СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балабақшамен қоштасу 2017

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшамен  қоштасу  ертеңгілігі

Зал  әсем безендірілген

Сәлеметсіздер ме  құрметті   қонақтар  бүгінгі  кешке  келгендеріңізге  көп рахмет  сіздерді бүгін  көптеген  қызықтар  күтіп тұр.Ал  енді  орындарымызға  жайғасып  көңілді  әсем әуенмен  «Ретро»  саяхатқа  аттанайық!

(Әсем  әуен  Астана  қаласының  көрінісі  слаид)

(Екі  әйел  адам  ауланы  сыпырып  жүреді.)

-Сәлеметсізбе  Қарлығаш  апай

- Сәлеметсіңбе  Жадыра!

-Қалыңыз  қалай?

-Қандай  жаңалық  бар?

-Сол  барлығы  бұрынғыша сыпырып  жүрген

-Сізді  көргеніме  сондай қуаныштымын!

-Кәне отырып  біраз әңгімелесейік!

-Екеуміз  бір-бірімізді  көрмегелі   көп уақыт  болып қалыпты

-Қараңызшы  жаңа сыпырып  жүріп не тауып  алдым!

-Ой  бұл  пластинка  ғой  қандай керемет

-Жүр тыңдап көрейік  әуендерді

-Оны қайда  барып тыңдаймыз?

-Мына  жерде  керемет дәмхана бар сонда  барып  тыңдайық!

-Жүр  кеттік  ендеше

Бұл оқу тамақ боларқарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда,

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер. Толқимыз, толқыптұрсызбаршаңызда,

 Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Балдырған бүлдіршін түлектерді,- деп «Көбелектер» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.

Би «ұлдар  мен қыздар»

Әрбір  бала  армандағанды  ұнатады.Бүгін  біздің  балабақшамызда  «Арман»  дәмханасы  жұмыс  істейді. Қазір  біздің сұлу  қыздарымыз  болашақта  кім  болатындары жайлы  тақпақтарын  айтып береді

Амира:Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.

 

Айару:Мен дәрігер боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

 

Елдана:Ал мен ақын боламын,

 Өлеңдерді жазамын.

Ақындыққа ие болып,

Бәрінен озып шығамын.

 

Би: «Буги-буги»

Тақпақтар:

Аңсат:Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны ерекше, Балабақшамызбен қоштасатын. Бүгінгі той ерекше. Сания: Үлкендердей тап - таза Жазамыз бормен тақтаға, Үлгілі бала боламыз. Жүретіндей мақтана. Мақсат:Бақша біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз, Ұлағатты ұстаздан, Оқып білім аламыз. Махаббат: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен Біріншіге барамыз. Әділжан: Ана тілін ардақтап, Ата салтын біз көрдік. Сурет салып ән жазып Оқып жазып үйрендік. Сүйген өз қыз, өз ұлын Бөбегім деп аянбай Балабақшам өз үйім Апай болды анамдай.

Байжан:

Балабақша есігін

3- ке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Айзере:

Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық

Мұнда тұңғыш дос таптық