СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балалар көркемсурет мектебіне арналған «Жас суретші қатарына қабылдау» кешінің сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий для художественной школы. Посвящение в ряды художников

Просмотр содержимого документа
«Балалар көркемсурет мектебіне арналған «Жас суретші қатарына қабылдау» кешінің сценарийі»

Балалар көркемсурет мектебіне арналған

«Жас суретші қатарына қабылдау» кешінің сценарийі


Қатысатындар: мектеп оқушылары, топ жетекшілері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар және 1 курсқа қабылданған мектеп оқушылары.

Кештің мақсаты: Оқушының жаңа ортаға келгенде өзінің тұлға екендігін, дарыны ерекше бала екендігін сезінуі, шығармашыл ортаға қалыптасуы, ата-ананың баласының табиғи қасиетін бағалауы және қамқор болуы, топ жетекшісі мен ата-ана, оқушы мен мұғалімнің байланысының тығыз болуы. Оқушының сурет салу кәсібіне қызығушылығын арттыру. Оқушыларды мектептің дәстүрімен таныстыру.

Дайындық: Мерекеге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитеті суретшілер тақырыбына әзіл-оспақ сипаттағы плакаттар мен суреттердің мереке күні жазылып, ілініп тұруын алдын ала қадағалауы керек. Олар бірінші курс оқушыларын қабылдау рәсімі өтетін залды ғана емес, сонымен қатар мектептің дәліздерін, баспалдақтарын безендіре алады. Мұның барлығы мұғалімдерге, оқушыларға, олардың ата-аналарына және шақырылған қонақтарға лайықты мерекелік көңіл-күйді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кешті өткізетін орын: Акт залы.

(фонында Маша мен аю мультфильмнен «Песня юного художника» 2.21 минут ойнап тұрады)

1-ші жүргізуші: Қымбатты 1 курс оқушылары! Құрметті ата-аналар, мектеп мұғалімдері!

2-ші жүргізуші: Сіздер бүгінгі "Жас суретшілер қатарына қабылдау» мерекесіне хош келдіңіздер!

1-ші жүргізуші: Біздің 1 курс оқушылары! Бүгіннен бастап сіздер біздің керемет суретшілер қатарына қосылдыңыздар!

2-ші жүргізуші: Қанекей! Біздің 1 курс оқушылармын құрметпен қарсы алайық! (1 курс оқушылары орындарынан тұрып сахна алдына шығады)

1-ші жүргізуші: Біздің «Жас суретшілерімізбен танысайық!» (Оқушылар өз аттарын кезекпен айтып, танысады)

2-ші жүргізуші: Құттықтау сөз ардагер ұстаз............беріледі.

1-ші жүргізуші: Ортамызға келген жас суретшілерді қатарымызға қабылдайық!( Топ жетекшілері мен ардагер ұстаздар оқушыларға төсбелгі мен телпек кигізеді.)

2-ші жүргізуші: Енді жас суретшілерді ант қабылдауға шақырайық! (Оқушылардың біреуі антты оқып шығады, қалғандары қосылып «Ант етеміз!» деп айтады)

1-ші жүргізуші: Қымбатты жас суретшілер! Біз сіздерге сенеміз! Біздің суретшілер еліне қош келдіңіздер! Сабақтарыңды жақсы оқып, үнемі шығармашылық көтеріңкі көңілде жүрулеріңізге тілектеспіз!

2-ші жүргізуші: Кәне орнымызға жайғасайық! (Оқушылар алдыңғы орындарға отырады)

1-ші жүргізуші: Ал, енді Суретші деген кім?

2-ші жүргізуші: Оны бізге өздері айтар? (Сахнаға 2 курс оқушылары шығады, тақпақтарын айтады. Олар бастарына телпек киіп, мойындарына шарф байлап, сәнді киініп шығады.)

1-ші оқушы: Суретші деген кім, білгіңіз келе ме?

2-ші оқушы: Суретші деген керемет дарын иесі!

3-ші оқушы: Суретшінің үнемі қолынан қаламы мен қағазы түспейді.

4-ші оқушы: Олардың сақал-мұрттары болады, басына үнемі телпек киіп жүреді. (Осы кезде сахнадан сақал-мұрты , басында телпегі бар, иығына этюдник асынған мұғалім жүріп өтеді. Оқушы соны меңзеп айтады.)

5-ші оқушы: Олардың шаштары ұзын, кекілдері бар, мойынында ұзын шарфигі болады. (Осы кезде сахнадан шашы ұзын, кекілі бар, қолына альбом мен қалам ұстаған , мойнында шарфигі бар сәнді киінген қыз мұғалім жүріп өтеді. Оқушы соны меңзеп айтады.)

1-ші оқушы: Олардың сумкасы қарындаш пен фломастерлерге толып жүреді. Және өшіргіш пен бояуға да толы болады.

2-ші оқушы: Олар үнемі әдемі де сәнді киініп жүреді.

3-ші оқушы: Бір бала дүкеннен керекті
Бояулар, қағаздар алыпты.
Бекіре, арыстан, үйректің —
Бәрінің суретін салыпты.

4-ші оқушы:Білмейді дей ме екен халықты,
Қоянды аң депті қауіпті.
Аспанға ұшырып балықты,
Жүздіріп қойыпты тауықты

5-ші оқушы:Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар .............,
мүсін жасап, қоймайды

1-ші оқушы:Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар ................, бояулармен ойнайды.

2-ші оқушы:Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар ..............,
кестелеп бір қоймайды.

(осыдан кейін балалар сахнадан түседі)

1-ші жүргізуші: Міне, біз енді білдік суретші деген кім екенін.

2-ші жүргізуші: Сахнада 4 курс оқушыларының өнерін тамашалаңыздар! («EIDark-Художник» әніне би билейді. 3.44минут)

1-ші жүргізуші: Қымбатты достар! Біздерге өнердің қыр-сырын үйрететін ұстаздарымызбен танысайық!(фонында музыка ойнап тұрады)

2-ші жүргізуші:

Жас болса да, Мейрамгүл мұғалім

Жаспын деп жасып тұрмайды.

Кеш өткізсе қуанып, барша жұртты жинайды,

Тәрбие беріп балаға, компьютерді меңгерген,

Презентация жасаудан, көп дипломды өңгерген!

Алдарыңызда Мейрамгүл Толымбекқызы!

(Мейрамгүл мұғалім орнынан тұрып, қол бұлғайды)



1-ші жүргізуші:

Мүсін деген өнерді,

Ержан мұғалім меңгерген!

Пластилиннен жасағаны

Ғажайыпқа тең келген!

Оқушылары өзінің қоржынына

Жарыстарда ең көп жүлдені өңгерген.

Алдарыңызда Ержан Серікханұлы!

(Ержан мұғалім орнынан тұрып, қол бұлғайды)


2-ші жүргізуші:

Саусағынан бал тамған

Балнұр мен Жанна мұғалім!

Құрақ көрпе тігудің

Хас шебері емес пе!?

Оқушылар үйреніп,

Тігінші болып кетсе егер,

Таң қалып біз қарар ек,

Біздің түлек демеп ше!

(Балнұр мұғалім мен Жанна мұғалімдер орнынан тұрып, қол бұлғайды)



1-ші жүргізуші:

Әділ мұғалім суретші

Ардагер деген аты бар.

Салған кезде портретті

Кез келген адам таң қалар!

(Әділ мұғалім орнынан тұрып, қол бұлғайды)


2-ші жүргізуші:

Сымбат мұғалім береді,

Кескіндеме пәнінен.

Тәртіп пен қатар оқуды

Қадағалап жүретін.

(Сымбат мұғалім орнынан тұрып, қол бұлғайды)


1-ші жүргізуші:

Адлет мұғалім хас шебер

Сурет пен қолөнер меңгерген,

Әли мұғалім екеуі бояумен салып тең келген.

(Адлет мұғалім мен Әли мұғалім орнынан тұрып, қол бұлғайды)


2-ші жүргізуші: Әрқашан мектеп үшін қызмет қылып, әр оқушыға мен мұғалімге жағдай жасап жүрген мектебіміздің директоры................. құттықтау үшін сөз кезегін береміз! (Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлейді)

1-ші жүргізуші: Енді біздің көңілді тапқырлар жарысын тамашалайық! (Осы кезде экраннан танымал суретшілердің атақты картиналары шығады, оқушылар солардың атауы, авторын айтып жарысады.)

2-ші жүргізуші: Алдарыңызда 5 курс оқушыларының дайындаған шеруін тамашалаңыздар! (Жоғары курс оқушылары топ жетекшілерімен бірге дайындаған танымал картиналарды бейнелеген оқушы шеруі шығады. Я.Вермеер «Жемчуг сырғалы қыз», Венсент Ван Гог «Айғай», Леонардо да Винчи «Мона Лиза», т.с.)

1-ші жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің шағын концерті. (Осы жерде мұғалімдер мен оқушылардың 3-4 концерттік номері болады)

2-ші жүргізуші: Осымен бүгінгі кешіміз соңына келді! Жас суретшілерге жақсы тілекпен, хош сау болыңыздар демекпіз! (Концерт біткен соң фотоға түсу рәсімі болады.)



Сценарийді жазған: ШҚО білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК «Балалар көркемсурет мектебінің» қосымша білім беру мұғалімі Турысбекова Нургул Суниятовна

Тел.8 705 549 3168

8(72 252) -9-21-89

[email protected]




ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Ералы көшесі №6үй

КМҚК «Балалар көркемсурет мектебі»

10.11.2021жыл