СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы
құрастыру бөлімінің
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
дидактикалық материалдары
Тақырыбы: Балабақша
1. Балабақша ғимараты
(Үлкен материалдармен жұмыс)
Екі қабатты ғимарат үлкен құрылыс блоктарымен салынуы көрсетілуі қажет фундамен

2. Қызықты ойыншықтар
(қағазбен жұмыс )

Ортаңғы топтарындағы қатынас білім беру саласы ағылшын тілі бөлімінің
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
тақырыптық – перспективтік жоспары
| Айлар | Лексикалық тақырып | Тақырып | Мақсаты | Лексикалық бірліктері | Грамматика-лық құрылымы | Ән, тақпақ, дидактикалық ойын | Сабақ саны |
| Қыр- Күйек | Ойыншықтар | Toy box | Өздері ойнап жүрген ойыншьқ атауларын ағылшынша атауға үйрету. | Hello, ok. Good bye; Car, doll, ball, teddy bear, nurse, teacher, doctor, cooker. | How are you? I am . | Good morning! Good - bye Teddy bear | 1 |
| Балабақша қызметкерлері | Professions | Балабақшадағы қызметкерлердің атауларын атауға үйрету. | 1 | ||||
| Қазан
| Жемістер | Fruits and meals | Жемістердін атауларын ағылшынша атауға үйрету. | Apple, orange, bananas, pear Cheese Ice cream Pie
| It is а…
What is it? | «I like»
«Who likes…?» | 1 |
| Көкөністер | What they like? | Көкөністердің атауларын ағылшынша атауға үйрету. | 1 | ||||
| Қара- ша | Үй жануарлар | Domestic animals | Үй жануарлардың аталуын үйрету. | Fox, bear, sheep, farm, pig, forest, wolf cow, dog, cat | It is а… | The animal song «Find and say» | 1 |
| Жабайы аңдар | Wild animals | Жабайы жануарлардың аталуын үйрету. | 1 | ||||
| Жел- тоқ- сан | Қыс келді | Color pencils | Түстердің атауын үйрету | Merry Christmas Christmas tree, green, yellow, red, snowman | please
what color? | ән «I am a little snow man’’ «Pass and say», «Green, green, yellow» | 1 |
| Қыс қызығы | Decorating Christmas tree | Merry Christmas туралы түсінік беру. | 1 | ||||
| Қаң-тар | Жиһаздар | Furniture | Жиһаз атауларын атауға үйрету | t-shirt, shorts, socks, shoes, dress chair, sofa, table, carpit | It is а… | «Clap or shake» «Show me» «Wave your hand» | 1 |
| Киім-кешек пен аяқ киімдер | Clothes shop | Киім атауларын атауға үйрету. | 1 | ||||
| Ақпан | Менің жануям | My family | Отбасы мүшелерінің атауын үйрету. | Family, father, mother, sister, brother, grandmother, grandfather | It is а… | Mother, mother mommy. «Echo» | 1 |
| Туысқандық қатынас | A family tree | Отбасы мүшелерінің атауын үйрету. | 1 | ||||
| Нау-рыз | Көктемнің алғашқы мерекесі | Happy Mother’s day | Балаларды 8 Наурыз мерекесіне арналған ән жаттату. | Present, Mother’s day, flowers | I have a… | Mother’s day «I have a…» | 1 |
| Табиғаттың оянуы | I can help my mother | Балаларды 8 Наурыз мерекесіне арналған ән жаттату. | 1 | ||||
| Сәуір | Жәндіктер | Little spider | Балаларды жәндіктермен таныстыру. | Butterfly, bee, ant, fly, bug, spider | Show me | «What can do?»
« The Funny Little Clown»
| 1 |
| Бунақденелілер | On the meadow | Балаларды бунақденелілермен таныстыру. | 1 | ||||
| Ма-мыр | Су әлемі | Fishes in the tank | Балаларды балық сөзін ағылшынша айтуға үйрету және түстердің атауын бекіту. | fish, tank | It is
I can… | «Magic man» «Show me» | 1 |
| | Ауылшаруашылық | Farm animals going to the circus! | Үй жануарлардың аталуын үйрету | cow, dog, cat, pig | A sea song | 1 | |
| Барлығы:18 сағат | |||||||
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№ 1 технологиялық картасы
Тақырыбы: Ойыншықтар
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Toy box |
| Мақсаты: | Балаларға ойыншықтардың атауын үйрету, дыбыстық қабылдауды дамыту, сөздік қорын дамыту. |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Сиқырлы қапшық, қуыршақ ергежейлі, қуыршақ, доп, кеме, машина, барабан, жұмсақ аю ойыншықтары, магнитофон, |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім ергежейдің ойыншығын шығарады: Ергежей Help:Hello! How are you? Мұғалім: Балалар танысып қойындар Мынау Ергежей(ойыншықты көрсетіп) оның аты Help. ЕргежейHelp:Ok, thank you Мұғалім: Ергежей Help сендердің көмекшілерің болады және сендермен бірге ағылшын тілін үйренеді. Сендерге көмек керек болғанда сендер тек қана ағылшынша Help me және сиқырлы сөз «please»десеңдер сендерге тез арада көмек беріледі. Ал енді Ергежей Help туралы ертегіні тындайық . Мұғалім үнтаспаны қойып фонетикалық жаттығу өткізеді. Балалар ЕргежейHelp өте шапшаң, ол басқа балаларға балабақшаларына қонаққа барып келді және қанадай ойыншықтарды көргенін қазір сендерге айтып береді. Мұғалім ойыншықтарды көрсетіп: It is a doll -It is a ball -It is a car -it is a ship -it is a teddy bear -it is a drum Дидактикалық ойын «The magic box» М: Children, what’s this? М: Yes, you are right! Ал біз оны қалай ашамыз. Right, you are.Сиқырлы сөздер айтуымыз керек.Қане, барлығымыз бірге «one, two, three» деп айтайық.(Қорапты ашып, ойынды жалғастырады)
Дидактикалық ойын:«Where is my toys?» Where is a ball? - a ship - a teddy bear - a drum Балалар, сендер Ергежей Help-ке ұнадыңдар. -Good! Good bye! |
Балалар қуыршақпен амандасады
Hello! How are you?
Балалар мұғаліммен бірге сөздерді қайталайды.
Сиқырлы қорап екендігін айтады. Өз болжамдарын айтады. Ағылшынша үшке дейін санайды. Ойыншықтарды қораптан алып атайды
Балалар суреттен аталған ойыншықтарды тауып береді
Good bye! |
| Күтілетін нәтиже: | |
| Нені білу керек: | Ойыншықтардың атауын білуі қажет. |
| Нені игереді: | Тапсырмаларды дербес орындауға, ағылшын тілінде ойыншықтардың атауын үйренеді. |
| Нені біледі: | «What is it» сұрағын естігенде түсінеді |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№2 технологиялық картасы
Тақырыбы: Балабақша қызметкерлері
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Professions |
| Мақсаты: | Балаларға балбақша қызметкерлерінің ағылшын тіліндегі атауын үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қуыршақ ергежейлі, үнтаспа, мамандық иелерінің көрнекі суреттері, |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланыңіс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен амандасады. -Children, we have a guest today. A guest. Балалар,“guest” деген кім? Бұл ағылшын сөзі. Қане барлығымыз қайталап айтайықшы: guest-guest-guest. Балалар, guest – қонақ деген сөз.Ал, сонда бізге қонаққа кім келді екен? (Балаларға Ергежейліні көрсетеді) Дұрыс айтасыңдар, ол бұрын да бізге келген. Бірақ, ол сендердің аттарыңды білмейді екен. Онымен бірге “What is your name?” ойынын ойнап жіберейікші. Ол есімдер ойыны. Help сендердің есімдеріңді сұрайды, сендер оған өз есімдеріңді айтыңдар. (Өзінен бастайды) -What is your name? -My name is Assel.(ойын жалғасады). М:Let’s sing a «What is your name»(үнтаспаны қосады) Help: Oh look! (тақтада алдын ала дайындап қойған дәрігер, аспаз және тәрбиеші суретіне балалардың назарын аударады):
Мұғалім: (суретті көрсетіп) –doctor? -Yes, doctor!Say ‘doctor’, please. Мұғалім:Let’s repeat. ‘DOCTOR’ H:- Who is it? Мұғалім:- Cooker! H: Let’s repeat –cooker, cooker. H:- Who is it? M:- nurse H: -Nurse! Let’s repeat – nurse, nurse
H:-Let’s do exercises! Walking, walking. Walking, walking. Hop, hop, hop. Hop, hop, hop. Running, running, running. Running, running, running. Now let’s stop. Now let's stop. Tiptoe tiptoe. Tiptoe tiptoe. Jump jump jump. Jump jump jump. Swimming swimming swimming. Now let’s sleep. Now let’s sleep. Балалар, біз (суретті көрсетіп) осы адамдарды күнде көріп жүреміз. Ендеше олармен амандасайық. «Hello» дидактикалық ойынын жүргізеді. -Hello, I’m a doctor Well doen! Енді сендер оларды көргенде күнде амандасып жүресіңдер. Ал сендер оларды тез танып қоясыңдар ма екен, соны көрейікші. «Guess who?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Very well!
Балалар, сендер бүгін Help-ке қандай адамдарды үйреттіңдер? Оларды сендер қайдан көріп жүрсіңдер? Ойын ойнаған сендерге ұнады ма? | Мұғаліммен амандасады
Балалар келген қонақты таниды, атын атайды.
Сұрақты тыңдайды өз есімдерін айтады.
Әуенге қосылып әнді орындайды.
Суреттерге назар аударады.
Сөздерді қайталайды, еске сақтайды.
Қимыл-қозғалыстарды жасайды.Сөздерін қайталап айтады.
Мұғалім көрсеткен суреттегі мамандық атауын атап амандасады.(Hello doctor!)
Суреттегі заттарды зерттеп қарайды, қай мамандық иесі екенін тауып атайды. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Түрлі мамандық иелерінің құралдарын ажырата біледі |
| Нені игереді: | Өз есімдерін ағылшынша айтуға үйренеді, ағылшын тілінде doctor, cooker, nursе атауын үйренеді |
| Нені біледі: | Ағылшын тілінде амандаса біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№3 технологиялық картасы
Тақырыбы: Жемістер
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Fruits and meals |
| Мақсаты: | Жемістердің және тағамдардың атауларын ағылшынша атауға үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қуыршақ ергежейлі, мультфильм кейіпкері-губка Боб, тамақ муляждары: банан, апельсин, алма, ірімшік, тәтті бәліш, балмұздақ, үнтаспа, доп |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті фонетикалық жаттығу
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім балалармен амандасады. Good morning, children! How are you? Бүгін ағылшын тілінде жаңа сөздерді үйренеміз. Барлық сөздерді жаттап алу үшін жақсы тамақтану керек. Сендер жақсы тамақтанып алдыңдар ма? Ok! Let’s start our lesson. Балалар, бізге қонаққа Ергежей Help келді. Ергежей Help: Hello! How are you? Мен сендерге өз досымды Sponge bob-ты әкелдім. Сендер оны білесіңдер ме? Sponge bob: Hello! How are you? Балалар біз Sponge bob екеуіміз жолда дүкенге кірдік. Дүкеннен Fruits and food сатып алдым (қолында екі себет жемістер мен тағамдар бар) Мұғалім себеттен тағамдарды алып, ағылшын тілінде атайды apple bananas orange Cheese Ice cream Pie Sponge Вob: Oh, I like to eat Pie and Ice cream. What are you like to eat? М:«I like to eat ...» жегілерің келген тағамды осылай айтсаңдар аналарың сендерге тез арада дайындап бере қояды. М: Әсіресе ол Sponge Вob-тың ең жақсы көретін сөзі.Солай емес пе? Sponge Вob:Yes, I like to eat bananas Ендеше «I like» туралы ән айтып берейік. Мұғалім үнтаспаны қойып фонетикалық жаттығу өткізеді. I like to eat, eat, eat, Yogurt and bananas. I like to eat, eat, eat, Yogurt and bananas. I like to eat, eat, eat, Yogurt and bananas. /y/-/y/-/y/-/y/-/y/! Ергежей Help: Very good! Let’s play! М: Олай болса, «I like» ойынын ойнайық. (допты қолданады)
Мұғалім: Бүгін біз қандай жаңа сөздерді білдік? Ергежей Help, Sponge bob балалармен қоштасады. Good bye, children! | Балалар мұғаліммен амандасады. Good morning! O’k.
Балалар жауабы.
Hello, Help! Ok!
Hello, Sponge bob! Ok!
Мұғаліммен бірге сөздерді қайталайды
Өздері ұнататын тағамдарды ағылшынша айтады. «I like to eat» тіркесін қолданысқа түсіреді.
Балалар фонетикалық жаттығуды орындайды. /y/ дыбысын шығаруды үйренеді. Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Допты бір-біріне беріп «I like» сөз тіркесіне өзі ұнататын тағам немесе жеміс атауын қосып айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Кейіпкерлермен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Балалар жемістердің және тағамдардың ана-тілінде атауларын біледі. |
| Нені игереді: | «I like» сөз тіркесін түсінеді, айтуға үйренеді |
| Нені біледі: | Тағам атауларын ағылшын тілінде естіп түсінеді. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№4 технологиялық картасы
Тақырыбы: Көкөністер
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | What they like? |
| Мақсаты: | Тағамдар және жемістер атауын бекіту: honey, cabbage, meat |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Жануарлар және олардың сүйікті асының суреттері, үнтаспа. |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланыңіс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| (Алдын-ала аю, қоян, қораз, ит ойыншықтарын стол басына отырғызылып қойылады) Мұғалім балалармен амандасады. -Hello, kids! How are you? Маған бүгін қонаққа нелер келгенін қараңдар.(Ойыншықтарға назар аудартады). What is it?(жануарларды нұсқап сұрап шығады) Оларға не беретінімді білмей отырмын. Қане бізде не бар екен, көрейік(суреттерді көрсетіп атайды): -honey -meat -cabbage -corn (бутерброд әдісі бойынша сөздерді қайталап шығады: meat-ет- meat)
Біз аюға және оның достарына арнап ән салып берейікші. «Dance with me» (балаларды шеңбер бойына тұрғызады)
-Балалар, біздің қонақтардың нені жегісі келетінін мен білетін сияқтымын. Оларға қатысты мынадай тақпақ та бар. Listen to me and look! (Кім не сұрайды? суретін көрсете отырып тақпақ сөздерін айтады ): Give me the honey says the bear Give me the cabbage says the hare Give me the meat says the dog Give me the corn says the cock Do you like it? Let’s repeat! (суретпен сүйемелдеп отырады)
(тағам муляждарын алып балаларға береді)
«Who likes…?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. -Give me the corn says the cock.(осылайша тақпақтағы жануарлардың не сұрайтындығын айтып шығады)
Well done! Very good.Менің қонақтарым сендерге риза болды. Сендер олардың нені жақсы көретінін біліп алдыңдар. -Біз жануарларға не бергенімізді ағылшынша айта аламыз ба? Не бердік? |
Мұғалімге жауап қайтарып амандасады. Ойыншық жануарлардың атауын ағылшынша атап шығады.
Тыңдайды, қайталайды.
Әуенге қосылып ән сөздерін айтады, қимыл-қозғалысты жасайды.
Суретке мұқият қарайды, тыңдайды.
Балалар, тақпақ сөздерін суретке сүйеніп қайталап шығады. Мұғалімнің айтқан өтінішін орындайды, жаңа сөздерді естіп түсінеді.
Естіп қабылдайды,түсінеді, суреттерді сәйкестендіреді.
Тағам атауларын ағылшынша атап шығады. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | жануарлардың атауын ағылшынша айта алады, «маған бер» сөз тіркесін қолданысқа түсіре алады |
| Нені игереді: | honey, meat, cabbage, corn атуларын айтып үйренеді. |
| Нені біледі: | сурет пен сөз арасында байланысты орната біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№5 технологиялық картасы
Тақырыбы: Үй жануарлары
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Domestic animals |
| Мақсаты: | Үй жануарларының ағылшынша атауларын меңгерту |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: |
|
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланыңіс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен амандасады, көңіл-күйлерін сұрайды. -Балалар, сендер жаңғырық деген не екенін білесіңдер ме? Ол ауылда биік таулардың арасында өмір сүреді. Ал қалада биік үйлердің арасында. Біз оны көре алмаймыз.Бірақ ол біздің айтқанымызды қайталайды.Тек ол естуі үшін қаттырақ дауыстап айту керек. Ол осылайша бізбен ойнайды. Ағылшын тілінде оны«Echo»дейміз. Қазір барлығымыз «Echo» ойнайық.(Ойын шартын түсіндіеді) Қолдарымызды жоғары көтеріп барлығымыз биік-биік таулар болайық.Ал мен таудың арасында келе жатырмын(жануарлардың суретін бір-бірден алып көрсетіп отырады): -Биік таудың арасынан мен sheep көрдім. SH-E-EP (таңқала айтады) -I see horse.H-OR-SE! - I see COW! I see CAMEL! I see PIG! Well doen! Сендер жақсы жаңғырық болдыңдар. Балалар, адамдарға жануарларды бағуға олардың иттері көмектеседі. Олар жануарлармен дос болады. Мал бағып жүрген ит туралы ән айтайықшы. See my puppy rip the rag / rrr! /rrr/! See my puppy rip the rag, When he pulls so hard. Very good!
Енді біраз қыдырыстап бойымызды сергітіп алайық. Stand up! Walk, walk, I can walk Walk, walk, I can walk Walk, walk, I can walk Like a dog Jump, jump I can jump Jump, jump I can jump Jump, jump I can jump Like a frog Swim, swim I can swim Swim, swim I can swim Swim, swim I can swim Like a fish.
-Look, kids! What is it?(тары толы қорапты көрсетеді) Yes, it’s a box. Let’s find what is in the box! «Find and say» дидактикалық ойынын жүргізеді. -What is it? Is it a cow? Ал,сендер олардың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме. Ендеше тыңдап тауып көріңдер. «Who says moo?» дидактикалық ойынын жүргізеді.(үнтаспадан жануарлардың дауысын тыңдатады, сұрайды) -What is it? What it says? Well done! Very good
Текше арқылы қортындылайды. Жан-жағында жануарлардың суреті бар текшені балаларға береді.Не істеу қажеттігін түсіндіреді. | Мұғаліммен ағылшын тілінде амандасады, көңіл-күйлерін айтады.
Сөздерді барлығы бірге даусытап қайталайды.
Фонетикалық жаттығуды жасайды, Балалар, ал енді ән айтайық. «r» дыбысын айтуды жаттықтырады.
Жаттығу сөздерін айтып, қимылдар жасайды
Тарының арасынан жасырылған жануарлар мүсінін табады, ағылшынша атауларын береді. «Yes/No» сөздерін өз жауаптарында қолданады
Қай жануардың дауысы екенін айтады.(It’s a cow.It says moo. It’s a sheep. It says me-me, т.с.с)
Текшені бір-біріне лақтырады.Қағып алған бала текшенің өзіне қарап тұрған бетіндегі жануардың атын ағылшынша атайды, қандай дыбыс шығаратынын дыбыстайды. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Үй жануарлары туралы түсініктері қалыптасқан, ана тілінде атауларын біледі |
| Нені игереді: | шошқа, жылқы, қой, түйе, сиыр сөздерінің ағылшын тілінде айтылуын үйренеді. |
| Нені біледі: | дыбыстар мен сөздерді дұрыс естіп қабылдай біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№6 технологиялық картасы
Тақырыбы: Жабайы аңдар
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Аt the zoo |
| Мақсаты: | жабайы жануарлардың атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қуыршақ ергежейлі, үнтаспа, зообақ тақырыбына көрнекі сурет, |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім балалармен амандасады. Hello, children. How are you? Ергежей Help: Hello kids! M: Where are you going? Help: To the zoo! Let’s go together. Балалар бізді Help өзімен бірге зообаққа баруға шақырады. Барамыз ба? Ендеше қане, барлығымыз жолға шығайық.(Үнтаспаны қосады)
Look, snake ! Біз жылан туралы қандай ән білеміз The snake is in the grass The snake is in the grass /s-s-s/s-s-s/ The snake is in the grass (дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалайды)
Міне, зообаққа да келдік.(зообақтағы аңдар суреті ілінген жерге алып келеді) Help: I can be your guide. I know animals and like them! М:O’k Help: First, don’t feed the animals! Мұғалім: Жануарларды қоректендіруге болмайды екен. Help: Second, don’t touch the cage! Мұғалім:Торды қолмен ұстамаймыз балалар, ол қауіпті.
Help жануарларды көрсете отырып атап шығады. It’s a fox It’s a wolf It’s a bear It’s a Crocodile It’s an elephant Good! Мұғалім: балалар, біз олардың атын есімізге сақтап қалайық. Оларды ағылшын балалары еркелетіп былай деп шақырады. Repeat, please: croco-croco-crocodile Ele-ele-elefant
Let’s sing a Teddy bear song. Аюға арнап орындап берейік. Teddy bear, teddy bear Turn around Teddy bear, teddy bear Touch the ground Teddy bear, teddy bear Touch your nose Teddy bear, teddy bear Go to school. Good for you!
«Whose cage?»дидактикалық ойынын ұйымдастырады. (help,help,help деген дауыс естіледі) Help: Somebody needs me! Мұғалім: Ол зообақ күтушісі ғой. Оның кейбір аңдары тордан шығып кетіпті.Олардың қай торда тұратындығын тауып берейік. (стол үстіне жайылған аңдардың кескіні және тор суреттері беріледі) Well done! Very good
Балалар сендер үлкен іс бітірдіңдер.Зообақ күтушісіне көмектестіңдер. Сендерге зообақтағы аңдар ұнады ма? -Әдия, do you like elephant? -Ғалым, do you like fox? -Нұрасыл, do you like crocodile? Қолтырауынды еркелетіп қалай айта аламыз? Ал, пілді еркелете аласыңдар ма?
| Балалар мұғаліммен амандасады. Hello! O’k. кейіпкермен амандасады Келіседі
Мұғалімнің соңына жұптасып тізіледі.Әнді қосылып айтады. S-дыбысының айтылуына мән береді.
Тыңдайды, қайталайды Сөздерді мұғалімнің соңынан бірнеше рет қайталайды. Әндетіп сөздерін айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды: Аю сияқты жүреді. Айналады. Қолының ұшын жерге тигізеді. Саусағын мұрнына тигізеді. Жай жүреді. Тордан шығып кеткен жануарларды тауып ағылшын тілінде атайды, торын тауып көрсетеді.
Сұрақтарға жауап береді. Жануарлардың атауын еркелетіп айтуды естеріне түсіреді. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Жабайы жануарлардың атауын ана тілінде біледі, зообақ туралы түсініктері болады. |
| Нені игереді: | зообақта өзін-өзі қалай ұстауы керектігін үйренеді; піл, қолтырауын, қасқыр сөздерінің атауын меңгереді |
| Нені біледі: | зообақта өздерін қалай ұстау керектігін біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№7 технологиялық картасы
Тақырыбы: Қыс келді
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Color pencils |
| Мақсаты: | Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрену. |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | конверттегі хат, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салуға арналған парақтар, ойыншықтар және жемістердің суреттері |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен амандасады. Балалар, бізге біреу хат тастап кетіпті.Кімнен екенін оқып жіберейін.Ой, бұл Help жазып қалдырған хат екен. Listen carefull! «My dear friends. How are you? Now I’m far from you.This pencils are for you…» балалар хат аяқсыз қалыпты. Ол бізге түрлі-түсті қарындаштар қалдырыпты.Бірақ не үшін екенін жазыбапты. Мүмкін біз олардың түстерін айтып үйренсін деген болар.Look around. Can you see pencils?Қарап көріңдерші, қандай қарындаштарды бізге тастап кеткен екен. (Алдын-ала орындықтың үстіне сары, жасыл, қызыл,көк, тоқсары қарындаштар қойып қояды) - Well! Let’s make a circle and learn the colors!(балаларды шеңбер бойына тұрғызады) Pass and say the colors. «Pass and say» дидактикалық ойынын жүргізеді.
Well done! Бұл қарындаштармен қазір Help-ке арнап сурет салып береміз. -Алдымен қолымызды жылытып алайық(алақанының ішкі және сыртқы жақтарын үрлейді):h-h-h-h-h Енді сурет салуға болады.Take a place. (балаларға шыршаға тағатын ойыншықтардың трафареттары беріледі) Балалар, суретті енді әдемі етіп бояу қажет. Боямас бұрын бізде қандай түстер бар екенін есімізге түсіріп алайық.Stand up, please. «Green, green, yellow» ойынын ойнайық.Ойынды жүргізеді. Good for you! Кімге қандай түсті қарындаш қажет, оны өздерің ағылшын тілінде сұрап алыңдар. Қарындаш «pencil» болады.How nice pictures! Good for you!
-Балалар, бізді қоршап тұрған заттардың, барлық тіршілік иелерінің өз түстері бар.Ал, мен көрсеткен суреттің түсін айтып көрейікші. Ендеше біз «What? What color?» ойынын ойнаймыз. Look, what is it? What color is it?(суреттегі заттың атауын және түсін айтуын өтінеді) Балаларға түс және затты қосып айтуға көмектеседі. Балалар, біз бүгін не істедік? Ажар сен ненің суретін салдың?Қандай түстерді қолдандыңдар? Help-ке біздің салған суреттеріміз ұнайтын болар. | Мұғаліммен амандасады.
Хатты мұқият тыңдайды.
Қарындаштарды бөлме ішінен іздейді.Тауып мұғалімге көрсетеді.
Шеңбер бойымен тұрады, түрлі түсті қарындаштарды бір-біріне кезек-кезек береді , ағылшын тілінде түсін айтады.
Алақандарының ішкі және сыртқы жақтарын Һ-Һ-Һ дыбысын шығарып үрлейді. Өз қалаулары бойынша трафареттарды таңдап алады.Ақ параққа қарындашпен кескінін сызып шығады.
Түстерді естіп түсінеді, сәйкес қимыл жасайды.
«Give me» өтінішін қолданады,түстердің атауын атайды.Қалаған түстерін алып, суретті бояйды.
Суреттердегі таныс жануарлар мен ойыншықтардың атауын атайды, түсін байланыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | ойыншықтар және жануарлардың атауын ағылшын тілінде атай біледі. |
| Нені игереді: | Түстердің атауын меңгереді, заттардың атауымен байланыстыра айтуға үйренеді. |
| Нені біледі: | қысқа өтініштерді өздіктерінен түсініп орындайды |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№8 технологиялық картасы
Тақырыбы: Қыс қызығы
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Decorating the Christmas tree |
| Мақсаты: | Түстердің атауын бекіту, зат және түс атауын біріктіріп айтуға үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | қағаздан қиылып жасалған түрлі-түсті адамның іздері, қуыршақ ергежейлі, қапшық, балаларға таныс ойыншықтар(шыршаға ілуге арналған), шырша. |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| (Бөлмеге жерге алдын-ала түрлі түстер табанның іздері төселіп қойылады) Help:-Hello kids! Happy New Year to you! Мұғалім: Балалар, Help бізді сағынып қалыпты. Oh, what is it?(Жердегі іздерге назар аудартады) Бұл сиқырлы іздер ғой! Help: Let's go and see where it goes. Мұғалім: Сен ұмытып қалғансың ба, сиқырлы іздерді басқанда, оның түстерін айтып отыру керек қой. (Балалардың тізбектеліп жүруін өтінеді) Қане, қайда апаратынын көрейік! (Шырша және аяз ата қапшығы тұрған жерге балаларды алып келеді) -Look, the sack and a Christmas tree! What is in the sack? Let’s look.(қаптың аузын ашады, ішіне үңіледі) «Magic sack» дидактикалық ойыны. -Бізде қаншама түрлі түсті ойыншықтар бар. Олардың түстері туралы ән айтайықшы. The Colour Song ("This Old Man" әнінің әуеніне салып айтады) Red, red, red, touch your head. -Енді шыршаны безендіруге де болады! -Балалар, барлығымыз шыршаны безендіріп жүргенде біздің Help тоңып қалыпты.Онымен бірге ойын ойнап жылынып алайық. «Find and touch» ойынын жүргізеді. Help: Good for you! Thank you, I’m hot now! Мұғалім: Балалар, ол сендерге риза болды, рахмет айтып жатыр. Біз де бүгін біздің балабақшаға келгені үшін оған «Thank you» деп рахмет айтайықшы. Бүгін барлығымыз не істедік? Қандай мерекеге арнап шыршаны безендірдік? Шыршаға қандай түсті ойыншықтар ілдік? | Мұғаліммен және кейіпкермен амандасады.
Іздерге назар аударады. Іздердің үстінен баса отырып олардың түстерін айтып отырады.
Қаптың ішіне қолдарын салып бір заттан алып оның атауын және түсін айтады.
Әуенге қосылып әннің сөздерін қайталайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарын шыршаға іледі. Аталған түсті естігенде үстіндегі киімінен немесе айналадағы заттардан тауып алып ұстай қалады. Балалар «Thank you» сөзін қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | түстердің атауын біледі, естіп түсінеді, «what is it?» сұрағын өздігінен қоя біледі. |
| Нені игереді: | түс және зат атауын байланыстырып айтуды меңгереді |
| Нені біледі: | ағылшын тілінде рахмет айтуға үйренеді |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№9 технологиялық картасы
Тақырыбы: Жиһаздар
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Furnitures |
| Мақсаты: | Жиһаз атауларын ағылшын тілінде атауға үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Бөлме суреті, үнтаспа, үй жиһаздарының суреті |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім балалармен амандасады. Good morning, children! How are you? -Балалар, Help бүгін бізге келе алмайтындығын айтып, сендерге арнап өзі достарының үйін қалай жинағандығы туралы әңгімесін сендерге айтып беруімді өтінді. Listen, please.(Бөлмені жинаймыз суретін көрсетіп отырады) «Бір күні Ергежей Help өз кішкентай достарына қонаққа барды. Үйлеріне кірсе, ойыншықтар шашылып жатыр екен. Ергежей Help кішкентай достары даладан келгенше, ойыншықтарын жинауға көмектескісі келді. Ол bear және hear ойыншықтарын chair үстіне отырғызды, dool, cat, dog және fox-ойыншықтарын sofa үстіне қойды, ал қалған ойыншықтарды қорапқа салып қойды. Ал Pig table үстінде қалды. Ергежей Help барлық ойыншықтарды жинап қойған соң, кішкентай достары да келіп қалыпты.Кішкентай достары ұялып кетті. Олар Ергежей Help-қа «Thank you» десті . Енді ойыншықтарын өздері жинайтындарын айтты. Кішкентай достары мәз болып, Ергежей Help-пен Drum туралы өлең айтты» -Балалар ол әнді біз де білеміз ғой.Let’s sing! See me play on my drum Playing me, a lot so fun With a [d], [d], [d], [d], [d], [d], [d]… Playing me a lot so fun. Балалар, шаршаған болсаңдар бойымызды сергітіп алайық.Ергежейлердің жақсы көретін ойыншығы Teddy bear тақпағын айтып жаттығу жасайық. Teddy bear, teddy bear Turn around Teddy bear, teddy bear Touch the ground Teddy bear, teddy bear Touch your nose Teddy bear, teddy bear Go to school! Дидактикалық ойын «Show me» (Сурет пайдаланады) Show me a sofa Show me a table Show me a chair Show me a carpet Мұғалім: Good! Very good!
«Clap or shake» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. -Make a circle , please. (ойын шартын түсіндіреді) -Well done! Very good Балалар, сендер өз ойыншықтарыңды жинап отырасыңдар ма? Бөлмелеріңде қандай жиһаздар бар? Оларды ағылшын тілінде айта аламыз ба?
| Мұғаліммен амандасады.
Суреттерді зер сала қарайды, жиһаз атауларына көңіл бөледі, ертегіні тыңдайды
Әнге қосылып айтады, тілдерін жаттықтырады.
Тақпақ сөздерін жатқа айтады, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Аталған жиһазды суреттен тауып көрсетеді.
Жиһаздың атауын естіп түсінеді. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Жануарлар, ойыншықтар тақырыбына сөздік қорлары болады, заттардың атауын атай біледі. |
| Нені игереді: | жиһаздардың атауын атап үйренеді |
| Нені біледі: | «This is» сілтеу есімдігін қолдана біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№10 технологиялық картасы
Тақырыбы: Киім-кешек пен аяқ киімдер
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Clothes shop |
| Мақсаты: | Өздері киіп жүретін киімдердің атауын меңгерту |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | ұл және қыз бала киімдерінің суреті, қима киім суреттері, киімдер дүкені ойынына қажетті құралдар |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| -Hello kids! -How are you Әмір? - How are you Бекжан?(балалрдың әрқайсысының қалын сұрап шығады) -Балалар, бүгін біз қуыршақтарды жаңа жылдық меркеге арнап киіндіреміз. Киімді қайдан алуға болады? -Yes you are right. Киімдер дүкенінен аламыз. Бірақ, дүкенде ағылшын тілінде ғана сөйлейді.Сондықтан кейбір киімдердің атауын ағылшынша қалай аталатындығын үйреніп алайық. (Сурет «Киімдер») -Listen and repeat, please. -It’s shorts. Shorts -It’s a T-shirt. T-shirt -It’s a skirt. Skirt -It’s shoes. Shoes. -It’s socks. Socks.
-Kids, lets do a funny exercise (балаларды жарты шеңберге тұрғызады) -Are you ready? «Wave your hand» жаттығуын жасап бойымызды сергітіп алайық.
Киімдердің атын ұмытып қалмауымыз үшін өзіміздің үстіміздегі киімдер туралы бір ойын ойнайық. «Who is wearing…?» дидактикалық ойыны. (ойын шартын түсіндіреді, балаларды кілемшенің үстіне немесе орндыққа отырғызады)
-Well done! Біз қуыршақтарға киім алуға дайын сияқтымыз. Тек, «please»сиқырлы сөзін айтуды ұмытып кетпеңдер! Let's go to the shop! (Дүкенші қалпағын кие қояды) «Clothes shop» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Киімдер дүкенінде мазмұнды ойынын ұйымдастырады. -What do you want? -What color? Good for you. Енді міне қуыршақтарды киіндіре қойыңдар.(Қуыршақтар кесікіндерін таратып береді)
-Балалар, бүгін біз ағылшынша қандай сөздер үйрендік? Олар нені білдіреді? Good for you! Good bye! | Барлығы мұғаліммен амандасады, аты-аталған балалар өздерінің көңіл-күйлерін айтады.
Өз ойларын айтады.
Жаңа сөздердің айтылуын тыңдайды, қайталайды.
Әнді тыңдайды, мұғалімге қарап қимыл-қозғалыстарды қайталайды.
Өздерінің не киіп тұрғандарына назар аударып қарайды.Ағылшынша атайды. Өзі киіп отырған киім атын естіген балалар орындарынан жылдам тұра қояды.
Мазмұнды ойынға қатысады, киім атауларын және олардың түстерін айтады. Байланыстырып сөйлейді. «Give me….., please» сөз тіркесін еркін қолданысқа түсіреді. Дүкеннен алған киімдерін қуыршаққа кигізеді. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Түстердің атауын біледі, «маған бер» сөз тіркесін қолдана алады |
| Нені игереді: | Киімдердің атауын: шолақ шалбар, жейде, көйлек, аяқкиім, шұлық, белдемше сөздерінің атауын ағылшын тілінде айтылуын үйренеді |
| Нені біледі: | Өтініш білдіруді, сыпайы сұрауды біледі. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№11 технологиялық картасы
Тақырыбы: Менің жанұям
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | My family. |
| Мақсаты: | Отбасы мүшелерінің атауын ағылшын тілінде атай білуге үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қуыршақ ергежейлі, проэкторда немесе отбасы суреті, үнтаспа |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім және Help балалармен амандасады. Жеке-жеке көңіл-күйлерін сұрап шығады. -Балалар, Help сендерге өзінің отбасының суретін ала келіпті. Сендерге оларды таныстырғысы келеді.(проектор экранын қосып, слайд көрсетеді) Help: -My mother -My father -My sister -My brother -My Grandma -My Grandpa
-Kids, lets play «Echo» with Help. «Echo»дидактикалық ойынын жүргізеді.
Күнде таңертең Help-тің отбасы барлығы бірігіп жаттығу жасап денелерін шынықтырады екен. Бізге ол қазір қалай жасайтындығын көрсетеді. Help: Look at me, do like me! Walk, walk, I can walk Walk, walk, I can walk Walk, walk, I can walk Like a dog Jump, jump I can jump Jump, jump I can jump Jump, jump I can jump Like a frog Swim, swim I can swim Swim, swim I can swim Swim, swim I can swim Like a fish.
-Балалар, біз Help-қа өзіміздің отбасымызда кімдер бар екенін айтып берейік.(балаларды столды айналдыра отырғызады)Sit down, please. «I have a…» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Very good!Енді Help-те сендердің үйлеріңде кімдер бар екенін білетін болды.
Help-тің үйінде кімдер тұрады екен?Ал, сендердің үйлеріңде кімдер бар? | Сұрақтарға жауап береді, амандасады.
Суреттерді қарайды, сөздердің айтылуын тыңдайды және қайталайды.
Сөздерді қайталайды, ойынды өздері жүргізеді .
Мұғалімге қарап қимыл-қозғалыстарды жасайды.Сөздерді қайталап айтады.
«I have a» сөз тіркесін қолданып өз отбасында кімдер бар екенін айтып береді.
Сұрақтарға жауап береді, отбасы мүшелерінің атын атайды. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | қарапайым өтініштерді аудармасыз түсінеді, орындайды(секіру, жүгіру, жүру). |
| Нені игереді: | отбасы мүшелерінің атауларын атап үйренеді. |
| Нені біледі: | «I have a» сөз тіркесін қолданысқа енгізе біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№12 технологиялық картасы
Тақырыбы: Туысқандық қатынас
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | A Family tree |
| Мақсаты: | Отбасы мүшелерінің атауын бекіту, туысқанға құрмет сезімін тәрбиелеу |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Бәйтерек суреті, әр балаға бәйтерек суреті салынған парақтар, «Тышқандар отбасы» сюжетті суреті |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен амандасады.Көңіл-күйлерін сұрап шығады. -Kids today we’ll make our Family tree. «Family tree» дегеннің не екенін білесіңдер ме? Ол үлкен жасыл бәйтерек. Егер бір үйдің адамдары тату болса, бір-біріне көмектесетін, сыйлайтын болса онда оларда «Бәйтерек-Tree» пайда болады.Менің отбасымда «family tree» бар. -Look (суретке назар аудартады): this is my grandma this is my grandpa this is my father This is my mother this is my brother this is my sister this is me!
Let’s play the game!Отбасы туралы әжем үйреткен саусақ ойыны. «Paint the family» өлеңі. I have many pencils Red and green and blue I can draw a picture And give it to you I can draw my father I can draw my mother I can draw my sister And my little brother Сендер үйде апа-інілеріңмен татусыңдар ма? Very well! Make a your own «Family treе»! Өз бәйтеректеріңді жасап, ата-аналарыңа сыйға тартасыңдар. (Балаларға журналдардан қиылған әйел және ер адамдардың және әртүрлі жастағы ұл, қыз балалар, ата, әжелердің басының қатты қағазға желімденген суреттері беріледі. Сонымен қатар жасыл ағаштың қатты қағаздағы суреті арнайы сызықтармен кеспе қалташалары бар парақ таратылады). «Family treе» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. -Қане маған өздеріңнің «Family tree»-леріңді көрсетіңдерші.
«Who is who?» дидактикалық ойынын жүргізеді. (Тышқандар отбасы суретін қолданады) Well done!
| Мұғаліммен амандасады, өз көңіл-күйлері туралы айтады.
Сөздерді қайталап айтады.
Саусақ ойынын ойнай отыра отбасы мүшелерінің атауларын қайтала айтып шығады.
Бәйтеректің суретіндегі қалташаларға өз отбасында бар адамдардың суретін тауып қадайды.Олардың кім екенін атап шығады.
Отбасы мүшелерін табады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, қандай киімдер кигендерін атайды. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Отбасы мүшелерінің атауын ағылшын тілінде айта біледі, киім атауларын біледі. |
| Нені игереді: | Байланыстыра сөйлеуге үйренеді, үлкендерді құрметтеуге үйренеді. |
| Нені біледі: | Үлкенді құрметтеуді біледі. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№13 технологиялық картасы
Тақырыбы: Көктемнің алғашқы мерекесі
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | I can help my mother! |
| Мақсаты: | Етістіктермен таныстыру, «can» модальді етістігін айтып үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Қуыршақ ергежейлі, іс-әрекеттер бейнеленген суреттер,қыз және ұл бала суреті |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Сергіту сәті
Фонетикалық жаттығу
Рефлексивтік түзетушілік
| Help балаларға көңілді әндетіп келеді. Help: Hello!Good morning! Good morning Good morning
Мұғалім: Балалар, бүгін Help өте көңілді екен. Ол сендермен бүгін ерекше сәлемдесті. «Good morning»-қайырлы таң! Күнде таңертең балабақшаға келгенде осылай амандасуға болады.Қане, барлығымыз осылайша амандасып көрейікші. -O’k! Very good. - Help өзінің анасына көмекші бола алады екен.Оның не істей алатындығын көрейікші.(Суретті көрсетеді) Help: Yes! -I can make a table! -I can make my bed! -I can feed my fishes! -I can water flowers!
Help: What can you do?
Мұғалім: Балалар, сендер де осының барлығын істей аласыңдар ғой.Қане не істей алатындығымызды айтып шығайықшы.(Сөз тіркестерін қайталап анықтып айтады, балаларға қайталап айтуларын өтінеді) Repeat ,please. -Ал біздің барлығымыз балабақшада не істей аламыз.Көрсетейікші. -I can wash my hands, wash, wash the hands! - I can wash my face, wash, wash the face! I can wash my food, wash, wash the food!
Well done! Help, біз өзіміздің кішкентай інімізді де жылап қалса уата аламыз. Міне былай (басына сайқымазақтың паригін немесе бас киімін киіп алады): « The Funny Little Clown» I am a funny little clown. I say, « Ah - oo -ee - oo». My mouth is open wide When I say, «Ah, ah, ah.» I draw my lips far back When I say «Ee,ee,ee.» My lips are very round When I say, «Oo,oo,oo.» «Ah - oo - ee - oo, «Ah - oo -ee - oo.» I am a funny little clown. Well done! Good for you! -Kids look at this picture. (Қыз және ұл баланың суретін фланельді тақтаға орналастырады)This is Айым and this is Даниал.Олар мереке алдында аналарына тосын сый жасағылары келеді.Олар не істей алады деп ойлайсыңдар екенін айтып беріңдерші. «What can do?» дидактикалық ойынын жүргізеді. -What can do Айым? -What can do Даниал? Good for you! Сендер де мерекеде аналарыңа осылай тосын сый жасайсыңдар ма? Аружан, what can you do?(балалардан сұрап шығады)Very good!
| Балалар кейіпкермен амандасады.
Бір-бірімен «Good morning»- деп амандасады.
Суреттердегі әрекеттерге қарайды, айтылған сөз тіркестерін тыңдайды.
Сөз тіркестерін қайталап айтып шығады.
Қимыл-қозғалыстарды жасайды, «wash» сөзін қайталап айтады.
Мұғаліммен бірге дыбыстарды дыбыстайды.
Балалардың әрқайсысы не істей алуы мүмкін екенін айтады, модальді етістікті және етістіктерді белсендіреді. Іс әрекеттер бейнеленген суреттерді балалардың әрқайсының астына тізіп орналастырады.Қандай іс істей алатындығын айтады.(Даниал can feed the fish, Айым can water the flowers) Өздерінің не істей алатындығын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | flower, fish, table, bed сөздерін ұғады, қолданысқа еркін түсіре біледі |
| Нені игереді: | [ i: ], [o], [u:] дыбыстарының дыбысталуын меңгереді, байланыстыра сөйлеуге үйренеді. |
| Нені біледі: | «can» модальді етістігін түсінеді, қолдана біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№14 технологиялық картасы
Тақырыбы: Табиғаттың оянуы
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Happy mother’s day |
| Мақсаты: | Көктемгі «самал жел», «жасыл ағаш» сөздерін меңгерту, «Guests can come on Sunday» әнін үйрену |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | қуыршақ ергежейлі, тақпақ сөзіне салынған суреттер жиынтығы, үнтаспа |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Мұғалім ойын бөлмесінен мұңайып отырған Help-ті байқап қалып: -Hello Helpy! What’s wrong? -Kids come here, please.Оның қалын сұраңдаршы. Мен сендерден үнемі қалай сұраушы едім.Мүмкін оның көңілі көтеріліп қалар.Адамдардың барлығы үлкен де кіші де хал-жағдайын сұрағанды жақсы көреді. Help: I’m fine, thank you. Mother’s day is coming. I have no present for my mother. M: Oh don’t worry Help!Балалар, ол анасына ешқандай сыйлық дайындамаған екен.Соған көңілсіз болып тұр. Ал мен білгендей бүгін сендерге жақсы бір ән алып келдім.Сол әнді барлығымыз жаттап алайық, мереке күні аналарыңа айтып бересіңдер.
Нағыз әншілер сияқты бірінші дауысымызды жаттықтырып алайық: B-a-bay B-e-bee B-i-biddee bye B-o-bo Biddee bye bo B-u-boo Bidde bay bee Bye-bo-boo It's just a kooky song. You can sing it, too. Any consonant will work with A E I O U (басқа да дауыссыз дыбыстары қойып әндетеді) R-a-ray R-e-ree Good for you! -So listen to the song!(үнтаспаны қосады) «Guests can come on Sunday» Guests can come on Sunday Guests can come on Sunday Guests must come The mother gives them tea. Sunday must be sunny Sunday must be windy And it’s nice, it’s nice To have a cup of tea
-Біздің барлығымыздың аналарымыз үйге қонақ келгенде осылай оларды қарсы алады.Оларға шай құяды. Шайды немен құяды? Yes, right you are! Ал біз шайнек туралы қандай жаттығу білеміз.Let’s do it! I’m a little teapot, Short and stout. This is my handle, This is my spout. When the water’s Boiling give a shout.
Сурет бойынша ән сөздерін жаттатады.Repeat ,please. (үйге қонақтардың келіп тұрған суреті көрсетіп): Guests can come on Sunday Guests can come on Sunday Guests must come (анасы шай құйып отырған суретті көрсетіп): The mother gives them tea (Терезеден төгіліп ішке енген күннің сәулесі және желмен тербеліп тұрған ағаш суретін көрсетіп): Sunday must be sunny Sunday must be windy And it’s nice, it’s nice To have a cup of tea
Let’s sing a song.(Үнтаспаны қосады, ән суреттерін балаларға өрінетін жерге фланель тақтаға н/е магнитті тақтаға орналастыып қояды) Дауыстап балаларға ән сөздерін анық айтып қолдап тұрады. Well done ! Енді осы әнді анмыздың мерекесіне айтып береміз. Help: Thank you teacher. Now I’ll present a song to my mother! M: Yes, of course, Helpy! Ал, сендерге ән ұнады ма, балалар? Қалай ойлайсыңдар Help-тың анасы қатты қуанады ма? |
Кейіпкермен амандасады.
Балалр мұғалімге қосылып, «How are you?» деп сұрайды.
Дыбыстарды әндетіп, созып , дауыстың ырғағын құбылтып қайталайды.
Әнді тыңдайды.
Шайды шайнекпен құятындығын айтады.
Шеңбер бойымен тұрады, жаттығудың сөздерін айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Мұғалім көрсеткен суреттерге қарай отыра ән сөздерін қайталайды.
Әуенге қосылып әндетеді, сөздерді қосылып айтады.
Өз ойларын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Ана сөзін ағылшын тілінде айта алады, аналар күні мерекесі туралы түсініктері болады. |
| Нені игереді: | Әннің сөздерін айтып үйренеді, жекелеме сөздерді аудармасыз түсінеді. |
| Нені біледі: | «green tree», «windy» сөздерін біледі, түсінеді. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№15 технологиялық картасы
Тақырыбы: Жәндіктер
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Little spider |
| Мақсаты: | ағылшын тілінде өрмекші сөзін және өзге де жәндіктердің атын үйрету, жоғары-төмен сөздерін меңгерту |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | қорап, өрмекші мүсіні, ара, қанқызы, құмырсқа суреттері, жылтыр шүберек |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен жеке-жеке амандасып, көңіл-күйлерін сұрайды. Балалар, мен жаңа келе жатып жолдан бір қорап тауып алдым.Ішінде не барын көрейікші.(жылтыр қорапты алып көрсетеді) -Oh, it’s a spider! Look, a spider!Ол сондай әдемі, сүйкімді емес пе. (қолдан жасалған немесе ойыншық өрмекшіні алып шығады)
Ол біздің қонағымыз. Ол далада тоңып қалған болар. Алақанымызға салып оған жылы ауа үрлейік.(алақанына салып үрлейді, һ дыбысын шығарады) һ –һ- һ- һ- һ. Қане, енді бір-біріңе беріп тұрыңдар. Good for you! -Балалар Spider бізге қайдан келді? Ол өзінің достарынан адасып қалған ғой. Оның жалдастары ant және bee(суреттерін көрсетеді)
Let’s do like a spider. (әуенді үнтаспада ойнатады)
Little spider Well done! (Мұғалім басына сыйқыршы қалпағын киеді): -I’m a magic man. Look and say. What I have?(ара, құмырсқа, өрмекшінің муляждарын алып шығады) «Magic man» дидактикалық ойыны -Мен қазір сиқыр жасаймын. Мына байғұс жәндіктерді өзіммен бірге алып кетемін. Бірақ, сендер оларды құтқара аласыңдар.(ойын шартын түсіндіреді, 2-3 рет қайталап ойнатады) Well done! -Сендер ақылды бала екенсіңдер.Кішкентай жәндіктерді қорғап қалдыңдар. This is for you(Түрлі түсті күлтешелері бар гүлді алып береді). -Let’s put them on the flower. -Санжар, put the spider - Айзере, put the ant -Ералы, put the bee. Good for you! Сендерге жәндіктер ұнайды ма?Ендеше оларды өздеріңнің топтарыңа ала барыңдар.Good bye! | Мұғаліммен амандасады, өз көңіл күйлерін айтады.Мұғалімнің қал-жағдайын сұрайды.
Қорапқа үңіліп қарайды.Өрмекші сөзін ағылшын тілінде бірнеше рет қайталайды. Өрмекшіні тамашалайды, қызықтайды, ұстап көреді.
Кезек-кезек алақандарына салып һ дыбысын шығаоып үрлейді.
Өз ойларын айтады.
Қимыл-қозғалыстарды белсенді орындайды, өрмекшінің әрекетіне еліктейді.
Жәндіктердің атауын ағылшын тілінде атап шығады.
Шүберектің астында жасырылған жәндікті тез анықтап, атауын хормен дауыстап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Жәндіктер туралы ұғымдары бар, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін біледі |
| Нені игереді: | Ағылшын тілінде өрмекші, құмырсқа және ара сөздеріннің айтылуын естеріне түсіреді, һ дыбысының дыбысталу ерекшелігін үйренеді. |
| Нені біледі: | ағылшын тілінде айтылған өтініштер мен ұсыныстарды өздіктерінен түсінеді, орындайды. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№16 технологиялық картасы
Тақырыбы: Бунақденелілер
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | On the meadow |
| Мақсаты: | Жәндіктер атауын бекіту, сөздік қорды байыту. |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | үнтаспа, үстінде жәндіктері бар панно |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Балалармен амандасады: Good morning Good morning Балалар, біз бүгін жасыл алақапқа саяхат жасаймыз.(Жағымды әуенді қосады): -Close your eyes and listen to the music. (балалар музыка тыңдап отырғанда жасыл түсті матадан жасалған үстінде қанқызы, құмырсқа және ара, өрмекші, гүлдері бар панноны ортаға қояды) -Open your eyes! Міне біздің жасыл алқап- the meadow.What can you see? «Show me» дидактикалық ойынын ойнатады. -Show me the ant -Show me the spider -Show me the bee -Show me the ladybug! Good for you! Ladybug-қанқызының ағылшын тіліндегі атауы осылай екен. Let’s repeat !Есімізге сақтап алайық.
«Bees» туралы ертегі тыңдағыларың келеді ме? Listen then!.(ұлттық киім элементтерін киген араларды және гүлді қолданады, фланель тақтаға орналастырады) -Бір қазақ арасы гүлге қонып отырыпты.Бір кезде дәл ол отырған гүлге ағылшын арасы келіп қонады.Қазақ арасына бұл ұнамайды. Ол ашуланып ұрса жөнеледі:z-z-z-z-z-! Бірақ ағылшын арасы да одан қалыспайды. Қараңдаршы оның тілі қандай ұзын(ағылшын арасының тілін көрсетеді), тіпті аузына сыймай тұр.Сондықтан да оның дыбысы былай шықты: th-th-th-th! Қазақ арасы қалай ұрсысты –z-z-z-z, ал ағылшын арасы ше- th-th-th-th. Міне, осындай қызық болыпты. Аралар да ұрсысады екен.
Енді Ladybug қалай ұшатынын көрейік.
Fly, fly, fly. Well done!Great! Бірақ, біз ойнап жүргенде барлық жәндіктер далаға шығып кетіпті. Let’s help them. «Find and help»дидактикалық ойынын ұйымдастырады -What is it? What color is it? Very good! Олар енді сендерге риза болады.
-Біз бүгін не туралы ертегі тыңдадық, кімнің есінде бар? Қандай жәндіктерге көмектестік? | Мұғаліммен амандасады.
Көздерін жұмады, әуенді тыңдайды.
Көздерін ашып, алдарында жатқан панноны тамашалайды. Қандай жәндіктер барын айтады, ағылшын тілінде атауларын атайды, көрсетеді.
Қанқыз атауын қайталап айтады.
Ертегіні қызыға тыңдайды, киімдеріне қарап ажыратады.
Дыбыстарды қайталап, айтылу ерекшелігіне көңіл бөліп, дыбыстайды.
Қимыл-қозғалыстарды жасайды, қолдарын екі жаққа созып қанатты келтіреді, ұшқан қоңызға еліктейді.
Гүлдердің арасынан жәндіктерді табады, атауын атайды, түсіне сай гүлге орналастырады.
|
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Жәндіктердің атауын ағылшын тілінде біледі, түстердің атауын айта алады |
| Нені игереді: | Қанқыз сөзінің айтылуын үйренеді, th/z дыбыстарын дұрыс дыбысталуын үйренеді. |
| Нені біледі: | қимыл қозғалыстарды аудармасыз естіп, түсініп орындай біледі |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№17 технологиялық картасы
Тақырыбы: Су әлемі
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Fishes in the tank. |
| Мақсаты: | Түстердің атауын бекіту, байланыстыра сөйлеуге үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Аквариум жанында отырған мысық суреті, түрлі-түсті балауыз қарындаштар, парақтар |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік | (алдын-ала тақтаға мысық және бос аквариумды іліп қойды) Балалармен амандасады. Балалардың назарын суретке аударады. -Oh, my god!Where are the fishes! (Аквариумды көрсетіп):the tank. But no fishes!Олардың барлығы қайда кеткен? Енді қайттым, мысығым мен балықтарымды мен жоқта күте салшы деп Help тастап кетіп еді.Ол өзі Англияға кетті ғой.Келгенде ренжитін болды. Балалар барлығымыз теңіз балықтары туралы әнді айтайықшы: A sea song (“The Wheels on the Bus”әнінің әуеніне салып айтады ) Swish, swish, swish,
Балалар, мүмкін біз балықтардың суретін салып, аквариумға жапсырып қоярмыз.Help келгенше аквариум бос тұрмасын. Ол келгенде мысығына қатты ренжіп қалып жүрер.Міне, балықтары бар болғанда ол мынадай әдемі аквариум болған(суретті көрсетіп іліп қояды) Балалардың алдына түрлі түсті қарындаштар және ақ парақтар береді, балықтардың трафаретін қояды. -What color do you want? Шаршаған шығарсыңдар.Let’s do fish exercise!( Тақпақ сөзіне сәйкес қимылдар көрсетеді) I'm a little fishy, Well done! Now, put your fishes on the tank. -Дәрия, what color is your fish? -Тоғжан what color is your fish?(барлық балалардан балықтарының түсін сұрап шығады) Let`s count the green fishes. Let`s count the red fishes. Let`s count the yellow fishes. Let`s count the blue fishes. | Мұғаліммен амандасады.
Балалар өз ойларын айтады.
Мұғалімге қосылып әндетеді.
Орындарына отырып балықтардың кескіндерін салады, түрлі түске бояйды.
Мұғаліммен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
Өздері салған балықтардың түстерін айтады. Түсіне қарай балықтарды санайды. |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Түстердің атай біледі. |
| Нені игереді: | Байланыстыра сөйлеуге үйренеді |
| Нені біледі: | Ағылшын тілінде өздері өтініш білдіре біледі. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№18 технологиялық картасы
Тақырыбы: Ауылшаруашылығы
| Білім беру саласы: | Қатынас |
| Бөлімі: | Ағылшын тілі |
| Тақырыбы: | Farm animals going to circus |
| Мақсаты: | Үй жануарларының атауын үйрету |
| Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Ферма суреті, мал күтушісі суреті, фланель тақта, |
| Кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Тақырыпты ашу
Фонетикалық жаттығу
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
| Hello kids! How are you Мадина?(балалармен амандасып шығады) Мен бүгін фермаға барамын. Маған Old McDonald-тан шақыру келді. Ол өзінің жануарларын жаттықтырып, балаларға цирк ұйымдастырмақшы.Бірақ өзі жануарларын ештеңеге үйрете алмай жатқан көрінеді. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Ендеше, бірінші Old McDonald-тың фермасында қандай жануарлар бар екенін есімізге түсірейік.(Суретті көрсетеді) -What can you see? It’s a horse, it’s a goat, it’s a sheep, it’s a dog, it’s a pig, it’s a cow. Good for you! Ал олардың қалай дыбыстайтынын ұмытып қалған жоқсыңдар ма. (жануарлардың суреттерін фланель тақтаға орналастырып отырады) The dog says bow, wow The cat says meow The sheep says baa-baa The little pig says wee-wee The frog says crook-crook The hen says cluck-cluck The cock says cock-a-doodle-do Well done! «I can…» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Say me please, what can you do? (балалардың секірген, жүгірген, ән айтып тұрған, билеп тұрған суреттерін көрсетеді, сағат бойымен допты бір балаға лақтырып ойынды бастайды) Ағылшынша қалай айтуға болады? Фермердің жануарлары ағылшынша ғана ұғады. Very good! Ал, олардың қалай ойнайтынын білгілерің келеді ме. It`s fun to be this, It`s fun to be that: To climb like a cat, To swim like a fish, To hop like a frog, To trot like a horse, To jump like a dog. Барлығың қазір маған жануарлады қалай үйрететіндіктеріңді көрсетіңдерші.(Балалардың әрқайсына қолғап театрының жануарларын таратып береді) «At the circus» дидактикалық ойынын жүргізеді. Good for you! Сендер жақсы жаттықтырушы болады екенсіңдер.
-Алдияр, сен қандай жануарды жаттықтырдың? Ол енді не істей алады?(өзге балалардан да сұрап шығады) | Мұғаліммен амандасады.
Көмектескілері келетіндіктерін білдіреді.
Суреттегі жануарларды қарайды, көрсетеді.
Мұғаліммен бірге жануарлардың дыбыстарын шығарады.
Суреттегі балалардың не істеп жатқанын айтады. Өздерінің не істей алатындықтарын айтады.(I can jump, I can run,т.б)
Мұғалімнің жасаған қимылдарын қайталайды.
Қолғап жануарларды қолдарына киеді, қысқа бұйрықтар береді.(Dog run! Goat jump!) |
Күтілетін нәтиже:
| Нені білу керек: | Үй жануарларының атауын біледі, іс-әрекеттерді өздігінен айта алады |
| Нені игереді: | Байланыстыра сөйлеуге және бұйрықтар беруді үйренеді |
| Нені біледі: | Етістіктерді қолданысқа түсіре біледі. |