СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балабакшамен коштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценариииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии

Просмотр содержимого документа
«Балабакшамен коштасу»

Мектеп алды даярлық тобы

Ертеңгілік:

«Қош бол балабақшамыз!»



Тәрбиешілер: Жанбырбаева С.А.

Оспанова Г.А.

- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Балабақшамыздың телерадиокомпаниясы өз жұмысын бастайды. Бүгін жұлдыздарды қарсы алатын кеш. Барлықтарыңыз орындарыңызға жайғасыңыздар! Ортаға жұлдыздарды шақырайық.

Әуенмен балалар үш-үштен залға кіреді.

  1. инабатты қыз – Дильназ

  2. сері ұл - Құдайберген

  3. әнші қыз – Іңкәр



  1. ақылды қыз- Камила

  2. тәртіпті ұл –Әділет

  3. инабатты қыз – Зара



  1. алғыр ұл - Әблулазиз

  2. биші қыз - Әдия

  3. момын ұл - Алдияр



  1. ақылды қыз – Назым

  2. өнерлі ұл – Әділхан

  3. көрікті қыз - Айлин



  1. сүйкімді қыз- Зарина

  2. білімді ұл –Акрам



  1. ізденімпаз қыз - Ясмин

  2. зейінді ұл - Ернар

  3. салмақты ұл - Альмансұр



Би : «Өмір гүлдері» (тәрбиешілермен)

Саян:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздерінен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Гүлсім:

Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен-аман бармысыздар.

Таусылмайтын ағытып ой арманың,

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.


Саян:
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол.

Тақпақтар.

Ернар:

Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз.

Айлин:

Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін.

Өсті міне бойымыз

Толды тағы ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Әділхан:

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегін

Туған Отан қуансын.

Әдия:

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.

Ән: « »


Бүгінгі кешке түлектерді құттықтап кішкентай бөбектеріміз келді. Ортаға қонақтарды шақырамыз.

Тақпақтар:

1-бала

Біз кішкентай баламыз,

Бақшамызға барамыз,

Білім алып өсеміз

Сендердей үлкеееен боламыз!


2-бала

Балабақша үйіміз,

Мында қуанып күлеміз,

Апайларды тыңдаймыз.

Ақылды бала боламыз.


3 бала:

Түлектерді құттықтап,

Қонаққа біз келгенбіз.

Зор денсаулық , көп ақыл

Сендерге біз тілейміз!


4 бала:

Жақсы оқыңдар мектепте,

Кілең бестік алыңдар!

Апайларды тыңдайтың

Тәртіпті бала болыңдар!



(бөбектер қолдарымен бұлғап залдан шығып кетеді)


Оркестр


Тақпақтар:

Акрам
Балабақша, балабақша,

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғаны,

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Зарина:

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Алдияр:

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана.

Іңкәр:

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.



Ән: «»



Көрініс: «Үй тапсырмасы»

Әкесі газет оқып отыр, анасы телефонымен отыр. Әпкесі компьютермен ойнап жатады. Әжесі мен немересі сыртта. Телефон шылдырлайды.

Анасы: Алло! Сәлем, құрбым, қалың қалай? (аяғын аяққа салып отырады, майысып) Дениз көрдің бе кеше? 103 сериясы болды ғой. Мен бұл серияны күнде көремін. Өте қызық. Сенде не жаңалық?

Баласы: (сөмкесін анасына көрсетеді):
- Анашым, шаршадым (маңдайын сүртеді) көп тапсырма берді бүгін. (сөмкесін тастай салады). Маған сабақ істеуге көмек берші.
Анасы тұрып сөмкені көтеріп көреді. – Балам, бара тұршы ана жаққа, сөйлесіп алайыншы мен қазір. Әкеңе бар!

Бала әкесіне барады.

Бала: - Әке, көмектесші маған (әкесіне береді сөмкесін). Мен өзім оқи алмаймын ғой!
Әкесі:  Балам, білесің бе, мына футбол құрғыр. Біздің команда тағы жеңіліп қалды (Ашулана кетіп қалады). Анаңа баршы, қолым бос емес.

Бала: - Әпке, әпке, маған көмектесші. Үй тапсырмасын қиын болып тұр. 

Әпкесі: Сосын, сосын. Өазір шұғыл жұмысым бар. Подружкаларыммен туған күнге барамын. Әжеге айтшы.

Бала: Әже!!!

Әжесі: Қошақаным менің, келе жатырмын.

Бала еркелеп: әже, мен шаршадым. Ұйқым келді.
Әжесі: Күнім-ау, қошақаным менің, үй тапсырмаң ше?

Бала: Сен істей салшы, шаршадым! (кетіп қалады)

Әжесі сөмкесін алады. Үстелге отырып сабақ оқиды.

Бала: Айтпақшы әже, менде ертен дене шынықтыру. Спорт киім апару керек. Апай ақ қағаз әкел деп еді.



Әжесі: Ой, жаным-ау, тезірек өссең екен!


Жүргізуші: Әрине, бұл бәрі әзіл. Баласы үшін жан беретін аналар мен әжелерге мың рахмет!

Ойын: «Мектепке барамын» (мектеп құралдарымен)

Жүргізуші:  Біздің жұлдыздарды орындауында би.



Би: «Қарындаштар»


Ән: «Қош бол енді, балабақшамыз»


Тақпақтар:

(Мамандарды құттықтайды).



Ясмин:

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

Ирина Вилюевнаға мың алғыс!



Әділхан:

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді қарайлап.

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын,

Гүлнар Қанатқызына көп рахмет!



Акрам:

Денсаулығы болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер,

Қамқоршымыз дәрігер.

Асем апай мен Райхан апайларға мың алғыс!



Дильназ:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен Лариса апайға мың алғыс!



Назым:

Күліп қарап ісімізге шаттанған,

Дәмді асымен жайған бізге дастархан.

Анамыздай аялаған біздерді

аспазшы әпкелердің мінезі бай дархан.



Құдайберген:

Қызық сабақ тренингтер өткізген,

Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.

Психолог Гузаль апай жайдары

Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.



Ернар:

Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған.

Бақыт апайға мың рахмет!



Альмансұр:

Спорт түрлерін үйреткен,

Апайымыз бар біздің

Үлкен рахмет айтамыз

Оксана Петровна апайға.



Ән: «»



Ортаға шығып Ясмин айтады:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қате болсақ кешірген

Барлығы:

Саян апай мен Гүлсім апайға мың рахмет!



Жүргізуші:

Жүргізуші: Әрине бұл да үлкен той ,тойларыныз құтты болсын!

Бір ата,бір ананың тірегіміз,

Бр болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда ,тірлік бар деген бабам.

Біздің жұлдыздарымызды марапаттау үшін ортаға әдіскерімізді шақырайық. Балаларды марапаттау (Дипломдар)



Жүргізуші:

  • Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектеріне ақ жол тілейміз.

  • Бүгінгі ерекше кешіміз шарықтау шегіне жетті. Барлықтарыңызға көп рахмет!






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!