Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым - қатынасы болып табылады. Қарым - қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
- Денсаулық сақтау технологиясы.
- Жобалы - іс шығармашылығы.
- Ізденіс - шығармашылық технологиясы.
- Қатынастық - ақпараттық технология
- Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
- Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
- Ойын технологиясы.
- Триз технологиясы және т. б.
Біздің балабақшада тиімді қолданылатын инновациялық технологиялардың бірі ойын технологиясына, оның ішінде ағылшын тілінде қолданылатын ойын технологиясы.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, саясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден – бір тәсілі ойын болып табылады. Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекеттерімді көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде ағылшын тілін оқытуға бағытталған әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындары, лингвистикалық ойындардың әр түрлі нұсқалары. Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады.
Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ҰОІӘ көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймын. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады.
Жаңа сөздер енгізгенде 4 – 5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі – түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс – әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні.
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым- қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез – құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой - өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой - өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырлады.
Ұстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі - сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталй бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сауат ашу сабағында дидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойды сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой - өрісін дамытуға үйретеді.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытуға арналған дидактикалық ойындар:
«Family tree»
Мақсаты: отбасы мүшелерінің атауын бекіту, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Барысы: алдын ала дайындалған қалташалы ағаштың суреті бар қағазға отбасы мүшелерінің суреттерін алып қыстырады, отбасы бәйтерегіне кімдерді қойғанын айтып шығады.
«Green, green, yellow»
Мақсаты: естіп түсінуді қалыптастыру, қимыл – қозғалыс аппаратын дамыту.
Барысы: мұғалім балаларға ойын бағдаршам түсіне сай ойналатындығын түсіндіреді. Түстердің атауын ағылшын тілінде өзі айтып тұрады. Балалар шеңбер бойында немесе өз қалаулары бойынша бөлмеде жүре бастайды. Айтылған түске сай жүреді, тоқтайды, баяу жүреді.
«Pass and say»
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын үйрету, есте сақтау қабілетін жақсарту.
Барысы: мұғалім шеңбер бойымен тұрған балалардың біріне сағат тілі бағытымен қарындаштың бірін түсін айтып, ұстатады. Алған бала сөзді қайталап келесі балаға ұстатады, осылайша қарындаш мұғалымнің өзіне қайтып келеді. Барлық қарындаштарды шеңбер бойымен түсін айтып, жүргізіп шығады.
Сюжетті – рольдік ойын технологиясы.