрт, шалап.)
Шұлық пен қолғаптың резинкасын қандай шалулармен тоқийды? (Оң, теріс).
Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім усынды? (Леонарда да Винчи)
Инені матаға кіргізу үшін не қажет? (Оймақ)
Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді? (Тұрмыстық, күнделікті, салтанатты)
Көкөністерден жасалған тағам? (Салаттар)
Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон)
Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )
Осымен жорға жарысы да бітті, екі бөліміміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.
V Бөлім «ҚОЛ ӨНЕРІ», бұл жарыста топ мүшелері 3 минут аралығында бар заттан әр түрлі зат шығару қажет. Әр бір затқа 5ұпайдан беріледі. Іске сәт.
VІ Бөлім «Жалғасын тап» осы сайысымызға әр топтан бір қыз баланы шақырамыз, берілген 1 минут уақыт мақал жалғасын табады,, дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
Ал қыздар іске сәт.
VІІ Бөлім «ТҮЙМЕ ТАҒУ» ендігі кезекте қыздар берілген1 минут уақыт ішінде түймені дұрыс тәсілмен қадау керек, дұрыс тағылған түйме үшін 5 ұпай беріледі.
Әділ қазыларға сөз берейік.
Шебердің саусағы алтын.
Өнерлінің қолы алтын.
VІІІ Бөлім «Үй тапсырмасы» бұл сайыста әр топ үйлерінде дайындаған өнерлерін көрсетеді. Ал енді сонғы жарысымызды тамашалайық. (5 ұпай)
Жүргізуші
Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген
жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.
Әділ қазылардың ұпай санау парағы
№ | Турлар | Әшекей | Шеберлер |
1 | Сәлемдесу, өз топтарын таныстыру | | |
2 | Жарнама | | |
3 | Шаштараз өнері | | |
4 | Жорға (сұрақтар) | | |
5 | Қол өнері | | |
6 | Жалғасын тап | | |
7 | Түйме қадау | | |
8 | Үй тапсырмасы | | |
| Барлық ұпай сандары | | |