Просмотр содержимого документа
««Бақытым да, байлығым да ДЕНСАУЛЫҚ»»
Орал «Мақсат» медициналық колледж
Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да ДЕНСАУЛЫҚ»

Өткізген: Дене шынықтыру
оқытушысы: Салихова.А.С.
Орал қ.- 2018ж
«Салауатты өмір салты ұлт денсаулығымыздың кілті!» атты он күндігіне орай «Байлығым да, бақытым да ДЕНСАУЛЫҚ»атты спорттық шара.
”Дені сау болу үшін қозғалу керек.
Денсаулыққа тек дене шынықтыру
арқылы ғана жетуге болады!”
Н.М.Амосов.
Тақырыбы: «Байлығым да, бақытым да- ДЕНСАУЛЫҚ! »
Мақсаты:
Денсаулығын, белсенділігің нығайту, ептіліктерін, шапшандықтарын, батылдықтарын, төзімділік, күш, сапалық қасиеттерің дамыту.
Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Студенттердің спортқа деген сүйіспеншілігің арттыру.
Өтілетін орын: спортзал.
Әдісі: Эстафеталық жарыстар.
Өтетін күні: 21/02/2018ж - 90минут
Қатысатың топтар: Ф-11, Ф-12
Керекті құралдар: доптар, обруч.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сапқа тұрғызу. Екі топқа бөлу. Студенттердің спорттық киіміне қатысуына мән беру.
Негізгі бөлім:
-Қайырлы күн жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер!Халқымыз байырғы заманнан дене тәрбиесіне назар аударған. Ұрпақтардын болашағын балаған. Сондықтан кәріден бесіктегі сәбиге дейін салауатты өмір сұруге талпынып соған қоғамда, мекемелер де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға нығайтуға ат салысып жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халық денсаулығы» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен. «Салауатты өмір салты ұлт денсаулығымыздың кілті!» атты декадасында бүгін өткізгелі отырған «Байлығым да, бақытым да –ДЕНСАУЛЫҚ!» жарысына қош келдініздер! Бүгінгі өтетін барлық сайыстарға белсенді қатысып жақсы көңіл күймен өткіземіз деген үміттемін! Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етініздер.
-Жарысты бастамастан бұрын ойынға әділ бағасын беретің әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
- Салихова Асемгуль Сабитовна, Сартова А., Мадреев Т.
- Ортаға сайыскер топтарымызды шақырайық.
Ф-11, Ф-12 топ студенттері екі топқа бөлініп сапқа тұрады.
Сайыс түрлері:
-Қатысушылар тобы өздерін таныстыру керек (топ атың, төс белгілерің, ұраның)
Сайысымыз 6 турдан тұрады:
- Эстафета- доппен орнынан қозғалмай тұрып (екі түрлі).
- Эстафета- доппен жүгіру;
-Эстафета- обручпен жүгіру
-Ұлттық спорттық ойын «Аударыспақ»
-Допты тигізіп ойыннан шығару.
-Күш гимнастикасы: ер балдарға- турникте тартылу;
қыз балдарға-жатқан күйінде қолын басының артына қойып денесін көтеру
Екі топ бір-бірін таныстырады.
Iтоп -«Қырандар».
II топ -«Мұңсыз топ».
Эстафета- доппен,орнынан қозғалмай тұрып. Қатысушылар бір-бірінің артында екі сапқа тұрады. Допты бір біріне басының үстінен беру керек. Соңғы қатысушыға жеткен соң ол айналып алдынғы қатарға ауысады.
Эстафета- доппен, орнынан қозғалмай тұрып. Қатысушылар бір бірінің артындаекі сапқа тұрып, допты бір біріне бңреуң басының үстіненберсе келесі екі аяқ арасынан өткізіп келесі ойыншыға беру керек. Соңғы қатысушыға жеткен соң ол айналып алдынғы қатарға ауысады.
Эстафета- допты қолмен ұстап кегельді айналып жүгіру. Екі қатарға тұрып бір ойыншы допты қолға ұстап жүгіріп кегельді айналып қайта оралып келесі ойыншыға допты беріп жалғастырады.
Эстафета- допты екі аяқтын арасына қысып жүріп кегельді айналып жүгіру. Екі қатарға тұрып бір ойыншы допты екі аяқ арасына қысыпжүгіріп кегельді айналып қайта оралып келесі ойыншыға допты беріп жалғастырады.
Эстафета- обручпен жүгіру. Екі ойыншы обручты екі жағынан ұстап жүгіріп кегельді айналып оралып тағы екі ойыншыны тіркеп төртеуі кегельді айналып солай жұптан ойыншылардын барлығын тіркеп кегельді айналып мәреге бірінші жету керек.
Ұлттық спорттық ойын «Аударыспақ». Бұл сайыста екі ойыншы бір біріне міңгесіп қарсыласын жығу арқылы мәреге жету керек.
Допты тигізіп ойыннан шығару. Бір топ бес бестен бөлініп араларына 50 метрдей қашықтық салып тұру. Қарсылас тобы сол топтын арасынан допты тигізбей арқылы уақытты созу керек. Доп тиген ойыншы ойыннан шығады. Ойыншылардын барлығына доп тигізіп шығарылғаннан кейін топтар ауысады. Қысқа уақытта барлық қарсыластарын доп тигізген топ женеді.
Күш гимнастикасы: ер балдарға- турникте жаттығу. Екі ойыншыдан әрбір топтан шығып. Қайсысы көп тартылған ойыншы тобы женген болып саналады.
Қыз балдарға-жатқан күйінде, қолын басының артына қойып денесін көтеру. Әр топтан екі ойыншыдан шығып, ең көп жаттығуды жасаған ойыншы тобы женеді.
Қорытынды бөлім.
Барлық қатысқан спортшылар және жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз!




